психологиялықдайындық: өз мүмкіндігі жайлы нақты болжам (объективті өзіндік бағалау), өзіне деген талап қоюшылық, өзін-өзі сынаушылық, ұйымдасқандық, байқампаздық, батылдық;
технологиялықдайындық:педагогикалық шеберлік пен технологияны еркін меңгеру үшін қажетті болжамдық, жобалаушылық, конструктивті, коммуникативті және диагностикалық шеберлік пен дағды;
педагогикалық-ұйымдастырушылықдайындық:жұмыс жағдайын, оқу-тәрбие процесінің жағымды, жағымсыз факторларын білу, әрқилы диагностикалық әдістерді меңгеру, өз ізденісі үшін хал-ахуалды таба білу шеберлігі, ата-аналар белсенділігі және оқушылардың өздерінің арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнату;
өзін-өзі кәсіптік тәрбиелеу мен өз бетімен білім алудың іскерлігі.
Шығармашылық тұлғаның ерекшелігі шығармашылық табиғатынан, мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті ерекшелігінен, оның әлеуметтік бағытынан келіп шығады.
Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке дайындығының маңызды белгілеріне жетекші педагогикалық қасиеттің қалыптасқандығы жатады.
Мұғалімнің инновациялықіс-әрекеті