2.ТӘЖІРИБЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУ. Тәжірибе 7-9 сынып аралығында өткізіледі. Тәжірибе бағдарламасының орындалуын және оның сапалы өткізілуін тәжірибе меңгеруші қадағалайды. Тәжірибе жетекшісі- колледжден физикадан арнайы пәндер оқытушысы және базалық мектепте жетекші –физика пәні мұғалімдері тағайындалады. Педагогикалық тәжірибенің өткізу мерзімі мен тәртібі колледждің оқу жоспарымен, ал оның мазмұны-берілген бағдарламамен анықталады.
Колледж жетекшісінің міндеттері:
мектеп мұғалімдерін тәжірибе мақсаты мен мазмұнымен таныстырады;
машықкерлерді тәжірибе базасы-мектептерге бөледі;
байқау мен сынақ сабақтарына қатысып, талдайды және бағалайды;
мектеп мұғалімдерімен тәжірибе барысы жайлы мәлімет алмасады;
апта сайын студенттердің іс-әрекетін бақылайды;
тәжірибенің өтілуі туралы жазбаша есеп дайындайды (қосымша 15) ;
бекіту мен қорытынды конференцияны ұйымдастырады (қосымша 16).
Мектептен тәжірибе жетекшісінің міндеттері:
әр машықкердің тәжірибе бағдарламасын орындауын қадағалау;
машықкердің сабақ өткізу кестесін құру;
байқау және сынақ сабақтарының жоспарын тексеру, кеңес беру;
байқау және сынақ сабақтарына қатысу және талдау;
мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдер, колледж жетекшісі мен машықкерлердің қатысумен бекіту және қортынды конференция өткізу;
жетекшіге тәжірибенің өткізілуі туралы жазбаша есеп беру, онда машықкердің тәжірибелік даярлығын жетілдіру жөнінде ұсыныстар көрсетеді.
Машықкердің міндеттері:
машықкер тәжірибе барысында мектептің педагогикалық ұжымының мүшесі болып табылады, ішкі тәртіп ережелерін сақтау міндетті;
тәжірибе барысында машықкер жетекшіге, мектеп әкімшілігіне және пән мұғаліміне бағынады;
машықкер мектепте 6 сағат көлемінде жұмыс істейді, мектепке сабақтың басталуына 15-20 минут қалғанда келеді;
машықкер тәжірибе барысында педагогикалық кеңеске, физика пәні мұғалімнің әдістемелік отырысына қатысады;
машықкер сабақ өткізу кестесін мұғаліммен келісе отырып құрады және жетекшіге тапсырады;
машықкер сабақтар мен сыныптан тыс шараны, 2-3 күн бұрын мектеп жетекшімен бекітілген, жоспармен өткізеді;
машықкер мұғалімге кабинетті жабдықтауда, көрнекі құралдарды даярлауға көмек көрсетеді;
машықкер күнделікті уақытылы толтырып отыруға міндетті.
Тәжірибе тапсырмалары толық орындалмаған жағдайда қортынды баға қойылмайды. Ауырып қалған жағдайда медициналық құжат тапсырылады.