Мәнерлеп оқу курсы пәнінен күнтізбелік-тақырыптық жоспар 3в кдо, 3г кдо 0301002 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»



бет9/33
Дата28.03.2023
өлшемі283,24 Kb.
#76707
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33
Үйірменің негізгі мақсаты:



Міндеті:

  • әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуге, мән – мағынасын терең түсінуге мүмкіндік туғызу;

  • көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын ояту;

  • жеке тұлғаның эмоциялық мәдениетін қалыптастыру;

  • актерлік шеберлігін қалыптастыру, дамыту.

Жаттығулар
1.Екі ерінді бір-біріне нық тигізіп, жымдастырып, ысқыруға ыңғайланған тәрізді дөңгелентіп, алға қарай сүйірлеңдер. Бұларды дәл сол қалпында тұрғанда оңға, солға созыңдар: жоғары қарай түріңдер, төмен түсіріңдер. Бұл қалыпта тіс бір-біріне нық тиіп, жымдасып ашылмауы, жақ қозғалмауы керек. Бір-бірімен нық жымдасқан ерінді күлуге ыңғайланған тәрізді етіп езуді тартыңдар. Күрек тісті көрсете жоғары ерінді түріңдер.
2.Тіл дыбыстарының жасалуын Ғ.Абухановтың педучилищеге арналған «Қазақ тілі» оқулығынан қараңдар.
Дауысты дыбыстардың дұрыс айтылуын қадағалап, жаттығыңдар. Егер дыбысталуы дұрыс шықпаса, жаттығуды тағы қайталаңдар.
3.Дауыссыз дыбыстарды анық айтып шығыңдар. Дауыссыз дыбыстардың кез келгенін айтқанда сөйлеу мүшелерінің біріне қақтығысып шығады.
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ
Текстті тыныс алу мен дұрыс дыбыстау ережелерін сақтай отырып оқыңдар.

БАЛАЛАРДАН КІШІМІН


Жаздың жайнаған біл әдемі күнінде Жамбыл ата бақтың көлеңкесінде дем алып отыр еді, жанына әдеби хатшысы, ақын Тайыр Жароков келді.

  • Жәке, бір жерде отыра бергеніңіз болмайды. Беліңіз талады, тізеңізге сарысу жиналады. Аяңдап ары-бері жүрелік! - деді Тайыр еңкейіп, Жамбыл атаның құлағына естірте дауыстап.

  • Ұқтым, Тайыр балам, онда қолтығымнан демеп жібер! – деп ақын ата таяғына сүйеніп, талпына берді. Тайыр аға қарияның қолтығынан сүйемелдеп, орнынан тұрғызды.

Екеуі бақты аралап, аяңдап келеді.

  • Жәке, кешегі бір сөзіңіздер мәнін ашпадыңыз ғой! – деді Тайыр аға.

  • Тайыр балам, кәрі кісі ұмытшақ келеді. Ол қай сөз еді?

  • Кеше сіз сөз арасында: «Мен өзімнің өкшемді басып, тете өскен қарттардың бәрінен үлкенмін. Ал жас балалардың барлығынан кішімін», - дедіңіз. Сол сөзді түсіндіре салсаңыз?..

Жамбыл ата Тайырдың бетіне қадала қарап, жымиып қойды.

  • Әй, тілегіңе жеткір, Тайыр балам-ай! Сенің көзің ашық, көкірегің сара-ау! Айтайын!- деп, Жамбыл ата Тайыр ағаның жауырынан қақты.

Екеуі бір алма ағашының көлеңкесіне келіп отырды.

  • Мен өзімнің өкшемді басып, тете өскен қарттардың бәрінен үлкенмін деп, тек жасымның үлкендігін айтып отырғам жоқ. Өмірдің мен шыққан биігіне әлгі қарттардың көтерілуі қиын-ақ. Мен бақытты адаммын! Осыдан жиырма жыл бұрын, яғни Ұлы Октябрь дүниені дүр сілкінткенде, мен жетпіс бір жаста едім. Кешегі қатыгез заманды көрдім Зар жылаған халықтың көз жасы көлдей еді.Соқыр тұмандай тұмшалаған сол заманның түнегін Ұлы Октябрь,ұлы Ленин шұғыласы сыпырып тастады.Менің қолым да бақытқа жетті.тоқсан жасқа келгенде,менің жырым жер жүзіне жайылды.Еңбегімді елім бағалады.Тоқсан жасқа келгенде,мұндай бақытқа бөлену қартайған адамдардың қолына түсе бермейді деп ойлаймын,Қарттардың бәрінен үлкенмін дегенәм осы еді,-деді Жамбыл ата.

  • Жас балалардың бәрінен кішімін дегеніңіз қалай?

  • Оны да айтайын,сәл сабыр ет.Бақты біраз аралайық,

Жамбыл ата мен Тайыр аға бақты аралап ұзап барады.Қатар тізілген биік теректің көлеңкесінде төрт-бес жасар бірнеше бала ойнап отыр екен.Жамбыл ата балаларды таяғымен нұсқап:
-Міне, мыналар- жайнаған бақшаның гүлдері.Бұларды менен үлкен дегенім былай,Тайыр балам: осы бүлдіршіндердің ішінен ертеңгі күні Мұхтар інім сияқты білімпаз,дарынды жазушы,Күләш қызым сықылды өнері жұрттан асқан әнші шықпасына кім кепіл.Олар менен де көп білетін,көп көретін болады.Әлгі сөздің мәні осылай еді,шырағым!- деп,Жамбыл ата алаңсыз ойнап отырған бөбектерге күле қарап қалған еді.
Дикция
1.Анық таза сөйлеу дәрежесіне нені жаттықтыру арқасында жетуге болады?
А)сөйлеу техникасы
Б)артикуляция
В)интонация
Г)дауыс
2.Дыбыстың артикуляциясын қазақ тілі сабағында нені өткенде жетіледі?
А)морфология
Б)лексика
В)фонетика
Г)дыбыс ырғағы
3.Жуанды-жіңішке жұп болатын дыбыстарын ата?
А)т-с,қ-м,к-п
Б)а-ә,о-ө,ы-і,ұ-ү
В)а-м,а-с,а-т
Г) г-ң,р-м,с-у
4.Фонетиканы жақсы білу қандай жаттығуға көмегін тигізеді?
А)дикцияны түзеу
Б)буын және ырғақ
В)дауысты түзеу
Г)ырғақты түзеу
5.Қай дыбысты айтқанда ерін сүйірленіп дөңгеленіп алға шығады?
А)Т-дыбысы
Б)Қ-дыбысы
В)М-дыбысы
Г)У-дыбысы
6.Қай дыбыстардың кез-келгендерін айтқанда сөйлеу мүшелерінің біріне қақтығысып шығады?
А)жуан
Б)жіңішке
В)дауыссыз
Г)дауысты
7.Р-дан басталатын сөздің алдынан қандай әріптер қойылып оқылады?
А)Ы және І
Б)Р және С
В)М және І
Г)Т және Р
8.Дауысты дыбыстармен тіркесіп келген жуан-жіңішке буындардағы дауыссыздардың дыбысталуын айтыңдар?
А)ма-ра,са-те
Б)те-ме,ру-ра
В)ла-ле,ра-ре
Г)қу-ау,сы-пы
9.Ц-фанемасында қандай екі элемент бар?
А)Т+С
Б)Ш+С
В)М+С
Г)Қ+С
10.Ч-фанемасында қандай екі элемент бар?
А)С+Ш
Б)М+Ш
В)Қ+Ш
Г)Т+Ш




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет