Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация



Pdf көрінісі
бет4/54
Дата12.05.2023
өлшемі1,34 Mb.
#92307
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
К.Б.Жақсылықова
Қ.И. Сәтбаев атындағы 
Қазақ ұлттық техникалық 
Зерттеу университетінің профессоры, 
педагогика ғылымдарының докторы
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ 
МӘСЕЛЕСІ
Аңдатпа. Ұсынып отырған мақалада мемлекеттік тілді ма-
мандыққа қатысты деңгейлеп оқыту мәселесі қарастырылады. 
Мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту тіл үйренушілердің жалпы, 
академиялық қатынас және іскери-кәсіби қатынас саласы бойын-
ша қатысымдық құзіреттілігін жеткілікті, базалық жеткілікті
базалық стандартты деңгейлерде қалыптастыруға мүмкіндік бе-
реді. Мемлекеттік тілді деңгейлеп оқытып, меңгерту ісінің соңғы 
нәтижесі оқу-әдістемелік кешеннің жасалу сапасына тікелей бай-
ланысты. Тілді деңгейлеп оқытуда үйренушілерге берілетін білім 
мазмұны оның оқу-әдістемелік кешінінде көрініс береді. Мақала-
да тілді деңгейлеп оқыту жүйесіне арналған оқу-әдістемелік ке-
шеннің икемділік, жүйелілік, сабақтастық, түсініктілік, тиімділік, 
өзектілік, танымдылық сияқты шарттарға негізделе жасалуының 
ұтымдылығы сөз болады.
Кілт сөздер: деңгей, мемлекеттік тіл, ұлттық стандарт, жүйе, 
сапа, құзыреттілік.
Қазақстан Республикасы Президенті мен үкіметі ұстанып 
отыр ған Тілдердің үштұғырлылығы саясатында мемлекеттік тіл-
дің қызметіне басымдылық беріліп отырғаны баршаға мәлім. Со-
нымен байланысты көптілді тұлғаның мемлекеттік тілді меңгеруі 
оның біліктілік сапасын көтеріп қана қоймайды, қазақша ғылым 
тілін, ресми іскери қарым-қатынас тілін дамытып, толыққанды 
қызмет етуіне, сонымен байланысты қоғамның линвистикалық 
интеллектуалдық әлеуетін арттыруға, елімізде адами капиталдың 
қалыптасып, жетілуіне өз үлесін қосады.


13
Бүгінгі күні мемлекеттік тілдің қоғамдағы қолданыс аясын 
кеңейту – мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналып 
отыр. Соған сәйкес мемлекеттік тіл саясатының басты бағытта-
ры мен оны орындау барысында жүзеге асатын негізгі міндеттер 
айқындалған.
Соның бірі – мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді 
оқытып-үйрету курстарын ашуды кеңейту және оны оқытудың 
жаңа технологияларын тәжірибеге енгізу. 
Еліміздің қоғамдық-әлеуметтік саласының барлық бағытын-
да қызмет істейтін маман, қазақстан азаматы, мемлекеттік тілді 
еркін меңгеріп, өмірдің кез-келген саласында, кәсіби бағытта өз 
ой-пікірлерін қазақша дұрыс, түсінікті жеткізіп, сауатты жаза 
білуі қажет. Осы жағдайға байланысты қазіргі уақытта мемле-
кеттік тілді жеделдете деңгейлеп оқытып үйрету ісі қолға алы-
нып, оның оқу-әдістемелік кешені жасалуда. Мемлекеттік тілді 
деңгейлеп оқыту мақсаты – мемлекеттік тілді оқытып үйретуді 
дүние жүзілік еуропалық стандарттық үлгілерге жақындастыру.
Мемлекеттік тілді деңгейлеп үйрету курсы үйренушілердің 
кәсіби салада, өндіріс орындарында, ғылыми ортада қазақша са-
уатты сөйлеу әдебі мен мәдениетінің деңгейін жетілдіруге бағыт-
талған. Тәжірибеде мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту А2 дең-
гейіне сәйкес Жеткілікті деңгей; В1 деңгейіне сәйкес Базалық 
жеткілікті деңгей; В2 деңгейіне сәйкес Базалық стандартты дең-
гейді қамтиды.
Мемлекеттік тіл бойынша білімдерін тексеруге арналған диа-
гностикалық тест және жеке сұхбаттасу жұмыстары нәтижесінде 
үйренушілер үш деңгейге бөлінеді. Мемлекеттік тілді деңгейлеп 
оқыту жүйесі деңгейлік тәсілді қолданатын Қазақстан Республи-
касының ұлттық стандартына сай жүргізіледі, соған байланысты 
курс төмендегідей деңгейлер бойынша іріктеледі: 
Жеткілікті деңгей, А2 деңгейіне сәйкес – «Жалпы қазақ тілі»
• Базалық жеткілікті деңгей, В1 деңгейіне сәйкес – «Академия-
лық қазақ тілі»
• Базалық стандартты деңгей, В2 деңгейіне сәйкес – «Іскерлік 
қазақ тілі»


14
«Жалпы қазақ тілі» – А2 деңгейіне сәйкес – курсты мемлекет-
тік тілді меңгеру талаптарына сай құрастырылып, өткізілген диа-
гностикалық тест бойынша қазақ тілінен білім көрсеткіші А1 – А2 
деңгейін көрсеткен үйренушілер оқиды. Бұл бөлімде грамматика-
лық және лексикалық материалдармен, сонымен қатар төрт түрлі 
сөйлеу әрекеттері: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым бойын-
ша үйренушілердің білім, білік және дағды деңгейлерін одан әрі 
ұштауға қажетті жұмыс (сөз тіркестерімен сөйлем, сөйлеммен диа-
лог, мәтін құрастыру және т.б.) жүйесін жүзеге асыру көзделеді. 
«Академиялық қазақ тілі» В1 деңгейіне сәйкес – курс сөйлеу 
тілінің ерекше қырын, яғни ғылыми еңбектер мен мақалалардың, 
ғылым тілін меңгертуді көздейді. Оған абстрактылы сөздермен 
қатар ғылыми терминология, сөйлемнің күрделі құрылымдары, 
тілдің ғылыми публицистикалық стилі мен жазбалары тән. Ака-
демиялық қазақ тілі курсы үйренушілердің төрт түрлі сөйлеу 
әрекеті бойынша тілдік дағдыларын одан әрі жетілдірумен қатар, 
академиялық міндеттерге зейін қою, оларды талдап, сыни ой еле-
гінен өткізу сияқты білігі мен дағдыларын дамытады. «Академия-
лық қазақ тілі» курсы келесідей негізгі бөлімдерді қамтиды:
Академиялық оқылым – іздеп оқу, ішінара қарап шығып оқу 
және мұқият оқу, оқығанын сыни ой елегінен өткізу; шолу, түйін-
деме немесе эссе жазу үшін қазақ тіліндегі әдебиеттерді оқып, 
олардың ішінен өзіне қажетті ақпаратты табу, оған оны қабылдау 
және өзіне қажетті мәліметті конспектілеу сияқты білігі мен дағ-
дысын дамытуға бағытталады.
Академиялық тыңдалым – алдына қойған мақсатқа жету үшін 
дәрісті тыңдау, тыңдағанын түсініп, қабылдау және өзіне қажетті 
мәліметті конспектілеу сияқты құзыреттілігін кешенді дамытуды 
көздейді.
Академиялық жазылым – ойын жинақтап жаза білу, мәтін құрас-
тыру, академиялық эссе, баяндама, мақала жаза білу сияқты акаде-
миялық жазба тілдік білігі мен дағдысын дамытуға бағытталады. 
Академиялық айтылым (сөйлеу) – семинарлар мен іскери кез-
десулерге қатысып, академиялық және кәсіби бағыттағы тақы-


15
рыптарда презентация немесе баяндама жасау, пайымдау, пікірта-
лаластарда өз ойын ортаға салу сияқты құзыреттіліктерін кешенді 
дамытуды көздейді.
Академиялық сөздікқор – академиялық лексиканы жете мең-
геріп, контекст бойынша арнайы лексиканы ажырата білу білігі 
мен дағдысын дамыту. Әр түрлі ғылыми еңбектерді оқу барысын-
да арнайы ғылыми лексика мен терминологияны меңгеру арқылы 
сөздік қорын кеңейтуге бағытталады.
Курстың негізгі міндеттеріне үйренушілердің ауызша және 
жазбаша тілін ғылыми академиялық қырынан дамытуға ар-
налған, оқу материалын конспектілеу, тақырып бойынша қажетті 
әдебиет терді табу, ғылыми мәтіндерді оқып, оны мазмұнын есте 
сақтау және қайта мазмұндауға машықтандыру сияқты әр түрлі 
жұмыстар жатады. 
«Іскерлік қазақ тілі» В2 деңгейіне сәйкес – қазақ тілі бойынша 
іскери қарым қатынасқа қажетті іскери кездесулерге дайындық, 
оны өткізу, презентация дайындау, іскери хат алмасу, келісім-
шартқа отыру және тағы басқа іскери, құқықтық құжаттарды 
құрас тыру сияқты қатысымдық құзыреттілікті дамытады. Бұл 
курста үйренушілер іскери терминологияны меңгеріп, іс қағазда-
ры мен іскери құжаттарды сауатты толтыру білігі мен дағдысын 
және сауатты дұрыс сөйлеу тілін жетілдіреді. Бұл курста, сонымен 
қатар, үйренушілерді мемлекеттік тілде іс қағаздары мен құжат-
тарды сауатты толтыру, жазу білігі мен дағдысына машықтанды-
руға да баса назар аударылады.
Республикада мемлекеттік тілді оқытып үйретуді ұйымдасты-
ру ісінің осылай қарқынды қолға алынуы ғалым-әдіскерлер ал-
дына оқыту мазмұнын, ұтымды оқу-әдістемелік кешенін жасау 
қажеттігі туралы мәселе қояды.
Ұсынып отырған мақалада мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту 
жүйесінің негізгісі болып саналатын оқу-әдістемелік кешенінің 
мазмұны туралы мәселе сөз болмақ.
Олай болса, қазіргі міндет тілді жаңа бағытта оқыту мазмұнын 
айқындап, оның оқу-әдістемелік кешенінің моделін жасау қажет. 


16
Мемлекеттік тілді деңгейлік жүйемен оқытып, меңгерту ісінің 
соңғы нәтижесі оқу-әдістемелік кешеннің жасалу сапасына ті-
келей байланысты. Мемлекеттік тіл бойынша тіл үйренушілерге 
берілетін білім мазмұны оқу-әдістемелік кешінінде көрініс бермек.
Мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту жүйесіне арналған ОӘК 
құрамына негізгі оқулық, үйренуші дәптері, әдістемелік нұсқау, 
аудио-видеоматериал енеді. Және олар әр деңгейдің (қара пайым, 
негізгі, орта, ортадан жоғары, жоғары, жетік) талабына сай жа-
салуы тиіс. Қазіргі уақытта республикада мемлекеттік тілді дең-
гейлік оқытуға арналған ОӘК біраз дайындалып, тәжірибеде 
жетістікпен қолданылып та жүр. Ол қуантарлық жай.
Оқу-әдістемелік кешеннің (ОӘК) сапасы оны құрастырушы-
лардың әдістемелік шеберлігіне байланысты. Бірақ соған қара-
мастан, тәжірибелі әдіскерлердің өзі ОӘК құрастыру барысында 
әлемдік әдістеме ілімінде қабылданған, ғылыми заңдылық, өл-
шем, ережелерді шарттарды басшылыққа алуы қажет. Сонымен 
қатар ОӘК тілді оқытып үйретудің қай деңгейіне, қандай мақсат-
та, қалай қолданылатынын және кімдерге арналатынын ескерілуі 
керек. Және қоғамдағы өзгерістерге сай ОӘК мазмұны әрдайым 
жаңартылып, толықтырылып, өзгертіліп отырғаны жөн.
Енді бұл жерде оқытушы мен тіл үйренуші еңбегінің негіз-
гі құралы және оқу ақпаратының негізгі көзі болып табылатын 
оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны мен құрылымы қандай шарт-
тарға сай болғаны жөн деген сұрақ туады. Біріншіден, ол тіл үй-
ренушінің мемлекеттік тілде белсенді қатынасқа түсуіне ықпал 
етсе, екіншіден, оның рухани, танымдық өресі кеңеюіне мүмкін-
дік жасауы тиіс. Атап айтқанда, деңгейлеп оқыту жүйесіне негіз-
деле жасалған оқу-әдістемелік кешеннің оқу үрдісіндегі рөлі мен 
орны келесі шарттарға сәйкес болуы тиіс: икемділігі, жүйелілігі, 
сабақтастығы, түсініктілігі, тиімділігі, өзектілігі, танымдылығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет