Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде



бет22/56
Дата11.11.2022
өлшемі3,35 Mb.
#49434
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   56
Тұтынушыға бағытталу. Мекеме өзінің тұтынушыларына тәуелді, сол себепті де олардың ағымдағы және болашақтағы қажеттіліктерін түсініп, талаптарын орындауға және олардың күткен нәтижесінен асып түсуі қажет.

  • Басқарудағы көшбасшылық. Басшылар мекеме әрекетінің бағытының біріккен мақсатын қамтамассыз етеді. Жұмысшы өзін толығымен мекеменің міндеттерін орындауы үшін сыртқы ортамен ынтымақтастық орнатады.

  • Жұмысшыларды тарту. Жұмысшылар ұйымның барлық негізгі деңгейлерін құрайды және де олардың мекемеге ат салысуы олардың қабілеттерін тиімді жағынан қолдануға мүмкіндік береді.

  • Процесті тұрғы. Егер де іс-әрекет және соған сай келетін ресурстар процесс ретінде басқарылса, онда күткен нәтиже тиімдірек болмақ.

  • Жүйелі тұрғы. Мекеменің мақсатына жету барысында оның нәтижелілігі мен тиімділігіне жүйе ретінде бір-біріне өзара байланысты процесті көрсету, түсіну және басқару.

  • Үздіксіз жақсарту, жетілдіру. Мекеменің әрекетін үнемі жетілдіріп отыру, ұйым мақсатының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

  • Деректерге негізделген шешім қабылдау. Тиімді шешім қабылдаулар мәліметтерді және ақпараттарды талдауға негізделген.

  • Өнім берушімен өзара тиімді қарым-қатынас. Мекеме және оған өнім беретін өндірушілер өзара байланысты және де екі жақтық өзара тиімді қарым-қатынас екі жақтың құндылықтарын жоғарылатуға қабілетті (9-сурет).


    Сурет-9. Сапа менеджментінің негізгі принциптері


    Білім сапасы ғылыми басқарудың мақсаты мен нәтижесі ретінде.
    Жүйені басқарудың қоғамдық мемлекеттік сипаты.
    Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2050» стратегиялық даму жоспарында алыс-жақын шетелдік университеттермен тығыз байланыс орнатып, тәжірибе алмасу мақсаты алға қойылды. Шетелдік білім жүйесіне қарағанда инновациялық даму жолында отандық білім жүйесі бірнеше жылға артта қалуда. Осындай өзекті проблеманы шешу мақсатында төмендегідей негізгі бағыттарды ұстану қажет:

    • білім беру процесін басқаруда СМЖ-нің принциптерін негізге алу;

    • ғылым, білім мен өндірісті байланыстыратын инновациялық инфрақұрылымды құру;

    • инновациялық және ақпараттық технологияларды дамыту және пайдалану;

    • ішкі бірлескен бәсекелестік орта мәдениетін қалыптастыру; - ғылым, білім кеңістігіндегі әлемдік ынтымақтастық; - СМЖ түрлі бағыттағы басқару деңгейінде пайдалану.

    Ал, ЖОО-ның білім беру процесі механизімінің күрделігі мен сапасының артуы аттестация және экспертизалық сараптау орталықтарының университетішілік, институтішілік білім беру жүйесін сапалы басқаруға қойылатын талап, міндеттерінің күшеюінен байқалады.
    2000 жылдан бастап білім сапасын басқарудың тиімді тетігін қалыптастыру аясында бірталай нәтижелерге қол жеткізілді. Олар:



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   56




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет