46
«Ми шабуылының» алгоритмі
1. Қатысушыларға талқылау үшін белгілі бір тақырыпты сұрақ
арқылы беру.
2. Осы мәселе бойынша өзінің ойын айтуға ұсыныс жасау.
3. Айтылғандардың барлығын жазу (олардың бәрін қарсылық-
сыз қабылдау керек). Егер сізге ол түсініксіз
болатын болса, ай-
тылғандарды қайталап анықтауға жол беріледі (кез-келген жағдай-
да идея қатысушының аузынан қалай шықса, солай жазылады).
4. Барлық идеялар мен талқылаулар айтылып біткеннен кейін,
берілген тапсырма қандай болғанын қайталау керек және қаты-
сушылардың сөзінен сіз не жазып алдыңыз,
соның барлығын
тізіп шығу керек. Негізгі керекті ойды түйіндеу.
5. Қатысушылардың пікірі бойынша алынған нәтижеден қандай
қорытынды жасауға болатынын және тренингтің тақырыбымен
байланысты оның қалай болатынын сұрай отырып,
жұмысты
аяқтау қажет. Бізге пікірдің қорытындысы не беретінін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: