Мен нақ осы сауал ту ра



жүктеу 0.7 Mb.

бет4/6
Дата15.03.2017
өлшемі0.7 Mb.
1   2   3   4   5   6

келген жерде аң аулап, құс атуға бола ма?

Самат ҚАСЫМОВ,

 Қостанай облысы

сондай-ақ оқ-дәрімен атылатын 

қару ұстауға ішкі істер орган-

дарының рұқсаты болуы қажет. 

Аңшылық жолдамасын 

барлық қалалық және аудандық 

аңшы мен балықшы қоғамда-

рынан алуға болады. 

Аңшылық ережесін бұзғаны 

үшін әкімшілік және қылмыстық 

жазаға тартылатынын есте 

сақтаған жөн. Мәселен, жыл 

басынан бері ел аумағында 28 

браконьерлік фактісі тіркелген. 

Олардың төртеуі ғана мемлекетке 

26 млн теңге шығын келтірген. 

генің өнімін өндірді. Бұл өткен жылдың 

алты айындағы көрсеткіштен 2,3 пайызға 

артық. Өңдеу өнеркәсібінде де өрлеу бар. 

Былтырғы сәйкес кезеңнен 4,3 пайызға 

көп орындалған. Өңірде индустриялық-

инновациялық бағдарлама аясында жа-

салып жатқан жұмыстар саны біраз. Ма-

ман дар бұл бағытта тоғыз жоба қолға 

алын ғанын айтады. Бүгінгі күнге дейін төр-

теуі елдің игілігіне айналып үлгерген. Нәти-

же сі көңіл тоғайтарлық. Одан басқа да 

жо балар жүзеге асуда. Олар еліміздің ин-

дустрияландыру картасына енгізілмесе де, 

жұрттың көңілінен шығатын іргелі істер 

саналады. Осындай жеті жобаның жалпы 

құны 554,5 млн теңгені құрайды. Осының 

нәтижесінде қаншама кіріс кіріп, толайым 

табыс қазына қоржынын толтыруда. Көп-

ші ліктің екі қолға бір кәсіп тауып жатқаны 

тағы бар. 

Сыр елінің энергетика саласында да 

айтарлықтай жұмыстар баршылық. Соңғы 

екі-үш жылға дейін облысты электрмен 

жабдықтауда түйткілдер көп еді. Желілер 

әбден ескірген. Оны жаңартуға қол қысқа-

лық етті. Бұл сала бұрын жекеге өтіп кеткен-

ді. Жергілікті басшылық мекемені қайтадан 

мемлекеттік меншікке алып, саланы 

дамытуға қомақты қаржы қарастырды. 

Биылғы жылы облыстың барлық ауданында 

электрмен жабдықтау жүйесін дамытуға 

мән беріліп отыр. Алдымен аудан орталы-

ғынан басталатын істер кейіннен ауылдық 

жерлерде де жалғасын табады. Мамыр 

айында Шиелі кентінде қосалқы стансыны 

жаңғырту шаралары бастау алды. Облыс 

орталығында «Қызылорда қаласының 

жылу-қуат көздерін және жеке тұрғын үй 

секторын ілеспе газға көшіру» жобасы жү-

зеге асуда. Аймақта тұрғын үй құрылысы 

жө нінен де ерекше қарқын байқалады. Бү-

гінгі күнге дейін облыс көлемінде жалпы 

АЙМАҚТЫҚ ДАМУ

Cыр өңірі өркендеп келеді

Бұрынғы жылдарда аграрлық салаға 

арқа сүйеген Қызылорда облысы да жыл-

дар жылжыған сайын өндірісті өңірлер 

қата рына қадам басып келеді. Осындай 

кө рікті істерді облыстың әлеуметтік-эко но-

микалық көрсеткіштеріне көз салғанда 

көре аламыз. Қазір елдің әлеуметтік-эко-

номикалық жағдайы жақсарған. Күнделікті 

тір шілік ауаны да соны аңғартады. Ілгеріде 

шикізат еліміз дейтін едік. Дәл осы күндері 

іргелі кәсіпорындар тұсауын кесе бастады. 

Ол бағытта маңызды бағдарламалар қа-

был данған. Барлығы да елдің игілігі үшін 

ат қарылып  жатыр. 

Үстіміздегі жылдың алғашқы жарты-

сын да қызылордалықтар 532 млрд тең-

Қазақ елінде жанды 

жадырататын жағымды 

жаңалық жетерлік. Түтініміз 

түзу ұшқан жиырма жылда 

талай істі атқардық. Оны 

халықтың көзі көрді, бағасын 

берді, игі шаруаның ұзағынан 

сүйіндіруіне үміт артты. Жа-

ғым ды істер жалғасып жатыр. 

Кө ңілге көрікті ой қонақ етер 

жұ мыстар баршылық. Жұрт 

оны жыл сайын көзбен көріп 

жүр. Қашаннан да тәубешіл 

ха лықпыз. Шүкірлік етеміз. 

Өт к енге жарқын жүзбен көз 

са ла мыз.  Келешекке  үлкен 

сенім мен үміт артамыз. Қа-

зақстанның жұмыр жердегі 

бе делі биік болуы бәрімізге 

де абырой емес пе? 

ала ңы 91161 шаршы метрді құрайтын 

пәтерге кіргендер құтты қоныс тойын той-

лады. Бұл көрсеткіш те былтырғы жылдың 

ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18 пайызға 

жоғары. 


Ұзақ жылдан бері облыстың негізгі тір-

шілік көзінің біріне айналған ауыл шаруа-

шы лығы саласында да ілгерілеу көрініс 

бе ріп отыр. Қуаныштысы, аймақтың аграр-

лық тіршілігінің қан тамыры бүлкілдеп со-

ғып жатыр. Ағымдағы жылдың алғашқы 

жар тысында былтырғы дәл осы кезеңнен 

40 пайызға артық өнім өндірілді. Соның 

арқасында 7 млрд теңгеден астам өнім 

елдің игілігіне айналды. Ауыл шаруашы-

лығын қолдау мақсатында 3 млрд теңгеден 

артық қаржы құйылды. Агроөнеркәсіп ке-

шенінде жаңадан ашылып жатқан кәсіп-

орын 


дар баршылық. Облыстық ауыл 

шаруашылығы басқармасының мәліметіне 

сүйенсек, биыл 12 өндіріс орны іске қосы-

ла ды. Бүгінгі күнге дейін олардың бірша-

ма сы өз жұмысын бастап та кетті. Бұл жо-

ба лардың жалпы құны 704 млн теңгені 

шамалайды. Сондай-ақ іске қосылған бес 

жобаның пайдасы көп. Мәселен, бұрын 

облыста жылыжай мәселесі кемшін түсіп 

жүрген еді. Ендігі кезекте 24 жылыжай 

жер гілікті жұртты арзан өнімдермен қамта-

ма 


сыз етуге септігін тигізетін болады. 

Сонымен қатар күріш қалдығынан биоотын 

өндіру де көп жылдан бері айтылып жүрген 

мәселе саналатын. Атап айтарлығы, биыл-

ғы жылы Қазалы ауданында сүт өңдеу 

зауы ты кәдеге жарады. Оны «РЗА» акцио-

нер 

лік қоғамы қолға алды. Ол аймақ 



жұртшылығын сапалы сүт өнімдерімен 

жабдықтауға жол ашып отыр. Қазіргі таңда 

аталмыш зауыттан шыққан өнімдер 

Байқоңыр қаласы мен Арал, Қазалы, Қар-

мақшы аудандарын қамтамасыз ете бас-

тады. Келешекте ол облыс аумағына толық 

жет кізіледі. Сыр өңірінде балық шаруашы-

лығын дамытуға да мән берілуде. Әрине, 

ол үшін ең алдымен ғылыми-зерттеу 

жұмы сының мәні ерекше. Облыс басшы-

лығының қолдауымен 13 көлде осындай 

тірліктерді атқару мен биологиялық не гіз-

де ме дайындауға қаржы бөлінді. Аталмыш 

негіздеме дайын болғаннан кейін мол 

мүмкіндікке жол ашылады деп күтілуде. 

Соның арқасында тауарлы көл шаруа шы-

лықтарында балық шабақтарын өсіруге 

жағдай жасалмақ. Оған республи калық 

бюджеттен субсидия алуға бола ды. 

Облыста жұмыссыздар деңгейі де 

төмендеп келеді. Былтырғы жылдың алты 

айымен салыстырғанда биылғы дәл сол 

кезеңде екі қолға бір кәсіп таба алмай 

жүрген жандар 1,3 мың адамға азайған. 

Аймақтың әлеуметтік тіршілігінде де игі 

істер атқарылды. Сыр өңірі еліміз бойынша 

мәдениет, денсаулық сақтау, спорт және 

қоршаған ортаны қорғау, білім беру 

салаларында алдыңғы қатардан көрініп 

отыр. 


Қызылорда облысы. 

СҰХБАТ


– Қайыржан мырза, 2-3 жылдан 

бе рі жыр болып келе жатқан Үрімжідегі 

виза мәселесі қашан оңтайлы шешімін 

та бады? Әңгімені осыдан бастасақ...

– Бұл қызметке жақында ғана кірістім. 

Үрім жідегі виза мәселесінің 2-3 жылдан 

бері күрделеніп кеткені жасырын емес. Бұ-

ған біздің қызметкерлердің жұмыс ба ры-

сын да кейбір мәселелерде кемшілік жі-

бер гені де себеп болғаны рас. Оған қоса 

қа 


рапайым жұртты алдап, ақша тауып 

отыр ған делдал ағайындар да бізді жаман 

атқа қалдырып отыр. 

– Делдалдың пайда болуына сіз-

дер 

дің тараптың жұмысты жүйелі 

жүр гізбеуі себепші болар... 

– Ол жағы да бар. Бірақ бар мәселені 

жұ мыстың жүйелі жүрмеуінен деп санауға 

бол майды. Мысалы, біздің мекеменің ма-

ңайын да осындағы қазақ ағайындар аш-

қан асхана да көп, жатақхана да көп. Бұ-

рын нан бері топтасып қалған делдал да 

бар шылық. Оларға ауылдағы қарапайым 

ағайынның виза сұрап осында сабылып 

жүр гені керек. Жатағына жатады, асха на-

сы нан тамақтанады. Ал делдалдар тым 

құрығанда қарапайым жұрттың виза сұрау 

қағазын толтырып ақша табады. Алыстағы 

ағайын сол делдалдардың «Қарттарға, 

жүк ті әйелдерге, ауру адамдарға кезексіз 

виза беріледі» дейтін алыпқашпа сөзіне 

сеніп, Үрімжіге келіп алады да, кезекке 

тұр май бірден виза беруді сұрайды. Сонда 

талайдан бері әртүрлі себептермен кезекке 

тұрып алған қалың ағайынды ысырып 

қойып, кезексіз келе қалған біреуге виза 

бер геніміз қай қисынға саяды?! Тіпті ме ке-

ме міздің алдына босанғалы жатқан әйелін, 

аурудан қиналып жатқан әкесін әкеліп 

тастаған ағайындар да болды. 

– Мұның барлығы кезектің көп ті гі-

нен болатындығы анық. Сондықтан ең 

алдымен кезек мәселесін шешуді қолға 

алу керек шығар... 

– Дұрыс айтасыз. Бұған дейін қызметкер 

са нының жетiспеуiнен, визалық жұ мыс-

тар ға қажеттi электронды жабдықтардың 

кем шiлiгiнен, делдалдардың әртүрлi жол-

мен жұмыс iстеуiнен қалың ағайын кезекке 

тұрып, бір жыл бойы виза ала алмай қа-

ла тын да жағдай болған. Енді осы мәсе ле-

л ерді түбегейлi шешу үшiн біз Қазақстан 

Рес публикасы Сыртқы істер министрлігінің 

қолдауымен бірнеше шараны қолға алдық. 

Қазір күніне 200 адам қабылдаймыз. Сол 

ар қылы бұрынғы кезекті бітіріп, аяқтап 

шы  ғуды көздеп отырмыз. Істің басын өзi-

мiздiң жұмыс жүйемiздi ретке салудан бас-

та дық. Яғни бұрын виза алушыларды 2-3 

адам ғана қабылдап отырса, қазiр тұрақты 

қыз меткерлерiмiз бен уақытша көмекке 

кел ген қызметкерлердi жаппай жұмысқа 

салып, алты адамды қабылдауға шы ғар-

дық. Бұлардың iшiнде төртеуi Қазақстанға 

туыс шылай баратындарға виза берсе, қы-

тай тiлiн жетiк меңгерген екі азамат ша-

қыр ту бойынша қабылданатын басқа ұлт 

өкiл дерiн  қабылдайды. 

Екiншiден, электронды жүйемiздi жаң-

ғыр туға күш салдық. Бұрын қабылдаған 

пас порттарды электронды жүйеге енгiзетiн 

жабдығымыздың саны шектi болды. Қазiр 

сол кемшiлiктi шамамыздың келгенінше 

то лықтырып жатырмыз. Себебi бiз виза 

сұрағандардың өтiнiшiн қабылдап алған 

соң электронды жүйе арқылы Қазақ стан-

ның Сыртқы iстер министрлiгiне және ұлт-

тық қауiпсiздiк органдарына жiберемiз. 

Олар үш күн iшiнде жауап қайтарады. Осы 

жауап келген соң бiз виза беруге құ қы лы-

мыз, визаны бiр аптада беретiнiмiздiң се-

бебi осы. Бұрын 21 күн күттiрiп, елдi са-

рыл тқан кезiмiз болды. Бұдан былай ин-

тер  неттiк байланыс үзiлiп, электр желiлерi 

iс тен шығып қалмаса, елiмiздiң виза беру 

ережесiне сәйкес визаны бiр апта iшiнде 

беруге кепiлдiк етемiз. 

Үшiншiден, елiмiздiң құзырлы орын-

дарына ұлты қазақ Қытай азаматтарының 

Қазақ станға  туысшылай  бара тын да ры на 

бiр жылға көп мәрте виза беру тура-

лы өтi нiш бердiк. Себебi қазiр қол-

даныстағы жа ңа ережеге сәйкес, үш 

ай мерзiмге ғана үш мәрте виза 

берiледi. Олар үш айдан кейiн виза 

сұрап тағы келедi. Бұл бiз дiң жұ мы-

сымызды ауырлатып, ке зек тегi адам 

са нын көбейтiп қана қой май, шы-

ғын ды да арттырып жiбередi. Осы 

мә селенi шешу үшiн бiз бiр жыл ға көп 

мәр те виза берудi өтiнiш етiп жа тыр-

мыз. 

Төртiншiден, бiздiң қызметiмiз 



бен паспорттық-визалық орны мыз-

дың жағдайын таныстыру, халықтың 

бiз дің қызметіміз жөнiнде мағлұмат 

алуына қолайлы жағдай жасау және 

көп шiлiктiң бiздi бақылауына мүм кiн-

дiк тудыру мақсатында, қазақ, қытай, 

орыс, ағылшын тiлдерiнде сайт аш-

тық. Жұртшылық осы интернеттiк 

бай ланыс жүйесi арқылы виза алуға 

қан дай құжаттар керек, нендей шарт тары 

бар деген сияқты өздерiн ма 

за 


ла 

ған 


сұрақтарға тұшымды жауап тарын алатын 

болады. Бұл сайтқа бiз дiң суретiмiз, аты-

жөнiмiз, бай ла ныс телефон нөмiрлерiмiз 

толық  жа зыл  ды.  Мұны  жариялаудағы 

мақсат – ара дағы алаяқ делдалдардың 

елдi алдап, ақша табуына жол бермеу.

Бесiншiден, сол сайтқа визаға өтiнiш 

ет кендер кестенi қалай толтыруын үлгi-

сiмен шығарып қойдық. Олар басып шы-

ғарып алған соң, әркiм өз үйiнде оты рып, 

асықпай толтырып (қытай тiлiнде жә не 

қазақша кириллицамен толтыруға бо-

лады) әкелуiне болады. Қарапайым кестеге 

дейiн тәптіштеп сөз етiп отырғанымның се-

бебi, бiздiң жұмыс орнымызды торыған 

дел далдар бiз тегiн беретiн сол кестенi 

ауыл дан келген ақкөңiл ағайындарға 1 

юаньнан 30 юаньға дейiн саудалайды 

екен. Ал толтыруға көмектессе, одан да 

қым бат ақы сұрайтын көрiнедi. Ал тын шы-

дан, көп желiлi телефон жүйесiн iске қосып, 

азаматтардың телефон арқылы бiзден 

керектi мағлұмат алуына мүмкiндiк ту ғы-

за мыз. Бұл телефон қазақ, қытай, орыс 

және ағыл шын тiлдерiнде жұмыс iстейдi. 

Теле фон жалғанған соң қажеттi тiлдi таң-

да са ңыз, қажетті дерек алуыңызға әбден 

қо лай лы.



– Қазақстанда тікелей туыстары 

бар азаматтардың виза алу мәселесі 

қалай қарастырылады?

– Кезінде Қытайдан көшiп барған, қазiр 



Делдал құрықталмай, жұмыс дұрысталмайды

Қазақ стан азаматтығын қабылдаған жұрт-

тар да бізді көп мазалайды. Оларға ай та-

ры мыз: Қазақстанның көк паспортын кө-

терiп, пәлен туысыма кезексiз виза ашып 

бер деп, буынсыз жерден пышақ салуды 

қой ғаны жөн. Басқалай жағдаймен өз же-

ке басының қиындықтарына байланысты 

жәр дем сұрап келсе, оған көмек көрсетуге 

қа шанда дайынбыз. Бiрақ туыс-туған да-

рына виза аштыру үшiн бiзге келiп бай ба-

лам салудың қажетi шамалы. Өйткенi 

жұрт 

 

тың бәрi бiрдей. Әркiм өз кезегi 



арқылы кi редi. Сол қабылдау бойынша 

жұмыс бi тiремiз. Бұзып-жарып кимелеу – 

саналы аза 

маттарымызға жараспайтын 

қы лық. Ерекше жағдайлары барлар қажет-

тi құжат та рын көрсетсе, көмектесемiз.



– Сонда Қытайдағы қандастарымыз 

кезекке тұрмай виза алатын күнге 

қашан жетеді? 

– Кезектегi адам санының азаюына 

бай ланысты 8 маусымда жаңа кезектi бас-

тадық. Бiрақ бұрынғыдай беталды тiзiм де-

мей, оған да өзiмiзше белгiлеме шығардық. 

Яғни бiр паспорт иесiне бiрден, күнiне 150 

азаматқа (паспортқа) нөмiр бердiк. Әрi 

нө мiр берiлген күнi келетiн күнiн, қабыл-

да натын нақты уақытын түсiндiрiп отырдық. 

Визаға өтініш берген адам белгiлеме 

бойынша сол күнi келуi шарт. Келiсiлген 

күнi келе алмай уақытын бiр күн өткiзiп жi-

бер се де кезегi, алған нөмiрi күшiн жояды. 

Қазiргi жағдайға сәйкес осы рет кезектегi 

адам 

дар визасын алып болса немесе 



өтiнiш еткен адамның қатары сиресе, кезек 

алған күнi қабылдауды көздеп отырмыз. 

Бұл жерде тағы бiр ерекше ескертетiн жайт: 

бiр отбасынан (бiр тiркеу кiтап ша сын да-

ғылардан) бiр адам келсе жеткiлiктi. Қарт-

тарды, науқастарды сүйреп, екiқабат әйел-

дердi, шиеттей балаларды да әкелудiң 

қа жетi жоқ. Қалыптасқан қиындықтар тек 

уа қытша ғана. Уақыт өте келе халық бiздiң 

жұ мыс орнымыздың алдында кезек күтiп 

сабылмайтын болады. Айтқан уақытында 

келетiн, белгiленген күнi визасын алатын 

күн де алыс емес. Бiздiң қазiргi мақсатымыз 

осы. Дегенмен, виза кезегiне тiркеудi қайта 

жолға қоюымызға байланысты жақыннан 

берi жұмыс орнымыздың алдындағы адам 

саны күрт көбейдi. Елге барғысы ке-

летiндердiң көбейгенi жақсы ғой, әрине. 

Бiрақ түнiмен кезекке тұрып, кезекке тала-

сы п, төбелесiп жатқандары да кездеседi. 

Ал бiз дiң күнiне 150 адамға ғана кезек 

беруге мүм кiндiгiмiз бар. Әрi солардың 



Қайыржан СӘРСЕБАЕВ,

«Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы Үрімжідегі өкілдігі жанындағы паспорттық-визалық қызметінің бастығы:

тезiрек виза алуына жағдай жасау жағын 

қарас 

ты 


рып жатырмыз. Кезекке тiркеу 

нөмiрiн үстi-үстiне берiп, қалың адамды 

сарыл ту дың пайдасы жоқ. Сондықтан ел-

жұрт бiз дiң жұмыс тәртiбiмiзге түсiнiстiкпен 

қараса екен деймiн.

– Атажұртына оралғысы келген 

ағайынға виза беруде ақы төлеу жағы 

қалай қарастырылған?

– Біздің еліміз бірнеше жылдан бері 

Дү ниежүзіндегі ұлты қазақ азаматтарға те-

гін виза беру жүйесін қалыптастырды. 

Сон дықтан атажұртына ат басын бұрғысы 

келген ағайын алаяқ делдалдардың сөзіне 

сеніп, оларға ақша төлеп босқа шығын-

дан басын. Біз де делдалдарға ерік бермеу 

үшін жұмыс өнімділігімізді арттыруды қол-

ға алып отырмыз. Виза алуға келген 

ағайын  дардан  сұрайтынымыз,  өтірік-өсек-

ке сеніп, делдалдардың құрығына ілін бе-

ңіз дер. Қайта олардың біздің құрыққа ілі-

нуіне атсалысыңыздар. Қазір Қытай 

тарапының тиісті орындарымен келісімге 

келіп, ортадағы делдалдарды құрықтау 

жа 

ғын қарастырып жатырмыз. Делдал 



құрықталмай, жұмыс дұрысталмайды. Бұл 

анық нәрсе. Сондықтан ұлты қазақ аза мат-

тары төлқұжатын, жеке бас куәлігін, тіркеу 

кітапшасын әкелсе болғаны, визаның тегін 

берілетінін естен шығармағаны жөн. 

– Жалған виза жасағандар да анық-

тал ды дегенді құлағымыз шалып қал-

ды. Бұл анықталған жағдай ма? 

– Мұныңыз рас. Біздің азаматтар мен 

Қы тайдағы делдалдар байланысып, виза 

сұраған жұрттан 3000 юаньнан (біздіңше 

70 мың теңге) ақша жиып, жалған виза 

жасаған. Қазірге дейін 305 жалған виза 

анық талды. Мұндай қылмыстық істің мән-

жайын Қытай тарапы мен біздің жақтың 

тиісті органдары бірлесіп анықтау үстінде. 

Айыптылар анықталса міндетті түрде қатаң 

жазаланатын болады. 

Делдалдарды құрықтау үшін қолдан 

ке летін бар мүмкіндікті пайдаланып отыр-

мыз. «Шыңжаң газеті», «Іле газеті», «Тар-

ба ғатай газеті», «Алтай газеті» сынды белді 

ба сылымдарға да халыққа шынайы ақ-

парат жеткізуді қолға алдық. Тіпті әрбір 

газет тен бір мың данадан сатып алып, виза 

алу ға келген азаматтарға тегін тараттық. 

Мұн дағы мақсат халыққа толық ақпарат 

жет кізу арқылы делдалдардың жұмысына 

тос қауыл  қою. 



Әңгімелескен Біләл ҚУАНЫШ

Алматы-Үрімжі-Алматы

Әділжан ҮМБЕТ

ӨНДІРІС


Егін және мал шаруашылығын 

дамытқан Ақмола облысы өн ді -

ріс орындарын да кеңінен ашу да. 

Инвестиция тартудың ар қасында 

ірі кәсіпорындардың та мы-

рына қан жүгіріп, бәсекеге қа бі-

леттілігін таныта бастады. Солар-

дың бірі Атбасар ауданындағы 

электровоз жөндеу зауыты.

Локомотив 

жөндейтін зауыт 

қарқын алды

Бұл кәсіпорынның негізі осыдан 70 

жыл бұрын қаланған болатын. Елбасы 

тапсырмасымен 2009 жылы зауыт толық-

тай қайта жарақтандырылып, қазіргі таңда 

заманауи локомотивтер шығара бастады. 

Бүгінде мұнда екі мыңға жуық адам еңбек 

етеді. Олардың орташа жалақысы 90 мың 

теңге көлемінде. Өндіріс орны соңғы 

жылдары Германия, Ресей, АҚШ, Қытай 

елдерінен заманауи құрал-жабдықтар 

әкеліп, әлемнің ең озық технологияларын 

игере бастады. Былтыр өндіріс орны екі 

электровозды қатарға қосса, осы жылдың 

басынан бергі алты айдың ішінде алты 

электровоз құрастырған. 



Нұрмұхан БОЛАТОВ,

 электровоз 

жөндеу зауытының директоры:

– Бір жылда жүз шақты локомотив 

күрделі жөндеуден өткізіледі. Одан бөлек 

500-ге жуық «тяговый ряд» дейді соны 

жөн дейміз. Оның барлығы республикамыз-

дың әр өңірлеріне тапсырыспен жіберіле-

ді. 

Жарқын УТЕКОВА,

Көкшетау

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№157 (609) 7.09.2011 жыл, сәрсенбі



www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz



?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Адамдарға ортақ тіл бар ма?

Адамзат ертеден бір-бірімен қарым-

қатынаста жалпықоғамдық тіл қажеттігін 

сезінуде. «Тірі» тілдерді байланыстыру арқылы 

жасанды тіл ойлап табу үшін, И.Ньютон, Г.

Лейбниц, Р. Декарт  сынды ғалымдар қаншама 

тер төкті. Олардың ішіндегі ең атақтысы болып 

28 жасар окулист-дәрігер Людвик Замен-

гофтың 1887 жылы жарияланған жобасы 

табылды.  Автордың бүркеншік аты Докторо 

Эсперантоға орай «Дәмелі Доктор» мағынасын 

беретін халықаралық тіл «эсперанто» деп 

аталып кетті. Эсперантоның құрылымы мен 

сөздігі ерекше лингвистикалық кабілетке ие 

емес адамдар  жарты-ақ жылда игеріп ала-

тындай жеңіл.  Сөз тудырудың оңайлығы мен 

логикалығы, жағымды дыбысталуы қарым-

қа тынастың осынау әмбебап әдісіне бас ию ші-

лердің қатарын молайтты. Қазір эсперантода 

бағдарламалар, кітаптар мен журналдар 

шығып, баспасөз конференциялары өтіп 

тұрады. Қоғамда бұл тілді үйрететін үйірмелер 

де бар. 


Әлемдегі өз ана тілінен басқа тіл білмейтін халықтар бір-бірімен қалай қарым-

қатынас жасасады? Ортақ бір тіл шықты деп естіп едім. Сол туралы айтсаңыздар.

Айдана СМАҒҰЛ, Орал

Жыландар ести ме?

ЖО

Б

А



Техника тілін үйренбейінше, күніміз қараң

ТҮРТКІ


«Алтын қаламның» аясы кеңейді

Өткен жылы түрлі 

салалардың өкілі болып 

табылатын бір топ азамат 

елімізде дарынды 

қаламгерлерді тауып 

анықтаудың тың 

тәжірибесін ұсынды. 

Нәтижесінде, әлемге 

танымал «Буккер» 

жүлдесінің қазақстандық 

баламасы –«Алтын қалам» 

дүниеге келді.

Жоба аясында былтыр ұйым-

дас тырылған шығармашылық бай-

қау аясында көптеген жас жа зу шы-

лар мен ақындардың шығармалары 

сұ 


рыпталып, ең үздіктері және 

олар  дың авторлары – қазақ әде-

бие 

 

тіндегі жаңа есімдер қалың 



көп  шілікке жария етілді. Тиісті жүл-

де лер әртүрлі әдеби жанрларды 

қам тыған арнайы номинация же-

ңім 


паздарына берілді. Жалпы, 

«Ал тын қалам» байқауы өз ерекшелігімен 

қазақстандық оқырмандар қауымы ара-

сында және талғампаз әдеби ортада зор 

серпіліс туғызып келеді. Ал биылғы 2011 

жыл дан бастап жоба аясы кеңейіп, халық-

аралық деңгейге шығып отыр. Өйткені бұл 

сайысқа қазақстандық қаламгерлермен 

қатар шет мемлекеттердің өкілдері де қа-

ты 


суда. Олардың туындылары «Шетел 

әде биеті» номинациясы бойынша жеке 

бағаланады. Алғашқыдан бастап «Алтын 

қалам» әдеби сыйлығының та быс қа ие 

болуы оның демеушілерінің де санын 

арттыруға әсер етті. Қазірдің өзінде жо ба-

ның ресми демеушілері ретінде «GSM Ka-

zakh stan/Kcell», «Казкоммерцбанк» секілді 

әлеумет, руханият мәселелеріне бей-жай 

қарамайтын іскер орталарды атап өт кіміз 

келеді. Осы жылғы «Алтын қалам» жүл-

десінің тағы бір ерекшелігі – оған қаты су-

шылардың саны қазақтілді қалам гер  лер-

мен қатар орыстілді шығар ма шылармен 

то лыққанында  жатыр.

«Алтын қалам–2011» әдеби сый лы-

ғына үміткерлердің туындылары жылдың 

ба сынан бері осы мақсатта ғаламторда 

арнайы ашылған www.arzu.kz сайтында 

қа былданды. Бұл науқан тек кеше, 5 қыр-

күйекте тамамдалды. Жалпы алғанда, 

түрлі әдеби жанрлар бойынша қазақ ті-

лінде – 74, орыс тілінде 45 шығарма келіп 

түс ті. Осымен, бірінші – іріктеу кезеңі аяқ-

тал ды. Енді, алдағы бір айда осы жұ мыс-

тардың арасынан ең үздіктері сұрыпталып, 

қа зан айында «Алтын қалам» сыйлығы 

жүл дегерлерінің есімдері аталады. Ескертіп 

өтер лігі – жеңімпаздарды жобаның ұйым-

дас тырушылары, не қандай да бір әде-

биет шілердің иә сыншылардың ко мис-

сиялары анықтамайды. Түпкілікті шешімді 

аталған www.arzu.kz сайтына еніп, өз 

дауыс тарын ортаға салу арқылы оқыр ман-

дардың өздері шығарады. Жүлделі 

авторлардың шығармалар жинағын басып 

шығару ісін ұйымдастырушылық топ өз 

мойнына алады.

 



1   2   3   4   5   6


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал