Мәнерлеп оқу курсы пәнінен күнтізбелік-тақырыптық жоспар 3в кдо, 3г кдо 0301002 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»


Мектепке дейінгі бала тәрбиесіндегі көркем сөздің атқаратын рөлі



бет2/33
Дата28.03.2023
өлшемі283,24 Kb.
#76707
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
УМК МӘНЕРЛЕП

Мектепке дейінгі бала тәрбиесіндегі көркем сөздің атқаратын рөлі

Балдырғандар көркем әдебиеттен үлкендердің ауызекі әңгімелеп беруі, оқуы арқылы ғана танысады.


Қызықты әңгіме , ертегі, өлең, тақпақтарды мақамдап айту – халық творчестовасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің дәстүрлі тәсілі болып келеді.
Баланы әділдік , қайырымдылыққа тәрбиелеу ертегі мазмұнына тән нәрсе: қашан да жеңіп шығады. Бала бұған мәз болады. Балалар ынта қойып тыңдайтын қазақ ертегілері: «Қотыр торғай», «Мақта қыз бен мысық», «Күшік пен мысық», «Түлкі мен бөдене», «Түлкі мен қоян» т.б. Ертегі де әрқашан әлсіздерді жақтайды. Бала ертегіден нағыз шын достьқтың мысалын да көреді.
Батылдық пен рақымшылдыққа тәрбиелеу ертегідегі жағымды кейіпкерлер арқылы беріледі. Олар әрдайым еңбекқор, әділ, батыл, әлсіздерді қорғай, жалғыздарды жебей білетін, қиындықты жеңе алатын , көздеген мақсатына жетпей қоймайтын қайсар болып келеді.
«Аяз би», «Ұр тоқпақ», «Қожанасыр мен хан» т.б. ертегілерінің қаһармандары көпті көрген дана қарттар болса, айлакер, тапқыр бала да, «Тазша бала», «Мейірімді бала», «Керқұла атты Кендебай» ертегілеріндегі кейіпкерлер айлакер, ьтапқыр бала да, кішкене қыз бала да, тіпті хйуанаттар да болып келе береді. Бұл жас өрендерді байқампаздық пен тапқырлыққа байлиды.
Бөбектерге арналған халық өлеңдерінің өнегелік мәнін ата-ана сәбидің құлағына жөргекте жатқанда-ақ сіңіре бастайды. Дүниеге келген нәрестенің болашағын ойлап, қолдан келген бар мүмкіншілік соның жолына арналатыны айтылады. «Бесік жыры» деген өлеңде:
Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Қонақ келсе, қой бөпем.
Қой тоқтысын сой, бөпем.
Құйрығына той, бөпем! – деп жырлайды. Мұнда балаға деген жүректі жарып шыққан шынайы ыстық ықылас, оның болашақта. бөлген, өнеге көрсеткен. Баладан адамгершілігі мол, ел азаматы болуын көрсеткен. Баладан адамгершілігі мол, ел азаматы болуын тілеген. Қаоа жүрек қатал болмауын ата-ана балаға жасынан зердесіне құйып, ұқтыруға тырысып баққан. Баланы әлпештеп өсіру, ақ бесікке салып, аялы алақанымен бағып-қағу, мәпелеп ер жеткізу – мәңгі қамқоршысы болу ата-ананың қасиетті борышы деп білген.
Халық тәлімі жас ұланға баланың бүлдіршін кезінен-ақ көпшіл, ынтымақшыл, мейірімді, ізетті болуына көңіл бөлген, өнеге көрсеткен. Баладан адамгершілігі мол, ел азаматы болуын тілеген. Қара жүрек қатал болмауын ата-ана балаға жасынан зердесіне құйып, ұқтыруға тырысып баққан. Баланы әлпештеп өсіру, ақ бесікке салып, аялы алақанымен бағып-қағу, мәпелеп ер жеткізу – мәңгі қамқоршысы болу ата-ананың қасиетті борышы деп білген. Нәрестенің дүниеге келуін үлкен қасиетті борышы деп білген. Нәрестенің дүниеге келуін қуаныш көрген, оның келешегіне үлкен үміт күткен ата-ана:
Бармақтары майысып,
Түрлі ою ойысып,
Ұста болар ма екенсің?! – деп игі тілектер тілейді, өнерге, еңбекке баулиды. Бала өнерімен, талабымен елдің алды болсын деп армандайды.
Таңдайларың тақылдап,
Сөйлегенде сөз бермей,
Шешен болар ма екенсің? – деп, бесіктегі бөбектің сегіз қырлы, бір сырлы, жұртты аузына қарататын шешен болып өсуін көксейді. Бірақ халық баланы өз бейімділігіне қарай икемдеп тәрбиелеу керек екенін де назардан тыс қалдырмайды.
«Бесік жырын» ана сазды әуенмен айтып, сәбидің көңіл күйін ашады, бесіктің тербелуімен бірге, шығатын ән ырғағы нәрестені жұбатады, ұйықтатады.
Бесік жыры ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа ұласуымен ұқатар бала жұбату, тәрбиелеуде заман талабына сай мазмұнын толықтырып жаңғырып та отырады. Оған жаңа мазмұнды шумақтар да қосады.
Айналайын, балдырған,
Қылығың мейір қандырған.
Күйші болар ма екенсің?
Өнердің отын жандырған,- деген сияқты жолдар қазіргі кезде қойылып отырған талапқа сай жаңарған, түрленген.
Қорыта айтқанда, бесік жыры мәңгі өмір сүрмекші, дами бермекші. Бесік жыры «балалар фольклорындағы халық ауыз әдебиетінің алтын дәні, жыр, өлеңнің бірінші бастамасы бола тұрып, сәби құлағына ең тұңғыш рет ана сүтімен енген ана тілінің әуезді үні, әндетіп айтылатын жырының алғашқы әуені, сазы. Ендеше мәнерлеп термелеудің бет ашары да осы.
Балдырғандарды өмір мектебімен таныстыратын қызықты ертек, әңгіме, өлең тақпақтардың бәрі де баланың эмоциялық сезіміне әсер етіп, оларды ізгілікке, әдемілікке – жақсылық атаулының баршасына баулиды. Халық «Баланы - бастан» деген даналық қағиданы негізге ала отырып, естияр болғанша, яғни бес жасқа келгенше, дұрыс тәлім-тәрбие, өнегеге үйретуге зор мән берген. Сәбиге деген арнауларын, ой, тәжірибелерін, көбінесе ән-жырға қосып айтқан. Осыдан барып ана тілінің сан түрлі әуезіне құлақ түргізіп, сезімін дамытқан.
Аяғы жаңа шығып келе жатқан нәрестені өз бетімен жүруге жаттықтыруда тақпақты өлңге қосып әндетіп айтып, еліктіріп, аяғын апыл-тапыл басқанына нәрестені де мәз етіп, өзі де қуаныш сезіміне бөленген. Ол «Тұсау кесу жыры» деп аталады:
Қаз-қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейік,
Тұсауыңды кесейік.
Бұл сәбиге айтылған аналық тілек құлаққа жылы тиетін нәзік үн, әсем сазбен айтылады.
Сәби есейген сайын оған қойылатын тілек, талаптар да күрделене бастайды. Баланы біртіндеп өзін қоршаған ортамен, еңбекпен таныстырып, оны көрсете жүріп неге зер салу керектігін аңғартады. Өмір сабағын үйрете жүріп, оларға қатаң талаптар да қойылады.

Тест


  1. Мәнеріне келтіріп сөйлеу мен дауыстап оқып берудің бір құралы

  1. Жазу үлгісі

  2. Сөйлеу нақышы

  3. Оқу

  4. Айту

  5. Дауыстап оқу

  1. Желігу, қамығу т.б көңіл күйлерінде дауыс кәдуілгі қалпынан ауытқып шығу қалай аталады?

    1. Екпін

    2. Мәтін

    3. Темп

    4. Тембр

    5. Пауза

  2. Көркем шығарманың мазмұнына орай дауыс нақышын қалай анықтауға болады?

  1. Туындының идеясына байланысты

  2. Мазмұнына қарай

  3. Мақсатына қарай

  4. Автордың ой-пікіріне қарай

  5. Талдау

  1. Бала бақшада оқылатын шығармалардың басым көпшілігі неге жатады?

    1. Өмір құбылысын суреттейді

    2. Аңыз, әңгімеге

    3. Көркем туындылар мен халық поэзиясы

    4. Образ

    5. Әдебиет

  1. Көркем шығармада образдар қалай беріледі?

      1. Суреттеліп

      2. Нақтыланып

      3. Дара

      4. Жеке

      5. Жинақталып

  1. Өнердің мақсаты неде?

        1. Өмір шындығын эстетикалық тұрғыдан ой елегінен өткізу

        2. Көркем шығарманы оқу

        3. Көркем туынды ойлап шығару

        4. Өмір құбылысын суреттеу

        5. Өз ой-пікірін білдіру

  1. Сөзді сазды дұрыс үнмен айту қалай аталады?

  1. Нақышты сөйлеудің тәсілі

  2. Тексті мәнерлеп оқудың әдісі

  3. Шығарманың образды құрылымын аша білу

  4. Тарихи туындылар

  5. Түсінікті етіп сөйлеу

  1. Толқу, мұңаю, қуану, күдіктену сияқты жайттар қай уақытта сезіледі?

  1. Дауыс құбылысынан сезіледі

  2. Жүріс-тұрысынан сезіледі

  3. Көз қарасынан сезіледі

  4. Іс-қимылынан сезіледі

  5. Жауаптардың барлығы дұрыс

  1. Көркем шығарманы оқығанда не тыңдағанда адам қандай әсерде болады?

  1. Айрықша эмоциялық сезім жетегінде, эстетикалық әсерде болады

  2. Ойы басқа жақта болады

  3. Қобалжиды

  4. Елеңдейді

  5. Жауаптардың барлығы дұрыс

  1. Сөйлеу нақышы айтылу мақсатына қарай қалай болуы ықтимал?

  1. Жай, қобалжи

  2. Баяу, көтеріңкі

  3. Жылдам, қатты, асығыс

  4. Көңілді, қапалы, үрейлі т.б

  5. Жауаптардың барлығы дұрыс





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет