Мәнерлеп оқу курсы пәнінен күнтізбелік-тақырыптық жоспар 3в кдо, 3г кдо 0301002 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»



бет6/33
Дата28.03.2023
өлшемі283,24 Kb.
#76707
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
УМК МӘНЕРЛЕП

4 Дәріс
Дауыс

Сөз сөйлеуде дауыс қатысады. Дауыстың естілуі – психо-физиологиялық әрекеттің нәтижесі. Оны әрбір сөйлеушінің даралық қасиеті, эмоциясы, еркі бағыттап отырады. Сөздің естілуі тыныс алумен тығыз байланысты. Адам сөйлеуге ыңғайланағанда, ең алдымен ауа жұтады, одан кейін барып біртіндеп ауаны сыртқа шығарады. Дауыс шымылдығының керіліп, жиырылуының нәтижесінде дауыс пайда болады, бірақ ол солғын шығады.


Дауыс дыбыстарының күйшейткіщтеріне көкірек қуысы, таңдай, мұрын қуысы, тіс, жақ, кеңсірік жатады. Дауыс күші үг шығаратын дыбыстардың резонаторға қарай бағытталғанына және резонаторлардың түзік күйде болуымен байланысты шықпақ.
Әркімнің өз дауысы (дауыс нақышы) болады. Негізгі дауыспен бірге бірнеше қосымша дауыс тоны - обертондар да болады. Ол сөйлеушінің тамақ, мұрын қуысының құрылысына байланысты шықпақ. Осындай обертондар арқылы адамның жеке-дара дауысы жасалмақ, ні таза шықпақ.
Дауыста оның биіктігі, ұзақтығы, ұшқырлығы, екінші сөзбен айтқанда дауыстың алысқа шырқалу бейімділігі, басқа дыбыстардың ішінен айрықша ерекшеленуі айқындалады.
Дауыстың жоғары, орташа, төмен ырқаққа жеңіл жылыса алуын дауыс икемділігі дейді. Көркем сөз орындаушы, нәшіне келтіріп әңгімелеп беруші үнін жетілдіріп отырып, өз дауысының мүмкіншілігін байқап, диапазонын анықтап, ширақ шығуын жаттықтыруы керек.
Тексті оқу немесе әңгімелеп беру кезінде дауысқа күш түспеген жөн, сонда ғана оның жұмсақ, жылы лебі немесе керісінше, қатал, салқын үні нақышталады.
Мына сөйлемдердегі дауыстың жылысуын байқап көрейік. Дауыс жылысуы сөйлем астындағы сурет сызықтарымен көрсетілді, ал дауыстың көтерілуі мен бәсеңдеуі екпін түскен буында қалпақшалы таяқшамен көрсетілді. Дауыс көтеріліп бәсеңдеп барып орташа қалпына түседі,і яғни бір диапазон деңгейіне келеді.
Келтірілген сөйлемдерде дауыстың көтерілуі, бәсеңдеуі сәл ғана. Дауыс қоңыржай ғана боп шығады.

Асқар таулар, бақша баулар әлемі,


Қазақстан ғажап өлке әдемі. (С. Мәуленов)


Таңырқау, сасқалақтау т.б. көңіл күйін білдіргенде, орындатушы дағдылы орташа биіктікке шығатын дауыс деңгейінен қатты ауытқытып айтады. Яғни сөзді айтқанда дауысты едәуір жоғарылатып, не төмендетіп, не күшейтіп, не солғындатып шығарады. Мұның өзінде сөз айқын айтылып, тыңдаушыға сөйленген сөздің мағынасын түсінікті түрде жеткізілуі қажет. Дауысты дамытуға ән сабағы және арнайы жаттығулар үлкен көмек болады.


Дауыс сөйлеуші адамның сөзін, өзіндік үнін, көңіл күйін тыңдаушыға бағыттап отырады.


Дауыстың естілуі — тию — физиологиялық өрекеттің нәтижесі.
Адам сейлеуге ыңғай алғанда тыныс алу мүшесі арқылы ауа жұтады, Осы кезде өкпе кеңейіп, сөйлей бастасымен, өкпедегі ауа сыртқа қарай шығуға бағытталады. Өкпеден қайтқан ауа тамаңтағы дауыс шымылдығы-ның азкем тосқауылына кездеседі. Себебі дауыс шымылдығы дегеніміз тамақтың ішкі жағында кеңірдектің екі жағынан бір-біріне қарсы біткен жиырмалы ет. Ол бірде керіліп, бірде жымдасып тұрады. Өкпеден ауа қайтқанда осы дауыс шымылдығы керіліп тұрса, діріл пайда болып үн шығады.
Ал дауыс шымылдығы жиырылып тұрса, діріл пайда болмай, үннен гөрі баяу сылдыр пайда болады. Яғни дауыс шымылдығының керіліп, жиырылуынан шыққан үн таза дауыс деуге болмас еді. Енді ол қуыс мүшелеріне, түседі. Онда мұрын қуысымен ауыз қуысындағы дыбыстау мүшелерінің күшейткіштеріне (резонаторларына) тікелей байланысты болады. Себебі, мұрын қуысындағы кеңсіріктің, ауыз қуысындағы кішкене тілдің, таңдайдың, тістің, жақтың тағы басқалардың дұрыс орналасуы, түзу болуы дауыстың дұрыс шығуына мол әсер етеді. Мысалы кеңсіріктің, кішкене тілдің өз орнынан сәл ауытқуы, қисаюы, ауруға ұшырауы дауысты бұзады. Біз өмірде сирек те болса естіп жүретін «маңқа», «мыңқылдап сөй-лейді», «даусы қарлығып қалыпты» т. б. деген сөздер осы дауыс күшейткіштерінің қызметі мең дауыс шымылдығы ауруға ұшыраған жағдайда болады. Кейде дауыс кеңістігінің ауруға ұшырауына байланысты дауыста сырыл пайда болады. Сондыңтан әркім өзінің дыбыстау мүшелерінің атқаратын қызметін жете түсініп, оның гигиеналық жағына ұқыптылықпен қарауы керек.
Әр адамның өзгеге ұқсамайтын өз даусы болады. Алайда, сирек те болса ұқсас дауыстылар да кездеседі.

Қазақ тілі - әуезді тіл. Оның әуенге жақындығын ғалымдар мойындағаны қашан. Бұл әсіресе оның поэзиясында қатты байқалады. Сезім тебірентер өлеңдердің соншалықты керемет әсер беретін қасиеті мүмкін дәл осы әуезділікке келіп тірелетін шығар... Жанымызды ерекше күйге бөлейтін музыка секілді өлеңнің де бізді басқа әлемге апаратын құдіреті бар.


Тыңдаушыға әсер ететін фактор тек өлең емес, оны оқитын адам екенін ұмыипайық. Біреулер өлеңді судыратып оқып шығады, біреулер эмоцианалды оқиды, біреулер әр сөзден соң кідіріп оқыды,біреулер...... мәнерлеп оқиды. Осы сөзді мектеп қабырғасынан естіп, онымен таныс болсақ та, оны бәрінің ұғымындағы бір сөзбен айтып түсіндіре алмаспыз. Әркімнің түсінігінде ол әрқалай. Жоғарыда айтылғандардың барлығы да өлеңді мәнерлеп оқимыз деп есептейді. Бірақ мәнерлеп оқу дегеніміздің өзі не? Ол да бір заңдылыққа бағынары даусыз.
Біз тармақ ішіндегі бунаққа мүлдем көңіл бөлмейміз. Ал бунаққа дұрыс бөлініп, әр бунақта кідіріс жасасақ, өлеңге мүлдем өзге шырай енеді. Мұны біз мектепте меңгерсек те, тәжірибеде қолданбаймыз және оны бізден талап та етпейді. Сонда өлең мәнері жайлы пікірлердің бірізді болмағанына кім кінәлі?
Мәнерлеп оқу сайыстарында әділқазылардың қандай қағидаға сүйенетіні тағы да белгісіз.
Біздің ойымызша, мәнерлеп оқу пунктуациялық белгілердің тек қағазда ғана емес, сөйлеуде де өз қызметін атқаруы, дауыс ырғағының өз орнымен көтерілуі не түсуі, қарқынның жылдамдауы не баяулауы, фонетикалық заңдылықтардың, орфоэпиялық нормалардың және тағы да сол секілді біршама задардың сақталуы.
Мына төменде ұсынылып отырған өлең жолдарын біз тиісті шартты белгілер арқылы дыбысталу жағынан да, екпін түсу тұрғысынан да жүйеге келтіріп көрдік. Сіз мүмкін өлеңді дәл осылай оқыр едіңіз, мүмкін басқаша оқыр едіңіз. Енді оны сол қалпында оқып көргенде нендей құбылыс байқағандарыңызды, жалпы бұл жайлы ой-пікірлеріңізбен бөлісулеріңізді сұранамыз
Жазылуы:
Мен кім?
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте - бұлт, жерде - желмін гулеген,
Жер еркесі - желдің жөнін кім сұрар?
Мағжан Жұмабаев
Айтылуы:

Жазылуы:
Бақыт геометриясы
«БАҚЫТ деген немене бұл, немене екен, немене
Мен шықпаған заңғар шың ба,мен мінбеген кеме ме?»
Бәлкім Бақыт байлық па екен сараңдықтан бас алған,
Жомарттығы өзгелердің ырысынан жасалған.
Талайларға байлық жинау болса дағы бас арман,
Кейде Бақыт байларға да қолын бермей қасарған.
Мұхтар Шаханов

Дәл осыны жаңылтпаштарға қолданып көрсек, айтуға қиын жаңылтпаштардың өзі жеңілдейтін тәрізді.Жалпы бұл шартты белгілер мәнерлі оқуды ғана емес, дұрыс айтуды да қамтамасыз етеді. Бұл жаңылпаштарды тез және оңай жаттаудың әдәсі болатын сияқты.
Жазылуы:
Атам:
“Балама ат аламын”, - дейді
Апам:
“Балама ала мата аламын”, - дейді.
Атасы ат ала ма?
Апасы ала мата ала ма?

Жазылуы:
Арқада алты арқар бар,
Қырқада қырық арқар бар .
Қырық арқарда ақ арқар бар,
Алты арқарда марқа арқар бар.
Айтылуы:
Мұндағы шартты белгілердің түсіндірмесі мынадай болып келеді:

Біздің ойымызша, бұның, әсіресе, қазақ тілін енді үйреніп келе жатқандар үшін пайдасы мол. Егер мұндағы шарттар мен ережелерге сүйенсе, олар сөздерді ешбір қиындықсыз таза қазаша дыбыстар еді.

Жаттығулар


1.Дыбыстарды анық, ширақ, құлаққа жағымды, табиғи үні шалғайыраққа естілетіндей етіп дыбыстауды меңгеріңдер. Буындарды өлең айтқандағыдай созып бір нотада дыбыстаңдар. Дұрыс дем алуды қадағалаңдар.
2.Дауыстарыңның алысқа естілу ұшқырлығын тексеріңдер. Тыныс алу ережесін сақтай отырып, текстті қатты, ширақ, жай, баяу саябырлатып оқыңдар.
3.Текстті алдымен ақырын, одан кейін орташа, ең соңында қатты дауыспен оқыңдар да, қайсысын лайық деп тапсаңдар, сол дауыспен қайталап оқып беріңдер.
4.Өлең мазмұнына орай дауыс биіктігінің деңгейін өзгерте отырып, тексті дауыстап оқып беріңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет