Меншік иесі: Ахмет Байтұрсынов атындағы



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата02.03.2017
өлшемі13,56 Mb.
#5112
1   2   3   4   5   6

Одағы  қаржыландыратын 

E R A S M U S + 

бағдарламасының  грант 

жеңімпазы атанады. Кейін Қостанай Мемлекеттік 

Университетінің Халықаралық бөлімі өткізген 

ағылшын тілінен құрама тест тапсырып, Чехия 

Республикасының Острава университетінде 3 

ай білім жинап келді.

-   Әйгерім, шетелде білім алудағы мақсатыңыз 

неде?

-  Шетелде  білім  алу  ол  сенің  отансүйгіштігіңнің 

жоқтығы немесе отандық білім жүйесінің әлсіздігінің 

белгісі емес. Керісінше, өз елінде шетелде білім алуға 

мүмкіндік жасалу еліңнің білім жүйесі қаншалықты да-

мып, қандай деңгейде келе жатқанын көрсетеді. Менің 

шетелде білім алу мақсатым- үлкен тәжірибе жинап, 

білікті маман атану болатын. Сондай-ақ аймақтану 

мамандығы  бойынша  өз  білімімді  жетілдіріп,  келе-

шекте  елімнің,  Отанымның  жан-жақты  дамуына  өз 

үлесімді қосқым келеді.

-  Өзіңіз  шетелде білім алып келген бағдарлама 

жайлы, оның маңызы туралы әңгімелеп берсеңіз.

- Мен Чехияда ERASMUS+ бағдарламасы бойынша 

3  ай  білім  алдым.  Ол  студенттердің  академиялық 

ұтқырлық бойынша жоғары білімінің сапасын көтеру 

мақсатында  Еуропалық  Одақтың  бастамасымен 

құрылған  Халықаралық  бағдарлама.  Бағдарлама 

дамушы  елдердің  студенттеріне  Еуропаның 

жоғары  оқу  орындарында  мәдени  және  ғылыми 

тәжірибе  жинақтауа  мүмкіндіктер  береді.  Өз  ба-

сым  осы  бағдарламадан  біраз  нәрсе  уйрендім.  Ал 

маңыздылығына келетін болсақ, бәсекеге қабілетті 

болашақ мамандар легін қалыптастыруға көп септігің 

тигізеді деп есептеймін.

-  Қазақстаннан  бірінші  рет  ұзап,  жат  елде 

болдыңыз. Әсеріңізбен бөлісе кетсеңіз?

- Біріншіден,  біздің университетімізге шетелге бару 

мүмкіндігін бергені үшін шексіз алғысымды білдіремін. 

Ч е х и я -   « Е у р о п а н ы ң 

жүрегі»,  бүкіл  әлемге  та-

нымал дамып тұрған мем-

лекет.  Сол  мемлекеттің 

адамдары  мәңгі  есімде 

қалады. Бәріміз ұлтқа, дінге 

қарамастан  бір  тату  отба-

сындай  тұрдық.  Өмірімде 

орын  алатын  ерекше 

сәттер  Еуропада  өтті  деп 

айтуға  болады.  Бірақ  Еу-

ропа қаншама естен кетпес 

әсер қалдырғанымен , туған 

жердің  топырағы  ыстық 

екеніне көзім жетті.



- Үлгі тұтатын жақын 

адамдарыңыз бар ма?

-  Әрине  ,  олар  менің 

ата-анам.  Тіпті  бүгінгі 

жетістіктеріме де солардың 

арқасында  жетіп  отыр-

мын. Себебі, олар  қандай 

жағдай болмасын әрқашан  

мені  қолдап,  маған  үміт 

артып отырады.

 - Өзіңізді бес жылдан 



кейін қалай елестетесіз?

- Бәлкім, мен бес жылдан кейін мамандығым бой-

ынша  мемлекеттік қызметкер атанармын. Ол менің 

басты  мақсатым. Ал әзірше ол үшін қазірден бастап 

қолымнан келгенше аянбай еңбек етуге тырысамын.

-  Сұхбатыңызға көп рахмет.  Әлі талай биік 

шыңдарды бағындыра беруіңізге тілектеспін.

Кәмшат  ТАЛҒАТҚЫЗЫ

ГӘФ журналистика мамандығының 

2-курс студенті.



Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

10


C

M

Y



K

Аты-жөні:

 

  Ерік Сымбат Таңатқанқызы



Факультеті:

  Ветерина-

рия  және  мал  шаруашылығы 

өнімдерін өңдіру технологиясы.

Курсы:

 4-курс


Хоббиі: 

Би билеу, кітап оқу, 

спортпен айналысу

Сүйікті кітаптары:

«Балалық шаққа саяхат», «Ма-

хаббат,  қызық  мол  жылдар», 

«Равновесие»

Арманы:


 Жақсы мамандық 

иесі  болып,  кіршіксіз  қызмет 

атқару

Е р е к ш е   ү л г і   т ұ т а р 



т ұ л ғ а с ы :

  Анасы  Балзи-

ра  Мұхитқызы,  оқытушысы  

Қ о н ы с б а е в а   С а я х а т 

Әкімжанқызы

Өмірлік ұстанымы:

 

Үш нәрсені ұмытпа:   



1.Өзіңді құрметте;

 2.Өзгелерді құрметте;

 3.Әр іс-әрекетіңе жауап бере біл.

Жетістіктері  мен  қоғамдық  жұмысы:

    «Арулар  отауы»  клубы 

ұйымдастырған «Асыл ару– 2015»  байқауында «Өнерлі ару» номинациясы бойын-

ша марапатталған. Университет қабырғасында өтетін іс-шаралардың барлығына 

дерлік қатысып келе жатқан студенттердің бірі. Оқудан тыс өз ортасында уни-

верситет имиджін көтеріп, оның дамуына өнерімен үлес қосып келеді.

Көпшілік  пікірі:



 Сымбат  өте  белсенді  әрі  қарапайым  студент.  Әрқашан 

ізденісте жүретін ерекше жас. Өнерге шын берілген жан.

Ө н е р л і , б е л с е н д і , ж і г е р л і

Университет мақтанышы

11


C

M

Y



K

 

ҚР Тәуелсіздігіне - 25 жыл!   

   

  Биыл  тәуелсіз  мемлекет  болғанымызға 



жиырма бес жыл толып отыр.Қазақстан 1991 

жылы  16  желтоқсанда  тәуелсіз  Республика 

деп жарияланды.Сөйтіп екі жүз жылдай пат-

шалы  Ресейдің  отары,жетпіс  жылдан  астам 

Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан 

егемен  ел  болды.Бұл  күн-Қазақстан  тари-

хына  тәуелсіз  Қазақстан  Республикасының 

туған  күні  деп  алтын  әріптермен  жазылды.

Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағаннан ба-

стап көптеген елеулі табыстарға қол жеткізді.

Бүгінгі  күні  Қазақстанымыз  күннен-

күнге  гүлденіп  өсіп  жатыр.Зәулім-зәулім 

ғимараттар,әсем де көркем үйлер,саябақтар 

тұрғызылып,  әр  қаланың  сәнін  келтеріп 

тұр.Қазақстанның  қай  аймағына  барсаң 

да  таңқалмай  кетпейсің,себебі  әр  қаланың 

өзіндік  бір  таңқалдыра  алатын  орны  бар. 

Өйткені  елордамыз  Астанада  әлемнің  сұлу 

қалаларынан кем емес.Міне биыл жас аста-

намыз он сегіз жасқа толып отыр.Осы он сегіз 

жылдың ішінде қала адам танымастай өзгерді.

Еуразияның  жүрегі,Қазақстанның  айқын 

бейнедегі айнасының бірі.Астана қазіргі таңда 

ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы,әлем таныған 

жас  қала.Мен  өзім  бас  қаламызға  барып 

көрмесем  де  Астана  мен  үшін  ыстық,себебі 

Астана менің құрдасым.Сол себепті келешек-

те  мен  де  жас  Астанамыздың  гүлденуіне  өз 

үлесімді қосқым келеді.Елбасымыз айтқандай 

21 ғасыр жастар көзімен дегендей біз жас ұрпақ 

әлі  де  Қазақстанымызды  әлемдік  деңгейге 

жеткіземіз  деген  үміттемін.Себебі  алда  ел 

мәртебесін  асқақтататын,еліміздің  әлеуетін 

әлемге паш ететің ЭКСПО-2017 халықаралық 

көрмесі күтіп тұр.Осыған байланысты елорда-

сы Астанада әлемді таңқалдыра алатындай 

көрме  салынып  жатыр.Астанадағы  ЭКС-

ПО-2017  көрмесі  ТМД  елдері  мен  орталық 

Азия  аумағындағы  өткізілетін  ең  алғашқы 

халықаралық  деңгейдегі  көрмеге  айналуы 

мүмкін.Бұл көрмеге әлемнің жүзге жуық елінен 

адамдар келмекші.Сонымен қатар бұл көрмеге 

бес  миллионнан  астам  адам  қатысады  деп 

күтілуде.Қандай ел болса да өзінің елбасшы-

ларымен  мақтана  алады.Бізде  өзіміздің  ел-

басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен 

мақтанамыз.Сол кісінің арқасында қазір қазақ 

елі күннен-күнге гүлденіп,ел мәртебесі өсуде. 

Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай оты-

рып, жаңа биіктерде ұмтылу – біздің буынның 

бағыты болуы тиіс.

                                                           

                       

Айдана МАРАТ,

ГӘФ журналистика мамандығының 

1-курс студенті.

 

 

 Қазақстан - тәуелсіз мемлекет

12


C

M

Y



K

Бабалардың  арманы

Ұлыларымызды ұлықтауға, өшкенін жандырып, 

өлгенін тірілтуге қол жеткіздік. Өткеніне өкпелеудің 

қажеті жоқ және келерінен үзілмес үкілі үміт күтілетін 

күнімізді  күлдіріп,  талмас  қалықтаған  қанатына 

ешқашан  сөнбес  алтын  күнімізді  қондырып 

самғаған,  тамыры  тереңге  кетсе  айбыны  асқақ, 

жарқырар  жұлдызы  биік    мемлекеттік  биліктің 

негізгі  нышандық  белгілерінің  бірі-көк  Туымызды 

(1997 ж 8 қараша) желбіретіп, жаңа редакциямен 

тұңғыш шырқалған «Менің Қазақстаным» (2006 ж 

11 қаңтар) атты әсем әуенді Әнұранымызды шар-

ықтатқан, елдіктің тірегі, әлемді жаңғыртатын да, 

жасартатын да, өркениеттің өрелі жолына түсіріп, 

өрісті кеңейтетін де, толқын-толқын жастың сана-

сына күн сәулесіндей құйылып, озық ойын дамы-

татын да, бәсекеге қабілетті болуына жол ашатын 

да Елбасының сарабдал саясаты. 

  Кемел  көшбасшы  моделі  басқа  ешкімнің 

моделіне де ұқсамайтын, тірегі - тұрақтылық пен 

тілегі - азаматтық татулық пен тыныштық салтанат 

құрғанның арқасында дәулеті мен сәулеті келісіп, 

әлеуеті мен қуаты  еселеп артқан, аса қысқа тарихи 

кезеңде аса күрделі зор жаңаландыруды     сәтті 

басқарудың үлгісін көрсетті.

"Төртеу түгел болса, төбедегі келеді" дегендей, 

бостандық,  бірлік,  тұрақтылық,  өркендеу  секілді 

негізгі  құндылықтарын  берік  қалыптастыру  үшін, 

қаққан  қазығы  берік,  мемлекеттігі  бекем,  төрт 

құбыласының  сайлылығының  арқасында  басты 

құндылық-ұлтаралық келісімді нық ұстап,  140-тан 

астам ұлт пен ұлыс өкілдеріне ашық-жарқындылық 

және  төзімділікпен  бір  үзім    нанды  бөлісіп  жеп, 

көкейіне келешекке деген сенімді ұялатты.  

  Қазақстан  Республикасының  «кім-кімге  де 

қанат  бітіріп,  жігеріне  жігер,  шабытына  ша-

быт  қосатын  аса  маңызды 

қоғамдық  құндылық,  са-

яси  және  экономикалық 

ойлардың  ұйытқысы,  өте 

шынайы  прагматикалық  және  теңгермелі  құжат 

ұзақ  мерзімді  күн  тәртібін,  басты  мақсаттар  мен 

басымдықтарын  қалыптастыру  мақсатында, 

жарқын  болашаққа  деген  сенімді  ұялатып,  са-

яси  жаңашылдықтың  үлгісі,  жүзеге  асырыла-

тын»  кешенді  бағдарлама  болып  табылатын 

«Қазақстан-2030»  стратегиясын  (1997  ж  10 

қазан) қабылдаудың арқасында, торығу мен қор-

қынышты, күдікті жеңе білдік. 

Тәуелсіздік! Бабалардың арманы,

Тәуелсіздік! Даналардың арманы.

Тәуелсіздік! Ақындарым жырлаған,

Асыл да алтын халқымыздың арманы.

Тәуелсіздік! Оңайлықпен келген жоқ,

Арпалысып, тартыс болып, атылды оқ.

Елім-жерім деп опынды қанша жас,

Терезесі тең және де қарны  тоқ.

Тәуелсіздік әнін бүгін шырқадым, 

Тәуелсіздік - арман болған нұр таңым.

Тәуелсіздік - арман болған бір елес,

Тәуелсіздік-асқақтаған гүл бағым.

Тәуелсіз ел - қыран Қазақ көктемі,

Көк байрағы желбіреді көктегі.

Нұрға, жырға толған мәңгі нұрлы елім,

Жапырақ жайып, бәйтерекше көктеді.

Айдос  САРЖАНОВ

 

13



C

M

Y



K

Жолсапар

ОҢТҮСТІК КОРЕЯ КҮНДЕЛІГІ

Алмасбек ӘБСАДЫҚ,

филология ғылымдарының докто-

ры, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай 

мемлекеттік университетінің проректоры

2016  жылдың  маусым  айының  басында  «На-

зарбаев  университетінің»  ұйымдастыруымен 

«Қазақстан  Республикасы  жоғары  оқу  орындары 

басшыларын  (топ-менеджерлерін)  даярлау  және 

біліктілігін арттыру» курсы бағдарламасына қатысу 

сәті түсті. Курс «Кәсіпкерлік университет» деп аталып, 

оныңбағдарламасы 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 

–  Назарбаев  университетінің  жоғары  мектебінде, 

екінші кезең – Оңтүстік Кореяда, қорытынды кезең 

күз  айында  қайтадан  Назарбаев  университетінде 

өткізу жоспарланған.Оңтүстік Кореяның білім-ғылым 

саласындағы жетістіктері һәм тәжірибесімен танысу 

мақсатындаСеул сапары ұйымдастырылған еді.

 

  



Сеул  сапары  алдында  біздер  алдымен 

Астанадағы  «Назарбаев  университетінің»  жоғары 

мектебінде(мектеп  деканы  А.Қыстаубаева) 

Ұлыбритания  жоғары  оқу  орындарының  білікті 

профессорлары  Дэвид  Локк  (кейін  ол  бізбен  бірге 

Кореяға барды, мен оны өзімше қазақшалап«Дәуіт» 

деп  атап  жүрдім)  пен  Майкл  Смит  бір  апта  бой-

ында  дәріс  оқыды.  Дәріс  барысында  ҚР  Ғылым 

және  білім  министрлігінің  жоғарғы  және  жоғарғы 

оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  департаментінің, 

Назарбаев  университетінің  басшылары  өздерінде 

атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, озық 

тәжірибелерімен бөлісті.Назарбаев университетінде 

атқарылып  жатқан  жұмыстар  шетелдік  тәжірибеге 

сүйенген.  «Мың  естігеннен  –  бір  көрген  артық»  де-

гендей, еліміздің маңдай алды жоғары оқу орнына 

үлгі болып жатқан озық тәжірибелермен танысу үшін 

екі топқа бөлініп, бір топ Германия-Нидерландияға 

бет  алса,  екінші  топ  Сеулге  ұштық.  Түн  ортасы 

ауа Астанадан көтерілген әуе кемесі Airbus 6 сағат 

тоқтамай  ұшып  отырып,«Тұнық  таң  елі»  (Страна 

утренней  свежести)  атанған  Корей  жеріне  таң  ата 

«топ еткізді». Сеулдегі біліктілікті көтеру және озық, 

өзгеше тәжірибелермен танысу орны - «Корея озық 

ғылым  және  технология  институты»  (ағылшынша 

аббервиатурасы «KAIST»).

KAIST - экономиканың жоғары технологиялық сек-

торы мен инженерия саласында зерттеулер жүргізетін, 

сол салаларға мамандар дайындайтын жоғары оқу 

орны. Ол Кореяның жеңіл өнеркәсіптегі жетекші ор-

нын жоғары технологиялық өнеркәсіпте де  алдыңғы 

қатарға шығуына ерекше септігін тигізген. Аталмыш 

оқу орнының түлектерінің басым көпшілігі Кореяның 

инновациялық кәсіпорындарының жетекшілері, елдің 

белгілі безнесмендері. Оқу орны ерекше автономияға 

және өте икемді академиялық жүйеге ие. Кореяның 

басқа  колледждері  мен  университеттері  үкіметтің 

студенттерді  қабылдау  талабы  мен  үлгілеріне,  оқу 

бағдарламаларының талабын орындау міндетті бол-

са, KAIST-тегі оқу жүйесі батыстық үлгіде құрылған. 

Институт білім министрлігіне емес, ғылым және тех-

14


C

M

Y



K

нология министрлігіне бағынады. 

Корея  ғылым  және  технология  институты  1971 

жылы Оңтүстік Кореяның Президенті Чон Хи Пактің 

бастамасымен құрылған. Мұндай жетістіктің жолын 

салған кісі – Кореяның өткен ғасырдың 60-80 жыл-

дары басшысы болған - Президент Пак. Пак билікте 

қатал  диктатор,  ал  қарапайым  жұрттың  тіршілігіне 

баянды басшы бола біледі. Табиғатынан еңбекқор, 

төзімді  болып  қалыптасқан  туған  халқының  бой-

ына  жасампаздық  пен  құлшынысты,  жаңалыққа 

құмарлықты  оятып,  әлемнің  озық  ілім-ғылымын, 

тапқан  тың  жаңалықтарын  игеруге  шақырып,  ол 

мақсатты  жүзеге  асыруға  өзі  мұрындық  болады. 

KAIST–ты ашады, оған өзі қамқор болады.

Тарихқа  шегініс.  Генерал  Чон  Хи  Пак  (билік 

құрған жылдары 1962-1980) әскерилердің ықпалымен 

президенттік  билікке  келеді.  Ол  билікке  отырған 

кезеңде  Оңтүстік  Корея  Корей  түбегінде  бір 

халықтың  «солтүстік»  және  «оңтүстік»  бо-

лып  бөлінген  соғысының  нәтижесінде  әбден 

титықтаған,  дамудың  артқы  шегінде  қалған 

аграрлық ел болса, оның билігі аяқталған тұста 

Корея индустриялды мемлекетке айналып, экономи-

када таңқалдырарлық табыстарға қол жеткізеді.

  Оңтүстік  Кореяның  таңғажайып  құбылысына 

қарап отырып «солтүстікті» амалсыз еске аласың. 

Оның  үстіне  біз  барған  тұста  Солтүстік  Корея 

алыс қашықтыққа жете алатын ядролық ракета-

сын сынақтан өткізді. Солтүстік Кореяның әлем 

жұртшылығы  алдындағы  имиджі  «Үрей  ошағы» 

ретінде  орнығып  отыр.  Бір  халық,  екі  әлем.  Бірі 

–оқшауланған:  кедей  әрі  ызалы,  екіншісі  –  ашық: 

бай  әрі  бейбітшіл.Екіншісінің  тәжірибесіне  әлем 

жұртшылығы қызығушылық танытып, ілім-ғылым 

іздеп, тәжірибе аңдып ағылып жатыр. Біздер де сол 

жұрттың қатарында едік...

  KAIST-тің  оқу  кампустары  Сеул  және  Тэджоне 

қалаларында орналасқан. Даңқты оқу орнының та-

рихи орталығы - Сеул қаласындағы кампус. Тэджон 

қаласында орналасқан Даедеок кампусында замана-

уи талапқа сай оқу кешені мен қатар ғылыми-зерттеу 

институттары,    жоғары  технологиялық,  венчурлық 

компаниялар  орналасқан.Кореяның  небір  атақты 

бизнесмендерін, компания басшыларын дайындаған 

даңқты  оқу  орнымен  танысу  Сеулдегі  кампуста 

жүргізілген дәрістерден басталды. Бұл кампус тари-

хи тұрғыда оқу орнының іскерлік қабілетінің ордасы 

ретінде  қалыптасқан.  Кампустың  ғимараттары  биік 

бел-жотаға орналасқан. Биік белге көтерілу үшін біраз 

баспалдақтарды  артқа  тастау  қажет.  Институттың 

биік  жерге  орналасуының  да  өзіндік  рәмізі  бар 

сынды.  Себебі  оқу  орны  -  Кореяның  ең  таңдаулы, 

даңқы асқан білім ордасы. Әлемдік рейтингте KAIST 

елу  озық  оқу  ордасының  қатарында  болса,  Азия 

құрлығында  ол  алғашқы  ондықта.  Ал  инженерлік 

сала мамандарын дайындау деңгейі бойынша KAIST 

әлемдегі жиырма үздік оқу орнының қатарына енеді. 

Таңдандық  әрі  тамсандық:  ғажап  табыстың  қыр-

сырын білуге құмарттық.

Бүгінгі таңдағы 45 жыл тарихында KAIST әлемдік 

(глобальдік)  зерттеу  орталығына  айналған.  Ол 

шетелдің таңдаулы оқытушылары мен ғалымдарын 

тұрақты түрде өз шаңырағына тартып отырады. Ин-

ститут ғалымдарының еңбектері рейтингісі жоғары, 

әлемге  танымал  ғылыми  журналдарда  үздіксіз 

жарияланады.  Профессорлық  құрамның  беделді 

тұлғалары АҚШ-тың беделді оқу орындарында білім 

алған.  KAIST  профессорлары  ұстаздықпен  қатар 

өздері  ашқан  ғылыми  жаңалықтарын  коммерциа-

лизациялау үрдісіне белсене қатысады. Табыстары 

жоғары. Оқу орнында бес жыл үзбей  қызмет еткен-

нен  кейін  оқытушының  бір  жыл  институт  есебінен 

әлемді  аралап,  ел  көру,  жер  көру  мүмкіндігі  бар. 

KAIST-те талантты студенттерге, олардың қатарында 

шетелдіктер де бар, гранттық негізде оқуға кең жағдай 

жасап отырады. 

Магистратура мен докторантура бөлімінде сабақ 

бірыңғай ағылшын тілінде жүргізіледі. Студенттерді 

кәсіпкерлікке баулу мақсатында Startap, инкубация 

орталықтары жұмыс жасайды. Онда білімденушілер 

инновациялық идеяларын жүзеге асырады. Оларға 

15


C

M

Y



K

өз  бинестері  жүріп  кеткенше,  институт  тарапынан 

барлық  көмектер  көрсетіледі.  Оқу  орнын  бітірген 

тұста түлек өзінің фирмасын немесе компаниясының 

жұмысын нарықта жалғастырып кетуі тиіс. Бір нақты 

мысал: біздің Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ бітірген 

Екатерина Ли атты отандасымыз KAIST-тің Бизнес 

мектебінде  магистратура  бөлімі  бойынша  оқыған 

екен. Оқу барысында ол институттағы инкубациялық 

орталық арқылы медициналық туризммен айналы-

сатын MEDIKAL AVENUE атты агенттік ашып, қазір 

сол  бизнесті  дөңгелетіп  отырған  жайы  бар.  Сапар 

барысында  оның  ақпарттық  сипаттағы 

дәрісін  өз  құлағымызбен  тыңдадық,  от-

андасымызбен жүзбе-жүз  тілдестік.KAIST 

даңқын  шығаратындар  оның  түлектері. 

Түлектер  өздері  жолдама  берген  оқу  ор-

нын үнемі қолдап, қаржылық, демеушілік 

көмек  көрсетіп  отырады...Сондай 

көмектердің арқасында Startap, инкубация 

орталықтары, жаңа білім бағдарламалары 

жүзеге асырылады...

  Кореядағы  тағы  бір  таң  қалдырған 

көрініс – тазалық пен гүл баптау, жасыл же-

лек, көгал күту мәдениеті. Бұл көрініс емес, 

сурет сынды. Бәрі қолмен қойғандай:тап-

таза,  әдемі,  әсем  әрі  әр  қилы.  KAIST-тің 

оқу кампустары орналасқан Сеул мен Тэд-

жон  қаласының  арасы  150  шақырымдай 

жер.  Осы  екі  аралықта  автобуспен  жүріп 

өткен біздер жол бойында бір бос жатқан 

алақандай жер көрмедік: я ол жерге күріш 

егілген,  не  жылыжай  (теплица)  салынған. 

Суда  тұрып  пісетін  күрішке  судың  қалай,  қайдан 

келіп жетіп жатқанын да байқамадық. Біз жақтағыдай 

арқасы  күжірейген  канал  немесе  жал-жал  болып 

жатқан арық жоқ, бірақ күріш кешіп тұратын су бар. 

Қала маңын қосқанда 20 миллионға жуық тұрғыны 

бар Сеулдің көшелерінен сірескен кептеліс не болмаса 

жол бойында орын алатын ызың-қызың шу естімедік. 

Сеулде аспалы жолдар, көпірлер, туннельдер көп. Бір 

қызығы, аспанға шаншыла ұмтылған биік ғимараттар  

жанында  ескі  Сеулдің  аласа  үйлері  де  сақталған. 

Жеке меншік құқығын қапысыз сақтау дегенің үлгісі 

деген осы болар.

  KAIST-тегідәріс  тыңдау  және  тәжірибе  жинауға 

жоспарланаған  бес  күн  ішінде  көңілге  түйген,  ойға 

жинаған нәрселер көп болды. Бәрін жіпке тізгендей 

айтып шығу мүмкін емес. Бірақ бірнеше ерекше әсер 

қалдырған тұстарды қысқаша түрде болса атап өткен 

жөн деп санаймыз. Олардың қатарына  профессорлар 

Сун Пак пен Стиф Аннның дәрістерін, атақты КІА мо-

торс компаниясына жасаған экскурсияны атап өтуге 

болады. Сун ПакKAIST-тің бизнес мектебінің профес-

соры. Бакалавриатты Сеул ұлттық университетінен, 

магистратураныKAIST-та,  ал  докторантураны 

АҚШ-тың  Мичиган  университетінде 

тамамдаған.  Ұстаздық  қызмет 

ете  жүріп  көп  жылдар  Кореяның 

атақты  компанияларына  басқару 

мененджменті, ғылым мен инновация 

жағынан кеңесші болған. Өзінің айту-

ынша, оқу үрдісіндегі қыңырлығымен 

талайдың  «қытығына»  тиген.  Бірақ 

жаңашылдық ұстанымынан қайтпаған. 

KAIST-тің басшылық қызметінде (ви-

це-президент) де болған. Аты жаман 

сырқатпен  ауырып,  басшылық  және 

профессорлық  қызметінен  де  қол 

үзген.  Қазіргі  таңда  аурудан  толық 

айығып, фермерлік кәсіппен айналы-

сып жүрген жайы бар. 

« Қ ы ң ы р »   п р о ф е с с о р д ы ң 

ақпараттық,  танымдық  мазмұны 

түрлі-түсті слайдтармен бедерленген 

кең тынысты дәрісінің (KAIST профес-

сорлары  слайдсыз  дәріс  оқымайды) 

қысқаша  мазмұны  мынадай  болды: 

Оңтүстік Кореяның экономика мен ұлттық жаңғыру, 

өркендеу жолындағы басты табысы білім мен ғылым, 

инновация арқылы жүзеге асқан. Соның арқасында 

жарты ғасыр бұрын арта қалған аграрлық ел бүгінгі 

таңда  әлемнің  озық  елдерінің  қатарында.  Бүгінгі 

таңда Оңтүстік  Кореяның SAMSUNG, LG, HYNDAI 

сынды компаниялары әлем нарығын жаулап алған. 

Айталық,  SAMSUNGнарықтағы  теледидар    сауда-

сында  жапонияның  атақты  SONI  фирмасын  артта 

қалдырған, ал смартфон жасаудан атақты APPLE-мен 

жағаласып жүрсе, машина жасау саласында HYNDAI 

жапонның  TOYOTA-сымен  тайталасатын  жағдайға 

16


C

M

Y



K

ӨӨ 


ӨӨӨӨӨӨӨ ӨӨӨӨӨ

 ӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨ

жетіп  қалған.  Бұл  орайда,  профессор  кореялықтар 

«креативтік  имитация  (тосын    қайталау)  жасау 

–  жаман  нәрсе  емес»  деген  ұстанымды  қолдана 

отырып,  жетістіктер  шебінен  көрініп  жүргенін  тілге 

тиек  етті.  Ол  білімнің  әлеуметтік  сипатына  ерек-

ше  мән  береді.  Білім  әлеуметтік  инвестиция,  ал 

әлеуметтік  сипатқа  ие  білім-ғылым,  инновацияның 

болашағы  жарқын.  Кореяда  шикізат  байлығы  жоқ. 

Бірақ оған олар мойымайды. Бар байлық адам деп 

есептейді. Сондықтан олар адам капиталын дамытуға 

жұмсайды.Материаландырылған білім қоғамға зия-

нын тигізеді. Корея – туысқандық қарым-қатынасты 

қадірлейтін азиялық ел. Батыстық білім жүйесі оның 

табиғатына  сай  келе  бермейді,  сондықтан  оны 

сол  ортаның  ерекшелігіне  сай  модернизациядан 

(жаңалаудан) өту керек деп санайды.

Ал  Стиф  Анн 

-  KAIST-тің  Тэд-

жон  қаласында 

оқу  кампусында 

орналасқан Startap 

о р т а л ы ғ ы н ы ң 

ж е т е к ш і 

қызметкері,  про-

ф е с с о р . О л 

б а к а л а в р л ы қ 

білімді Сеул ұлттық 

университетінен, 

магистратураны 

KAIST-те, ал докторантураны АҚШ-тың Стэнфордын-

нан алған. ОлХХІ ғасыр басында олSAMSUNG компа-

ниясында компьютердің оперативтік ес технология-

сымен айналысатын бөлімді басқарады.Стифбөлімде 

жұмыс бастағанда ақпаратты ешбір кедергісіз қалтаға 

салып  тасымалдай  алатын,  бәріміз  әбден  үйреніп 

алған флэш деген ұғым жоқ болса, ол 7 жыл істеп 

фирмадан  кеткенде,  флэш  қорапшасы  барлығына 

таныс зат ретінде нарықта орнығып үлгіреді. Табы-

сты  қызмет  оған  теңіз  жағасынан  сәулетті  жеке  үй 

тұрғызуға,  шалқып  өмір  сүруге  мүмкіндік  жасайды. 

Бірақ бұл азамат SAMSUNGкомпаниясындағы атал-

мыш қызметін тастап, жиһаз жасау кәсібін үйрену үшін 

Солтүстік  Ирландияға  аттанады.  Одан  кейіншарап 

дайындауды  үйрену  мақсатында  Испанияға  бара-

ды, одан кейін Австралияны аралайды. Тіл үйрену 

үшін  Қытайда  тұрады.  Ұзақ  жылдарға  созылған 

сапардан  кейін  Кореяға  оралып  ірі  компанияларда 

кеңесші  қызметін  атқарады  (Кореяда  мемлекеттік 

қызметте  болғандар  еңбек  стажына  байланысты 

зейнетке 50 жастан бастап шыға бастайды). Зейнетке 

шыққаннан кейін, KAIST-ке профессорлық қызметке 

орналасады.  Ондағы  мақсаты  –  үздік  компанияда, 

әлемді  аралаған  жылдары  жинаған  инновациялық 

білімі  мен  тәжірибесін  өзгелерге  жеткізу,  беру. 

Осылайша  ол  кәсіпкерлікке  қатысты  33  кредиттен 

түратын  бір  жылдық  жаңа  магистрлік  бағдарлама 

жасайды.  Ол  алдағы  күз  айындағы  оқу  жылында 

оны іске қосылады. Бағдарламаның пәндерін, онда 

дәріс  беретін  оқытушы-профессорлық  құрамды 

Стиф Анн өзі таңдаған. Біздерді Стифтің бойындағы 

қарапайымдылығы,  қажырлығы,  ірі  бизнестен 

қарапайым жиһаз құрастырушы, шарап дайындаушы 

кәсібіне  ден  қоюы,  тіл  үйренуге  деген  құлшынысы 

таңдандырды. Білім саласына неге қайтып келгенін 

сұраған  біздердің  жауабымызға  ол  «Адам  баласы 

жинақтаған  білім  мен  тәжірибе  әлеуметік  маңызы 

бар құрал, сондықтан ол  ұрпақтан ұрпаққа ауысып 

отыруы тиіс» деп санайтынын айтты.

Кореяның  инженерлік  өнерінің  бір  даңқты  сала-

сы – машина жасау. Біздерге атақты КІА MOTORS 

компаниясының зауытымен танысу мүмкіндігі туды. 

Қазақстанда корейлік машиналар құрасырылатыны 

белгілі.  Сондай  зауыттың  бірі  Қостанайда  да  бар. 

Мұнда корейлік HYNDAI машинасы құрастырылады. 

Сондықтан біздің  қызығушылығымыз ерекше болды. 

Зауыт  дегенде,  біздің  көз  алдымызға  қаптаған 

жұмысшылар,  темір-терсектің  салдыр-гүлдір  шуы 

елестейтіні  анық.  Ал  мұнда,  біріншіден,  зырылдап 

тұрған автоматты қондырғылар мен конвейерлердің 

дыбысынан басқа бөтен шу жоқ. Екіншіден, мұнтаздай 

тазалық.  Үшіншіден,  адам  қарасының  аздығы. 

Төртіншіден,  зауыт  конвейеріндегі  жұмыс  орнының 

замануилығы: компьютер, бел жазып отыратын диван-

кресло, сатушысыз дүкен.Тамсанатын жағдайларды 

осылай санамалап кете беруге болады...

Компанияны 2008 жылғы дағдарыс кезінде HYNDAI 

MOTORS өзіне қосып алған. Зауытпен танысу бары-

сында HYNDAI маркасының H сипатындағы логотипі 

азуын кере ашқан жолбарыстың айбарын белгілейтінін 

білдік.  Экономи-

ка  мен  әлеуметтік 

д а м у д а ғ ы 

с е р п і л і с т і 

жетістіктері  үшін 

әлем жұртшылығы 

Оңтүстік  Кореяны 

«Азия  жолбары-

стары» қатарында 

қарайтыны белгілі. 

Логотипті  жасаған 

дизайнер осы бағаны ескергені анық байқалады.

Зауыт жұмысымен танысу барысында HYNDAI мар-

калы автомобильді құрастыру үшін 33 мыңнан астам 

жабдықтар қажет екен. Оның компания 10 мыңын өзі 

дайындап, қалғанын 23 мыңнан астам жабдықты са-

тып алады. Бұл алып компанияның жанында көптеген 

орта  және  шағын  бизнес  салалары  өз  шаруасын 

дөңгелетіп отыр деген сөз. Қазақша айтсақ, «Күріш 

арқылы күрмек су ішеді». Қазақстанда құрастырылып 

жатқан  HYNDAI  маркалы  машиналарға  біздің  орта 

және шағын бизнес өкілдері компания сатып алатын 

23 мыңнан астам жабдықтың бір бөлігін тауып бере 

алатындай  дәрежеге  қол  жеткізсе,  қазақстандық 

қосылым  қатары  көбейері  сөзсіз.  «Көз  қорқақ,  қол 

батыр»  дегендей,  тәуекел  етсе,  игерілмейтін  кәсіп, 

өнер жоқ. Оған дәлел аграрлық жұрттан дамыған  ин-

дустриялды елге айналған Оңтүстік Корея халқының 

тәжірибесі.

Сеул  көшелерінде  жеңіл  көлік  болсын,  жүк 

көлігі  болсын  зырғыған  корейлік  автомобильдер. 

Автомобильдер  ағынында  жапон  немесе  неміс 

брендтері сирек кездеседі. Отандық өнімді қолдауды 

корейліктерден үйрену керек екен. Олардың бойында 

отансүйгіштік сезім мол.  Ал отаншыл азамат отандық 

өнімді қолдайды. Көзіміз осыған анық жетті.

    Көңілде  ерекше  ой  қалдырған  Корея 



жұртшылығына  «Қош  сау  болып  тұр»  дей 

келе,көкірегімізге  туған  Қазақстанда  осындай 

дамыған ел қатарына тезірек қосылса деген арман-

тілекті арқалап ұштық...

17


C

M

Y



K



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет