«МеніҢ атым Қырмызы»


Кітаптың Құранмен байланысы: Қысқаша Мазмұны



бет3/4
Дата21.04.2023
өлшемі1,33 Mb.
#85387
1   2   3   4
Байланысты:
МеніҢ атым Қырмызы» 2

Кітаптың Құранмен байланысы:

Қысқаша Мазмұны:

Роман нақышкер Зафир Ефендінің жұмбақ өлімімен бастау алады. Ыстамбұлдың тар көшелерінде суреттелетін оқиға қылмыскерді анықтау әрекетіне ұласатын шым-шытырық хикаямен өрбиді. Оқырман үшін ең оқыс тәсіл – автордың әр кейіпкер мен затты баяндау әдісінде ішкі монологқа жүгінуі. Кейіпкерлер мен өлілердің, иттің, ағаштың атынан сөйлеу арқылы оқиға желісін шиеленістіріп шығармадағы қылмыскердің кім екендігін табуға тылсым сілтеме жасайды. Шығармадағы мұндай техникалық қолданыс – тың ізденіс, тосын қадам. Бөлімдердің атауындағы «Мен Қарамын», «Мен Шекуремін», «Мен ағашпын», тіпті “Мені қанішер атайды” деу арқылы қылмыскердің жандүниесіндегі психологиялық тартысты автор өз атынан жеткізуге тырысады. Бір кереметі, аталған әдісті қолдану оқиға желісіне, не образдың эстетикалық бөлігіне титімдей зиян тигізбейді. Керісінше, шиеленісті баяндау оқуға жетелейді.Көркем шығармада махаббат, қылмыс тақырыбынан бөлек, сопылық тариқат, көркем жазу, миниатюра, кітап безендіру секілді өнер түрлері де көркем суреттеледі. Әсіресе, сурет, сәулет өнерінің мұсылмандық үлгісі мен тарихи тұлғалардың өмірі, отырықшы түркілер мен көшпенділердің мәдени көзқарасы жайындағы хикаяттар туындының өнертанумен біте қайнасқан болмысын меңзейді.

Бұл романында Памуктың оқиғаны әр кейіпкердің атынан баяндауы қызық көрінді. “Мен Қарамын”, “Мен Шекуремін”, “Мен ағашпын”, ең аяғы “Мені қанішер дейді” деп қылмыскердің толғанысының өзін өз атынан жеткізуі тың тәсіл әрі оқырманға өзгеше әсер қалдырады екен. Және мұнысының бір оқиғадан бір оқиғаға ым-жымы білінбей жалғасып отыруының өзі керемет дүние.Жазушы романға эпиграф ретінде Құранның үш аятын алыпты. Осы үш аятты оқы да, романның не туралы екенін біле бер. Алғашқысы – Бақара сүресінің “Сол уақытта біреуді өлтірдіңдер де сол жөнінде таластыңдар. Алла жасырғандарыңды ортаға шығарады” деген 72-аяты. Романның басында бір суретшінің, кейін Жезденің өлтірілуі, роман соңында өлтіруші қылмысының әшкере болуы. Бірақ қылмыскерді анықтауға Памук Қараға оқырманды көмекші етіп бергендей әсер қалдырды. Есім шығып, Көбелектің, Зәйтүннің, Ләйлектің әңгімелеріне “Қайсысы қылмыскер екен?” деп шұқшидым да отырдым ғой. Бұл да болса туындысына ынтықтырып қойған жазушының шеберлігі болса керек. елесісі Фатыр сүресінің: “Соқыр мен көруші тең емес” деп келетін 19-аяты. Бұл аятқа романнан тура мағынасында да, ауыспалысында да мысал табуға болады. Нақышкерлердің таласы... Өзара өнер жарыстыруы... Мұсылмандардың көркемсурет ерекшеліктері... Осман империясы кезіндегі миниатюралар... Суретке тиым салған Ислам діні... Маған ең қызық болғаны да осы жері шығар. Өйткені автордың дінді жақсы білетіні байқалады. Ислам әлемінің үлкен ғалымдарының бірі Ғазалиден мысалдар келтіріп отырады. Әрі романында сенімге байланысты адамның жандүниесінде болатын түрлі талас-тартысты ашық әрі айқын жеткізеді. Итті сөйлетіп, РасулАлланың оны ұнатпауын айта келіп, Кәһф сүресі арқылы өзін ақтап алғысы келуі қандай?! Мүмкін, дінді ұстанып жүрген кей бауырларым, Памуктың өлген кейіпкері “Жәннатты көрмедім” дегені үшін айыптар немесе романдағы Ислам мен христианның қақтығысы үшін сынар. Ал мен Памуктың бұл жазғандарын оқыған адамның миына азық болар дүниелер деп түсіндім. Эпиграфтағы үшінші аят - “Шығыс, батыс - әр тарап Аллаға тән” деген Бақара сүресінің 115-аяты. Расымен де бұл кітапта Шығыс пен Батыстың өзара таласы бар. Бұл романда Шығыстың небір әдемі қиссалары кездеседі. Романға оны оқырманын жалықтырмай кіріктіріп отыруы да Орхан қаламының жүйріктігі болса керек. Батыс Памуктың осы туындысы арқылы Шығысты белгілі бір деңгейде таныды деп ойлаймын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет