Мәнерлеп оқу курсы пәнінен күнтізбелік-тақырыптық жоспар 3в кдо, 3г кдо 0301002 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»



бет5/33
Дата28.03.2023
өлшемі283,24 Kb.
#76707
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Жаттығулар

  1. Өзіңді қыстамай еркіңше тік тұру керек. Өте-мөте иық пен мойынның еркін болуын қадағалау қажет, иықты сәл жазыңқы ұстау керек.

Диафрагманың қозғалысын бақылау үшін, бір қолыңды құрсақ қатпарының жоғары жағына, қабырғаның қозғалысын бақылау үшін, екінші қолыңды бүйірге белден жоғарырақ қою қажет.
Азырақ дем шығарып, дем ішке тартуды ептеп соза түсу, үшін аузыңды жауып, мұрын арқылы елеусіз ғана ауа жұтып, танауды қозғамай жайлап дем шығару керек. (5 сек.)
Біртіндеп дем шығаруға даярлану үшін, өкпеде ауаны біраз бөгеу (2-3 сек) а дыбысын айтқандағыдай ауызды ашып, демді бірден шығармай, біртіндеп, баяу тек диафрагманың қозғалысының (4-5 сек) шығару дұрыс. Өкпеде ауа қорын жасау үшін, қабырғаның қозғалысын біршама бөгеген жөн.
Қабырға мен қарын қатпарын босаңсыту.

  1. Негізінен бірінші жаттығудағы тапсырмалар, тек дем шығару мерзімі 1 секундқа дейін созылады да, одан артпауға тиіс (күн сайын жаттығу).

  2. (санақ).

  3. Демді ішкі тарту (3 сек)

Дауыстап санау(1,2,3,...5)
Қосымша ауа жұту(1сек).
Дауыстап санау(1,2,3,...6)
Қосымша ауа жұту(1сек)
Дауыстап санау(1,2,3,...7) (жаттығуларды қайталағанда санауды 15-ке жеткізуге болады).

  1. (Сөзбен).

Тексті оқығанда өз тынысыңызды тексеріңіз(төмендегі тексті пайдаланыңдар).Оқып болғани соң,текстің қай жерлерінде ауаны молырақ жұттыңыз,қай жерінде қосымша ауа жұтқаныңызды белгілеңіз.Өлеңді оқығанда бунақ,тармақ кідірісін сақтаңыз.

Телефон
Сылдыр етті телефон


-Бұл кім?
-Піл.
-Өзің кімсің,бұл кайдан?
-Түйеден.
-Сізге не керек?
-Керек еді шоколад.
-Кімге?
-Менің балама.
-Көп керек пе?
-Азырақ.
-Бес-алты пұт жетеді,
Керек емес ондай көп.
Одан артық жей алмайды.
Балам әлі өскен жоқ.
(К.Чуковский)
6) Алдымен тексті іштей окып алындар,содан кейін тыныс алу ережесін дұрыс сақтай отырып,дауыстап окындар.Әр сөзін анық айтыңдар.
Көжек пен кірпі
Әп-әдемі ақ көжек кірпіге кеп:
-Туысқан-ау,киімің кандай жаман еді,толған тікен ғой өзі,-деді.
-Ол рас.Бірақ осы тікендерім мені ит пен қасқырдың тісінен қорғайды.Ал сенің әдемі түгің өзіңе менікіндей пана бола ала ма?-деді кірпі.
Көжек жауап қатпай,ауыр күрсінді.
(К.Ушинский)
БАҚЫЛАУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Мазмұнмен танысып,тыныс алу ережесін қолданып тексті дауыстап оқыңдар.
ҮШ ДОС
Көп пәтерлі үйдің ауласында толас болмайды.Кішкене-кішкене балалар ойыншықтарын алып шығып,қызыл шеке болып ойнайды да жатады.
Бүгін де Қазанқап пен Қарымсақ трамвайын әкеліп,жүргізіп ақаулы жерін жөндеп,біраз әуре болды.
Бір кезде бұлардың ойынының үстіне Самат келді.Ол трамвайдың иесі Қазанқапқа:
-Ойындарыңа мен де косылайыншы!-деп өтінді.
Қазанқап:
-Ойынға қоспаймын,-деді бірден кесімін айтып,сөйтіп Саматтың бетін қайтарып тастады. Самат біраз қарап тұрды да,томсырайған күйі үйіне қарай беттеді.
-Келесі күні Самат өрт сөндіргіш қызыл машинасын алып шықты. Жанына Қарымсақты қосып алды.Қарымсақ кіммен болмасын тату ойнайтын.Ойынның неше түрлісін тауып,қыздырып ала жөнелетін-ді.
Бұлар үйден шыққан«өртті» оған су құйып сөндіріп,бір «баланы»алып шығып,жедел жәрдем көрсетіп ойнап жүрді.
Қазанқап келіп қызықтап қарап тұрды.Қарымсақ Қазанқапқа:
-Кел!Ойынға сен де аралас,-деді.Қазанқап кешегісі есіне түсті.
-Самат мені ойнына қоса ма?-деп қипақтады.
-Кел,ойнай бер!Мен ойыншығын қызғантын сен сияқты емеспін.Өрт сөндіру үшін қолдың көп болғаны жқсы-деп, Самат Қазанқаптың қолынан ұстап,ойынға өзі араластырды.
Қазанқап қиналып,екі беті қып-қызыл болып:
-Самат,кешегімді кешір.Мен енді ойыншығымды қызғанбаймын,-деді.Содан бері үшеуі тату ойнайды.
(М.Төрежанов.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет