Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация


Қ.Балабеков Хэлибери Астана мектебінің  қазақ тілі мұғалімі  Мемлекеттік тілді оқытуда тиімді әдістерді



Pdf көрінісі
бет11/54
Дата12.05.2023
өлшемі1,34 Mb.
#92307
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54
Қ.Балабеков
Хэлибери Астана мектебінің 
қазақ тілі мұғалімі 
Мемлекеттік тілді оқытуда тиімді әдістерді 
қолдану жолдары
Тілді оқытуда ең басты нәрсе – ол лексикалық минимумды 
меңгерту және оның сөйлеу тілінде еркін пайдалана алу. Осы 
себепті тіл үйренушілерге лексикалық минимумды меңгерту 
жолы психолингвистикамен тікелей байланысты болуы тиіс. Бұл 
дегені міз – тіл үйренушіге сөздік қорды түрлі әдістерді қолдана 
отырып, астыртын түрде меңгерту. Сондай әдістердің тиімділері:
1. Сурет
2. Сөз сипаттамасы 
3. Сөз мағынасы
4. Қимыл-әрекет
5. Аударма
6. Тақырыптық кесте 
7. Сөздер жиынтығы 
8. Жасырын сөз арқылы түсіндіру
Ұсыныс
1. Белгілі бір лексикалық минимумдағы сөздік қорды меңгер-
туге арналған қосымша әдістемелік оқулық шығару. Аталған 
оқу лық негізгі оқыту оқулықтарына байланысты болмауы тиіс. 
Ол дегеніміз – әр түрлі авторлық оқулықпен оқыған тіл үйренуші 
қосымша әдістемелік оқулықтағы тапсырмаларды өз бетінше 
орындай алады. Себебі негізгі сөздік қор негізгі оқулықта мең-
герілген.
Грамматикалық минимум – тілдің қаңқасы. Тіл үйренуші өзі 
меңгерген сөздік қорды белгілі бір грамматикалық құрылым 
арқылы тілдік қарым-қатынасқа шығаруы тиіс. Ол үшін тілде-
гі грамматикалық минимум дайын күйіндегі құрылым ретінде 
берілуі тиіс. Сондай-ақ грамматикалық минимумды меңгертуде, 


37
ең алдымен, жаттығулар жүйесі орын алуы тиіс те, ал теориялық 
түсіндіру соңында жүруі тиіс.
Ұсыныс: 
1. Арнайы грамматикалық тақырыпқа арналған және грам-
матиканың қарым-қатынасқа жұмыс істеуіне көмек беретін қо-
сымша әдістемелік оқулық шығару. Оқулықта бір граммати-
калық құрылым бойынша көптеген тапсырмалар берілуі тиіс 
және тапсырмалар сол грамматиканың жан-жақты қолданысын 
кеңінен беруі тиіс. Аталған оқулық негізгі оқыту оқулықтарына 
байланыс ты болмауы тиіс. Ол дегеніміз – әр түрлі авторлық оқу-
лықпен оқыған тіл үйренуші қосымша әдістемелік оқулықтағы 
тапсырмаларды өз бетінше орындай алады. Себебі негізгі грам-
матикалық минимум негізгі оқулықта меңгерілген.
Қазіргі таңда тілді оқытуда және сабақ үрдісінде жұмыс істеу 
үстінде тап болатын қиыншылықтардың бірі – мәтін мәселесі. 
Себебі қазақ тіліндегі кез-келген мәтінді тіл үйренушіге түпнұсқа 
күйінде бере алмаймыз. Оның себептері:
1. мәтінде күрделі тілдік орамдар;
2. қиын грамматикалық құрылым;
3. мағынасы терең және жан-жақты лексикалық сөздер
кездеседі. Сол себепті қазақ тіліндегі мәтіндерді оқыту мәті-
ніне айналдыру керек. Ол үшін:
• Мәтінді өңдеу
• Мағыналас сөздермен алмастыру
• Сөйлемдерді қысқарту
• Грамматиканы ықшамдау
• Сурет пайдалану
• Қызық мәтіндер табу жұмыстарын қолға алу керек.
Ұсыныс:
Өңделген тақырыптық мәтіндер жинағын шығару. Ол үшін:
1. Белгілі бір шығарманы алу
2. Деңгей бойынша өңдеу
3. Бір деңгейде бірнеше автордың шығармасы болуы мүмкін.
4. Деңгейге бөлу А1- С1 ге дейін


38
5. С1 деңгейінде мәтіннің түпнұсқасы беріледі.
Аталған жинақ тек ересектер емес, сонымен қатар мектеп 
оқушыларына да арналып шығарылуы тиіс. Осы жұмыстың арқа-
сында қазақ тілін үйренушілерге қазақ әдебиетін насихаттау және 
оқыту мүмкіндігі туады.
Тыңдалым – тілдің мазмұнын түсіну, сол арқылы өз ойын біл-
діруге арналған әдістердің бірі. Соған байланысты, қазіргі таңда 
қазақ тілін оқытуда тыңдалым материалдары аздау, болған күнде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет