мен «диплом алды»


БАЙҚАУ САБАҚТАРЫ ТӘЖІРИБЕСІ



бет4/22
Дата28.09.2022
өлшемі90,76 Kb.
#40577
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
ПРАКТИКА мт МЕТОДИЧКА (1)

3. БАЙҚАУ САБАҚТАРЫ ТӘЖІРИБЕСІ
Физика мұғалімдерін кәсіби даярлау жүйесінде «Байқау сабақтары» педагогикалық тәжірибесі маңызды орын алады. Тәжірибе оқудың ІІI курсында: 5 семестрде (3 апта) және 6 семестрде (6 апта) жоспарланған. Бұл тәжірибеде машықкер 7-9 сынып аралығында бекітілген сыныпта сабақ береді, оқушыларымен жұмыс істейді және пән бойынша сыныптан тыс шара өткізеді.


3.1 МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ
Мақсаты: машықкерлерді физика мұғалімінің педагогикалық қызметіне дайындау.

Міндеттері:

  • Машықкерлерге оқу үрдісін бақылау және оның нәтижелерін талдау біліктерін қалыптастыру.

  • Физика мұғалімінің ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарларымен танысу;

  • Машықкердің оқу жұмысын ұйымдастыру іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру;

  • Машықкер сабақты өткізудің әдіс-тәсілдерімен қаруландыру және мектеп оқушыларының оқу қызметтеріне басшылық жасау, олардың жас және дара ерекшеліктерін білу.

3. 2 ПӘНДІ ОҚЫТУДА ЖОСПАРЛАНАТЫН НӘТИЖЕ
Тәжірибе соңында машықкер біледі:

  • Физика пәні бойынша ұзақ және орта мерзімді жоспарлардың мазмұны мен құрылымын;

  • Оқытудың белсенді әдістерін;

  • Сабақта АКТ-ны қолдану жұмыстарын жоспарлау;

  • Жаңартылған білім аясындағы сабақ түрлерінің құрылымы мен мазмұнын;

  • Критериалды бағалау түрлерін және ерекшелігін;

  • Үй тапсырмасының түрлерін, көлемін;

  • Пән бойынша сыныптан тыс шаралардың мақсаты мен міндетін анықтау;

  • Психологиялық тренинг өткізу мазмұны мен әдістемелерін.

Меңгереді:

  • Физика пәні мұғалімінің оқу- тәрбие қызметін бақылау мен талдауды;

  • Физика пәні бойынша сабақтар өткізу және физикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұымдастыру;

  • Пән бойынша қысқа мерзімді жоспар құруды;

  • Тапсырмаға дескрипторлар құру және қолдануды;

  • Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақты өткізудің тиімді әдістері мен тәсілдерін таңдауды;

  • Әдістемелік құралдар және оқулықтармен жұмыс жасау, дидактикалық материалдарды тиімді қолдану;

  • Сабаққа қажетті көрнекі құралдарын жасау және қолдану;

  • АКТ құралдырды пайдалану;

  • Құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды құру және қолдануды;

  • Оқушылармен зерттеу және жобалау жұмыстарын ұйымдастыруды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет