мен «диплом алды»



бет3/22
Дата28.09.2022
өлшемі90,76 Kb.
#40577
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
ПРАКТИКА мт МЕТОДИЧКА (1)

2.ТӘЖІРИБЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУ.
Тәжірибе 7-9 сынып аралығында өткізіледі. Тәжірибе бағдарламасының орындалуын және оның сапалы өткізілуін тәжірибе меңгеруші қадағалайды. Тәжірибе жетекшісі- колледжден физикадан арнайы пәндер оқытушысы және базалық мектепте жетекші –физика пәні мұғалімдері тағайындалады. Педагогикалық тәжірибенің өткізу мерзімі мен тәртібі колледждің оқу жоспарымен, ал оның мазмұны-берілген бағдарламамен анықталады.
Колледж жетекшісінің міндеттері:



  • мектеп мұғалімдерін тәжірибе мақсаты мен мазмұнымен таныстырады;

  • машықкерлерді тәжірибе базасы-мектептерге бөледі;

  • байқау мен сынақ сабақтарына қатысып, талдайды және бағалайды;

  • мектеп мұғалімдерімен тәжірибе барысы жайлы мәлімет алмасады;

  • апта сайын студенттердің іс-әрекетін бақылайды;

  • тәжірибенің өтілуі туралы жазбаша есеп дайындайды (қосымша 15) ;

  • бекіту мен қорытынды конференцияны ұйымдастырады (қосымша 16).

Мектептен тәжірибе жетекшісінің міндеттері:

  • әр машықкердің тәжірибе бағдарламасын орындауын қадағалау;

  • машықкердің сабақ өткізу кестесін құру;

  • байқау және сынақ сабақтарының жоспарын тексеру, кеңес беру;

  • байқау және сынақ сабақтарына қатысу және талдау;

  • мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдер, колледж жетекшісі мен машықкерлердің қатысумен бекіту және қортынды конференция өткізу;

  • жетекшіге тәжірибенің өткізілуі туралы жазбаша есеп беру, онда машықкердің тәжірибелік даярлығын жетілдіру жөнінде ұсыныстар көрсетеді.

Машықкердің міндеттері:

  • машықкер тәжірибе барысында мектептің педагогикалық ұжымының мүшесі болып табылады, ішкі тәртіп ережелерін сақтау міндетті;

  • тәжірибе барысында машықкер жетекшіге, мектеп әкімшілігіне және пән мұғаліміне бағынады;

  • машықкер мектепте 6 сағат көлемінде жұмыс істейді, мектепке сабақтың басталуына 15-20 минут қалғанда келеді;

  • машықкер тәжірибе барысында педагогикалық кеңеске, физика пәні мұғалімнің әдістемелік отырысына қатысады;

  • машықкер сабақ өткізу кестесін мұғаліммен келісе отырып құрады және жетекшіге тапсырады;

  • машықкер сабақтар мен сыныптан тыс шараны, 2-3 күн бұрын мектеп жетекшімен бекітілген, жоспармен өткізеді;

  • машықкер мұғалімге кабинетті жабдықтауда, көрнекі құралдарды даярлауға көмек көрсетеді;

  • машықкер күнделікті уақытылы толтырып отыруға міндетті.

Тәжірибе тапсырмалары толық орындалмаған жағдайда қортынды баға қойылмайды. Ауырып қалған жағдайда медициналық құжат тапсырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет