Мәнерлеп оқу курсы пәнінен күнтізбелік-тақырыптық жоспар 3в кдо, 3г кдо 0301002 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»



бет10/33
Дата28.03.2023
өлшемі283,24 Kb.
#76707
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33
Байланысты:
УМК МӘНЕРЛЕП

6 Дәріс
Орфоэпия

Сөз дыбыстары-тілдің табиғи материалы.Яғни дыбыс- сөздің материалдық қабығы,егер ол болмаса,тіл де өмір сүрмек емес.Сөз,сөз тіркесін құрайтын дыбыстардың айтылу нормасы тілдің фонетикалық құрылысына сай келуі керек.Айталық,қазақ тілінде сөйлейтіндер негізгі дыбыстардың сапалық қасиетін,белгілі жағдайда,тіркестерде айтылғанда өзгеріске ұшырайтынын айыра біледі. Мысалы,ерін үндестігі заңы бойынша: түбірдегі еріндік дауысты дыбыстың өзінен кейінгі езулік дауысты дыбысқа әсер етіп,айтуда өзңне ұқсата үйлестіріп естіртеді:өжет-өжөт;жүрек-жүрөк; ұрыс-ұрөс,өлең-өлөң болып айтылуы қазақ әдеби тілінің орфоэпиясына тән құбылыс.Сөйлегенде,дауыстап оқығанда бұл қалыптасқан заңдылық мұқият сақталуы тиіс.


Сондай-ақ қазақ тілінің орфоэпиялық нормасы бойынша сөздердің аралығында келген екі дауысты дыбыстың бірі түсіп қалып айтылады.Мысалы: сарала (сары ала);аротыр(ары отыр); білсекен (білсе екен) т.б.
Сөйтіп әр халықтың әдеби тілінде айтылудың жалпыға бірдей ортақ қалыптасқан нормасы болады.Осылар жайындағы ережелердің жиынтығы орфоэпия деп аталады.Орфрэпияның практикалық мәні зор.Мәдениеттілік, салауаттылық тек дұрыс жазуда емес,сонымен бірге ана тілінің сиқырлы сазын құлаққа жағымды,өзінің табиғи қалпын бұзбай жеткізуде деп түюіміз керек.Өйткені тіл қоғамда қатыснас құралы болғандықтан,оның әлеуметтік қызметі өз дәреже-деңгейінде тұрып қана асады,жалпыға бірдей қатынас құралы қызметін атқарады.
Балалар бақшасындағы тәрбиеші-педагогтардың сөзі ешбір мүлтіксіз болуға тиіс. Сәбилер сөйлеуді үлкендерден үйренеді.
ОРФОЭПИЯНЫҢ БАСТЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ.
ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАРДЫҢ АЙТЫЛУЫ
1.Қазақ тіліндегі дауы\стылардың негізгі ерекшіліктері – жуан, жіңішке болып жұп келуі: (а-ә, о-ө, ұ-ү, ы-і). Ал-- әл, от-- өт, тұр-түр, ыс-іс т.б.
2.Үндестік заңы (сингормонизм). Тіліміздегі байырғы сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады. Бұл –дайыстылармен байланысты сингормонизмнің түр-түрін жасауға арқау болатын дауыстылар. Мысалы: балалар-ға, терезелер-ге, жұмыс-шы, сурет-ші т.б.
3.Ерін үндестігі. Мұнда түбірдегі еріндік дауысты дыбыстың өзінен кейінгі езулік дыбысқа әсер етіп, айтуда өзіне айналдырады. Мысалы: жазылуы өзен—айтылуы өзөн жазылуы үлкен — айтылуы үлкен, жазылуы көне-айтылуы көнө т.б.
4.Элизия (мүлдем түсу). Қатар келген екі дауысты дыбыстың біреуінің түсіріліп айтылуы. Сарыарқа (Сарарқа).
5.Редукция (сусу, сәл айтылу).
Мысалы: әділет, дәрігер — жазылуы; айтылуы -- әділет, дәрігер т.б.
6.Протеза (сөз алдына дауысты дыбыс қосып айту). Мысалы: Рымбике, Риза жазылуы; айтылуы—Ырымбике—Ыриза т.б.
Сөз басында е,о,ө дыбыстары дифтонгті ерекшелікепен айтылады. Мысалы: ел йел; ол уол; өз уөз.
Жергілікті тіл ерекшілігіне байланысты е (і) мінеміні, б (ұ) (қолдану — құлдану ), ү (і) (үндемеу--індемеу), ә (а) (және жаңа) т.б. дыбыстар алмасып айтылады. Алдыңғылары--әдеби тіл нормасы.
ж, й мен ш, й дыбыстары аралығында келген а дыбысы жіңішке айтылады (шайшәй), жай жәй, жайық жәйық т.б.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет