Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде



бет55/58
Дата18.10.2023
өлшемі469,55 Kb.
#118123
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ер-emirsaba.org

Басқарушының жұмыс стилі –бұл іс-əрекет пен тəртіптің нақты əдістерінің жүйесі, одан адамдардың саяси, іскерлік жəне адамгершілік қасиеттері, мəдени қарым-қатынастары, жұмысқа, адамдарға қатынасы, қарымқатынас мəнері, адамдардың ойына, сезіміне, тəртібіне ықпал ету тəсілдері көрінеді. Басшының жұмыс істеу стилі мектептің оқу-тəрбие үдерісіне жəне барлық қызметіне үлкен ықпал етеді. Бұл ықпал көптеген жағдайда шешуші болып табылады. Оқу орындарының директорларына жəне барлық басқарушыларына тəн басқару стилі «субъективизмге жат, шығармашылық, барлық қоғамдық үрдіске ғылыми тұрғыдан қарайтын» стиль болып табылады. Ол өзіне жəне өзгегелерге де жоғары талап қойып, бюрократизм мен формализмге қарсы тұрады. Басқару мəдениеті- ұйымның стилі мен атағын айқындайды. Басқару стилі - басшының бағыныштыларға тəн мінез-құлқы жəне ұйымның мақсатына жету бағытында оларға əсер етуі. Басшылықтың кең тараған теориясының бірі неміс психологы К. Левиннің (1938г.) ұсынған теориясы. Ол басқарудың үш стилін қарастырады:
Авторитарлық стиль (директивтік) басшының рөлін шектен тыс көбейтумен байланысты,өкіметті орталықтандырумен, өзі басқарумен сипатталады. Басшының қолында өз еркін атқарушыларға таңу үшін билік жеткілікті болғандықтан, ол керек жағдайда көп ойланбастан өктем стильге жүгінеді. Басшылықтың бұл стиліне бағыныштыларға шектен тыс талап қою арқылы олардың бастамасы мен дербестігін шектеу тəн. Басшылық түсіндіру жəне сендіру əдістері арқылы емес, мəжбүрлеу арқылы жүзеге асырылады. Өкінішке орай, бүгінгі жас көшбасшылардың көбі осылай ойлағандықтан өктем стильді таңдайды. Бірақ бұл стильдің тиімділігі білікті қызметкерлердің үлкен ұжымы болған жағдайда төмен болады, сондықтан оны шығармашылықпен жұмыс жасамайтын қызметкерлердің контингетімен жұмыста қолдануға болады. Басшы оған ұжымдағы барлық жағдайдарды баяндауды талап етіп, өзі шешім қабылдайды, немесе оның күшін жояды. Ұжымның пікіріне құлақ аспайды, ұжым үшін шешімді өзі қабылдайды. Басқаруда бұйрықтар, жазалаулар, ескертулер, сөгістер, əртүрлі жеңілдіктерді алып тастау əдістеріне басымдық беріледі. Бақылау бағыныштылардың бастамасын жоятын өте қатаң жəне егжей-тегжейлі болады. Жұмыс мүддесі адамдардың мүддесінен жоғары қойылады, қарым-қатынаста үзілді – кесілділік, дөрекілік орын алады. Авторитарлық стиль ұжымдағы моральдық - психологиялық ахуалға жағымсыз əсер етеді, қызметкерлердің бастамашылығын, өзін – өзі бақылауын жəне жауапкершіліктерін едəуір төмендетеді. Веснин В. Р. авторитарлық əдістер ұйым қызметінің ортақ мақсаты мен міндеттерімен байланысты еш түсініктеме берместен басшының бағыныштыларға бұйрық формасында тапсырмалар беруіне негізделетінін айтады. [14]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет