17
отыру қажет. Бұл тіл үйренушілердің материалды есте сақтауын,
оны түсінуін және нақтылы жағдайларда тәжірибеде қолдануын
жеңілдетеді.
ОӘК мазмұнының жүйелілігі – оның барлық элементтерінің
мазмұны логикалық байланыста болып, олар бірін-бірі толықты-
рып отыруында. Бұл тіл үйренушілерге тілді белгілі сабақтас-
тықта оқытуға, олардың оқу және өзіндік жұмыс жасау дағдысын
жүйелі түрде қалыптастыруға бейімдейді.
ОӘК мазмұнының сабақтастығы – оның құрамына енетін
барлық
элементтері, олардың мазмұны тілді оқытудың әр дең-
гейінде үйренушілердің игерген білімі мен іскерліктерінің өзара
байланысуына, бірін-бірі толықтыруына бағытталуында. Бұл, бір
жағынан, тіл үйренушілердің ертеректе игерген білімі мен іскер-
лігіне, екінші жағынан, алдыңғы деңгей бойынша игерген білімі
мен іскерлігіне сүйену арқылы жүзеге асады. Яғни, білімнің түр-
лі көздерінен алынған деректерді өзара сабақтастықта бір жалпы
тұтас жүйеге келтіруден тұрады.
ОӘК түсініктілігі – оның мазмұны тіл үйренушілер пайдала-
нуға түсінікті, қолдану мүмкіндігі кең, ықшам,
білім деңгейіне
сай болуында.
ОӘК тиімділігі – оның мазмұнының тіл үйренушінің өз
бетімен жұмыс жасауына, шығармашылық тапсырмаларды орын-
дауға қолайлылығында тіл үйренуде ізденушілік іске төселуіне
игі әсер етуінде.
ОӘК мазмұнының өзектілігі – оның құрамына енетін эле-
менттердің:
негізгі оқулық, дәптері т.б. құрылымы мен мазмұ-
нының ортақ өзегі, басты сүйенетін кілті болуында. Яғни ОӘК
құрамына енетін барлық элементтердің, олардың құрылымы мен
мазмұнының қай-қайсы да мазмұнды да мәнді бола келіп, солар-
дың ішінен біреуі жетекші рөл атқарады.
ОӘК мазмұны
Достарыңызбен бөлісу: