мен «диплом алды»



бет10/22
Дата28.09.2022
өлшемі90,76 Kb.
#40577
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Дағдысын қалыптастырады:
АҚ 1. Арнайы кәсіптік білімді физика пәні бойынша формалар мен оқыту құралдарын, қазіргі заманғы әдістерді, тәсілдерді, оқу-әдестемелік кешенді қолдана білу.
АҚ 2. Негізгі ұғымдар мен терминдерді, әртүрлі объектілер мен нақты құбылыстар арасындағы қатынастар мен байланыстарды ашатын ғылым заңдарын білу.
АҚ 3. Физика пәнін оқыту әдістемесін меңгеру;
АҚ 4. Мұғалім мен білім алушының портфолиосының мазмұның жинақтау әдістерін меңгеру.
АҚ 5. Оқу ақпаратын модельдеу әдістерін меңгеру.
АҚ 6. Ақпараттық оқыту ортасын құрастыра білу.
АҚ 7. Оқу сапасының мониторингін жүргізе білу.

4.3 ТӘЖІРИБЕНІҢ МАЗМҰНЫ
1. танысу. Тәжірибе базасымен, мектеп әкімшілігімен, ережесімен танысу. Мектеп құжаттарымен, оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау жүйесімен танысу. Физика мұғалімнің жұмыс жоспарымен танысу.
Сынып ұжымы туралы толық ақпарат жинақтау. Зерттеу әдістерін пайдалану: әңгімелесу (пән мұғалімдерімен, сынып жетешісімен, осы сыныпта сабақ беретін педагогтармен); әдістемелік бірлестік жұмысын зерттеу (отырыстарға қатысу және құжаттарды талдау); бақылау (оқу жұмысында және тәрбие жұмысында); физика бойынша білім алушылардың шығармашылық жұмыстарын зерттеу; сынып ұжымын психологиялық педагогикалық зерттеу. Күнтізбелік- тақырыптық жоспар құру және бекіту


2. Сабақтарға қатысу, бақылау. Физика пәні мұғалімінің сабақтарына қатысып бақылау және талдау. Мектеп жетекшісінен кеңес алу, оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру, оқушылардың ата аналарымен жұмыс жүргізу. Физика пәні бойынша қысқа мерзімді жоспарын, көрнекіліктерін, дидактикалық материалдарын өзбетімен даярлау, бекіту.
3. Физика пәні бойынша сабақтар, сыныптан тыс шаралар, тәрбие сағаттарын өткізу. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. Сабақтар өткізу әдістемесі бойынша жетекшіден кеңес алу. 5-9 сынып аралығында сабақтарды өзбетімен жоспарлау. Өткізілген сабақты машықкердің өзіндік талдауы мен жетекшінің талдауынан соң, қорытынды бағасын қою.
Пән бойынша сыныптан тыс шараны өткізуге даярлау барысында машықкер сыныпты зерттеп, оның физикалық дайындығын және шығармашылық мүмкіндіктерін зерттейді. Сыныптың ерекшеліктеріне, қызығушылықтарына басты назар аударады. Алынған мәліметтерді пайдалана отырып, сыныптан тыс шараның толық конспектісін жасайды, шараны өткізеді.
Сынып жетекшісінің көмекшісі ретінде- сынып жетекшісі міндетін атқарады. Сынып сағаттарын (жоспармен анықталған), сынып оқушылармен әңгімелер, конференция, ұйымдастыруға қатысады. ата-аналар жиналысын қатысып, тақырыптық жиналыс өткізуге ат салысады. Оқушылармен жеке жұмыс жүргізеді. Педагогикалық кеңес жұмысымен танысу және физика пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жұмысына қатысады.
Тәжірибе барысында пән бойынша 50-100 сабақ өткізеді, оның ішінде 5 сыныптан тыс ашық сабақ (шара), 5 тәрбие сағаттарын өткізу. Барлық сабақ мұғаліммен талданып, бағаланады, күнделікке жазылады. Мұғалім портфолосы мазмұнын жаңарту.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет