49
Қатысушылар (ерікті түрде) өткізілген жаттығулар, ақпарат-
тық блок, нақты күн немесе барлық тренинг бойынша өз ойларын
айтуды ұсынады.
Әрқайсысының сезімдері мен
қобалжуларына назар аударып
отыру маңызды.
Барлық айтылған пікірлер тренерлер тарапынан да, басқа қа-
тысушылар тарапынан да үнсіз, даусыз, түсініктемесіз және
сұрақсыз тыңдалуы тиіс. Әрбір сөйлеушіге айтқандары үшін
алғыс айт қан дұрыс. Басқалармен тең дәрежеде тренерге де кері
байланыс ұсынған дұрыс.
Оқудың интерактивті әдістерін пайдаланудың жағымды сәт-
тері немен тұжырымдалады?
Интерактивті әдістерін пайдалану кезінде оқытушының рөлі күрт
өзгереді, ол тек қана процестерді реттеп отырады және оны жалпы
ұйымдастырумен айналысады, қажетті
тапсырмаларды алдын ала
дайындайды және сұрақтарды немесе топтарда талқылауға арналған
тақырыптарды қалыптастырады, кеңестер береді,
белгіленген
жоспардың орындалу тәртібі мен уақытына бақылау жасайды.
Оқудың интерактивті әдістерінің артықшылығы қандай? Ең
алдымен, интерактивті әдістер:
* тіл үйренушілердің қызығушылығын туғызады;
* әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңей-
теді;
* әрбір тіл үйренушілердің
сезіміне назар аударады;
* оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;
* кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жү-
зеге асырады;
* тіл үйренушілердің пікірлері мен қарым-қатынастарын қа-
лыптастырады;
* өмірлік
машықтарды қалыптастырады;
* мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.