Өнеге
Өнерлі отбасы
- Ақжан Бақытжанқызы, сізді
отбасынызбен «Өнерлі отбасы»
сайысына қатысты деп естідік.
Сайыс туралы не айтасыз?
- Иә, біз отбасымызбен сайысқа
қатысқан болатынбыз. Бұл іс-шара
бірінші тамыз бен қыркүйек айларының
аралығында өтті. Жалпы, сайысқа елу
шақты отбасы қатысты. Финалға ең
үздік деген отбасылар жолдама алды.
Сол үздіктердің қатарында біздің де
отбасымыз болды.
- Бұл іс-шараның ұйымдастырылу
мақсаты неде?
- Негізінде сайыс Қостанай
облысының 80 жылдығына және
отбасылар күніне байланысты
ұйымдастырылған болатын. Негізгі
мақсат отбасы құндылықтарын си-
паттау, жас ұрпаққа насихаттау. Және
де кәсіподақтың осындай жанұяларға
деген қолдау көрсетілуі. Жалпы сайыс
бірнеше этаптан тұрды. Оған Қостанай
облысындағы барлық аймақтар ат
салысты. Аудандық сайыстан жеңімпаз атанған
отбасылар облысқа, финалға жолдама алды.
Осылайша, аудандық жеңімпаздар мен облыстық
отбасылар финалда бірге өнер көрсетті.
- Сайыс қандай кезеңдерден тұрды? Сіздер
үшін ең қиын болған кезең?
- Біздің отбасымыз «Шабыт» номинациясы
бойынша үздік деп аталып, жиырма сегізінші
қыркүйекте гала концертте өнер көрсетті.
Әрине, сайыс болғандықтан, қатысушыларға
бірнеше талаптар қойылды. Мысалы: отбасылық
символдар мен альбомдар, видео-ролик,
отбасылық таңба жасау болды. Өзіміздің салт-
дәстүрімізді бейнелейтін көрініс. Және соңғысы
вокалдық номер болды. Соңында отбасымыз-
бен шығып ән шырқадық. « Жұмыла көтерген
-жүк жеңіл », демекші отба-
сымызбен сайыста жұмыла
жұмыс жасағандықтан, біз
үшін барлық кезеңдер қиындық
туғызбады.
- «Сайыстың жеңімпазы»
атағын қай отбасы алды?
Жеңімпаздарға қандай
сыйлық берілді?
- С а й ы с ж е ң і м п а з ы
б і з д і ң о т б а с ы б о л д ы .
Яғни,Ипбергеновтар отба-
сы. Біз Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік
университетінің Кәсіподақ
ұйымының атынан қатыстық.
Бізді грамота және сыйлықпен
марапаттады. Барлық отбасы-
ларда сыйлықпен қамтамасыз
етілді.
А қ ж а н
а п а й
отбасыларыңызға бақыт
тілейміз! Өте әсерлі сұхбат болды. Сізге
үлкен рахмет!
Сұхбаттасқан Әсел ЖАНДОСҚЫЗЫ,
ГӘФ журналистика мамандығының
3-курс студенті.
18
C
M
Y
K
ӨӨ
ӨӨӨӨӨӨӨ ӨӨӨӨӨ
ӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨ
ҚМУ: қайырымдылық істер
Тәтті өнім шығарушылармен кездесу
Л.Н.Толстой атындағы облыстық әмбебат
кітапханасында «Ашық есік» күні өтті. Арнайы
ұйымдастырылған шара таңертеңгі сағат
10:30-дан кешкі сағат 18:00 ге дейін жалғасты.
«Баян Сұлу» АҚ Қостанай кондитерлік
фабрикасының өкілдерімен кездесу есте
қаларлықтай болды. «Баян Сұлу» АҚ Қостанай
кондитерлік фабрикасы 40 жылдан астам
уақыт жұмыс жасап келеді. Фабриканың толық
құрылысы біткені жайында 1971 жылы 30
қарашада фабриканың директоры В.Ф. Кря-
чуко жариялайды. 1974 жылдан бастап фа-
брика толық жұмыс жасай бастайды. Міне осы
күннен бастап фабрика қазіргі уақытқа дейін
тәтті өнімдер өндіріп келеді, кәмпиттердің
көптеген түрлерін шығарады. Өнімдер тек ғана
Қазақстанда емес, сонымен қатар, Қырғыстан,
Өзбекстан, Қытай, Германия сияқты елдерге
экспортталады. Кәмпиттердің құрамындағы
өнімдердің 50%- дан астамы шетелден
әкелінеді. Кәмпиттегі құсқа ұқсас марканың
тарихы ең алғаш өндірілген «Птичье молоко»
кәмпитімен байланысты. Ол еркін құс, әрі
қазақтың оюуын елестетеді екен.
Кездесуге болашақ осы мамандық бой-
ынша оқитын студенттер яғни, кондитерлік
мамандықты оқитын студенттер келді.
Студенттер өздерінің көкейінде жүрген
сұрақтарға жауап алды және болашақ
мамандық таңдауда қателеспегенін сезінді.
Өндірістік бөлімнің басшысы Шаповалова
Наталья Николаевна кәмпит жасаудағы
барлық процестерді тәптіштеп айтып берді
және студенттерді экскурсияға шақырды.
«Тәттілердің жасалуы қандай қиын екенін
өз көздерімен көріндер» - деді. Жегенде тіл
үйіретін тәттілердің оңайлықпен келмейтінін
көрсін деген болар. Наталья ханым сөйлеп
болғаннан кейін кітапхана қызметкерлерінің
дайындаған видео-ролигі көрсетілді. Кез-
десуден кейін көрермендермен кездесуді
ұйымдастырған кітапхана қызметкерлері
фабриканың түрлі тәттілерінен ауыз тиді.
Міне үлкендерді де, баларды да қуантып
жүрген «Баян Сұлудың» тарихы осындай. Бір
мақтана айта кетерлік жағдай «Баян Сұлу»
өнімдері әлемдік брентке ие!
Алмагүл ТАЛҒАТҚЫЗЫ
19
Ғұмар АХМЕТЧИН
Жазушы, ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар
одағы Қостанай облыстық филиалының директоры,
Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері
Ғұмар Ахметчин 75 жасқа толып отыр. Құрмет
орденімен марапатталған, облыстық «Қазына»
сыйлығының екі мәрте иегері, «Көзілдіріктің кесірі»,
«Қолды болған қораз», «Ұмытшақтық зобалаңы»
кітаптарының авторына мықты денсаулық, ұзақ
ғұмыр, шалқар шабыт тілейміз.
К І Л Т
Көшім жаңа жауған көбік қарға ирелең із тастап, үйінің
қақпа есігінен сүйретіле әрең кірді.
- Ай, қатын-ай, қа-а-тын! Сені ме, сені ... тұра тұр.
Жауап берген дыбыс шықпады. Көшім сүріне-қабына,
бір құлап, бір тұрып сенек алдына келіп отырды.
- Ай, катын-ай, ка-а-тын!.. Сені ме,сені,.. тұра тұр.
Қазір, қазір, қақ мандайыңнан қатырмасам ба?
Іштен ешқандай сыбыс болмаған соң. Көшім әрең
дегенде орнынан тұрып сенектің есігіне келіп, салбырап
тұрған қара құлыпты жұлқып-жұлқып қалды. Сонда ба-
рып әйелі Мәруаның кеше бұлқан-талқан боп ашуланып,
балаларын алып төркініне кетіп калғанын бір-ақ білді.
Мана, таңертеңгілік үйге құлыпты өзі салып шыққаны
жаңа ғана есіне түсті. "Кілті құрғыр кайда екен?"
Қара құлып қырау құрсанып мелшие телміреді. Көшім
ыза болып, құлыпты тағы да жұлқұп- жұлкұп, әлдекімді
сыбай боқтап жерге түкіріп-түкіріп жіберді. Кілт іздеп
бүкіл қалтасын сипалап қарап шықты да, таба алмаған
соң табалдырықтың алдында діңкиіп жаткан ағашқа
жалп етіп отыра кетті.
-Құтжо-ол, Құтжо-ол...Кә! Кә! Кә!
Сол-ақ екен Құтжол көрші үйдің қора жақ тұсындағы
шарбақтың арасынан жылт ете, құйрығын бұлғаң-бұлғаң
еткізіп Көшімнің алдына келіп қаздиып тұра қалды.
- Құтжол, Құтжол!
Құтжол иесіне одан сайын еркелеп, қыңсылай үн
шығарып, тағат таппай тыпырлады.
- Құтжо-ол, кілт қайда, Мәруа қайда-а? — Көшім
итінің басынан, арқасынан сипалап қойды. Мұны
өзінше түсінген Құтжол бір нәрсе дәм ете одан сайын
қыңсылай түсті. Көшімнің удай мас болып келіп есік ал-
дына осылайша қорбиып отырғанда кейде қалтасынан
кәмпит пен печенье алып тастайтыны болушы еді.
Құтжол да таңертеңнен бері нәр таткан жоқ. Өз үйінен
ештеңе шықпайтынын сезген ол төңіректегі үйлердің
мал қорасын қаншама тіміскіленіп араласа да, тіске
басатын ештеңе таба алмады. Көрші үйдегі Құтпан
да алдындағысын бөліспек түгілі Құтжолды көре сала
арқасын күжірейте ырылдап, арсылдай үріп, әбден иттік
жасады.
- Кілт қайда, Құтжол, кілт қайда-а? Үндемейсің,ә?
Әрине саған кілттің түкке керегі жоқ. Саған тек кәмпит
керек, кәмпит. Сен қазір үйшігіңе барасың да, мұрнынды
шабыңның арасына тығып рақаттанып жатып аласың.
Ал мен ше, мен? Мен қай қуысқа, қай үңгірге кіріп жатам?
Тағы да көршілерімнің мазасын алуым керек пе?
Құтжол иесінің қолына ұрлана карағыштаумен үнсіз
жата берді. Әрине ол егер иесінің кәмпит емес, кілт
іздеп әуреге түсіп жатқанын білсе, мана-ақ бұл жерден
тайып тұрар еді.
Құтжол, сен менің соңғы қара қатынымның да өзінен
-өзі қағынып, кеше төркініне тартып отырғанын білесің
бе? Білмейсің әрине, сен ештеңе де білмейсің... Маған
қатын дегендерің неге кұтаймайды,ә Құтжол? Қатынсыз
үйде не береке болады? Міне, сойған соғымның етін
жеп, сүйегін мүжи алмай екеуміздің мына суықга сорлап
отырған түріміз мынау. Сенің қуықгай бос ішек-қарнында
да жел гулеп тұрған шығар. Бірақ сенің затың ит қой-
саған жүн-жрқа, тері-терсек те қорек бола береді ғой.
Мына мені айтсайшы. Бүгін күні бойы самогоннан бөтен
асты татып алмаппын.
Үнсіз жатып құлақ түре тындағанмен Құтжол ештеме
түсінбеп еді. Бірақ иесінің қазір ашулы екенін, оның
мұндай
сәттерде кейде арыстанша ақырып, артынан іле
бөкседен теуіп жіберетінін жақсы біледі.
Көшімнің даусы гүжілдей шықса болды, ол лезде
үйшігіне зып беріп кіріп кетуге дайын жатыр.
- Осылай біздің жағдай, Құтжолчик. Кілт жоқ, қатын
жоқ, балалар жоқ. Енді менде өзіңнен бөтен ешкім
қалмады, бәрі де бар еді, енді түк жок, Сенің де маған
енді керегің жоқ. Адамнан көрмеген жақсылықгы се-
нен көрермін деймісің? Көз алдымда көзінді сатып,
қылқима, елмірмей кет, жоғал, доңыз! — Көшім қолдарын
ербендетіп, итіне ұмтыла түсіп, ақырып кеп қалды. Мана-
дан осылай боларын іштей сезіп жатқан Құтжол орнынан
атып тұрып, үйшігіне қарай жылыстады.
- Құтжол, Құтжол, мә,мә!
Құтжол кілт тоқтай қалып, артына жалт бұрылып,
20
Мерейтой
тағы да ит дәмемен иесінің қолына сұқтана қарады.
Бірақ ербендеген ебедейсіз кұр қолдан басқа ештеме
көре алмады.
- Құтжол, менікі жай әшейін әзіл ғой. Сенде
мысқалдай жазық жоқ. Сенің ит өмірің маған ұнайды.
Сенде ешқандай ұят жоқ, тіпті саған үяттың керегі
де жоқ. Қандай жақсы. Сенікі, бейбақ, еркін өмір
ғой. Мен сияқты алимент төлеу дегенді білмейсің. Ал
сен қудың белінен тараған осы ауылдағы иттердің
есебінде сан жоқ. Немере күшіктерің мен шөбере
күшіктерің әр үйде шұбырып жүр. Ал сенің солардың
нендей өмір сүріп, не ішіп-жеп жүргенінде ешбір
шаруаң жоқ. Сен нағыз алиментшінің өзісің. Ал соны
түк сезбегенің, білмегенің қандай жақсы. Ал мен ше?
Мен ғұмырымның үштен бірінде тапқан еңбегімнің
үштен біріндейін туғалы көрмеген, танымайтын-
білмейтін балаларыма төлеп келе жатырмын. Ертең
өле қалған күнде де алиментші деген атым соңымнан
қалмайды. Қазір көзімнің тірісінде-ақ жұрт жай Көшім
деп атамайды, маскүнем Көшім, алиментші Көшім
деп зарлайды. Кімнің ауызына кісен салып, қақпақ
қоя аласың? Мейлі!
Көшім жайлап сөйлеген соң, Құтжол да иесіне
жақынырақ келіп тағы еркелей бастады. Иесінің
етігін иіскелеп, пысқырынып қояды. Көшім итінің
жүдеу халіне мүсіркегендей оның басынан сипалады.
Құтжол адамзатқа шын берілетін итке тән сеніммен
енді иесінің дәл алдына келіп маңғаздана шоқия
отырды.
- Құтжол, сен ыл-ты-пы, қы-пы-зы дегендерді
де білмейсің. Ал мен осылардың бәрінің де дәмін
татып, босағасында отырып шықгым. Соның бәрі
әйелден таланымның жоқгығынан. Сәл ішіп келіп,
әйеліңе сәл ақырып қалсаң, немесе сәл жұдырық
жүгірте қойсаң- аяғың аспаннан келіп заң алдынан
бір-ақ шығасың. Неше рет үйленіп, загске неше рет
барғаным да есімде жоқ. Бірақ мен сорлыға желімнен
бетер жабысқақ әйелдер кездесіп, соңымнан калмай
бақыртып отырып алимент алатын боп шыға келеді.
Олардың бәрін бір жерге жиып үстеріне жермай ша-
шып, өртеп жіберер ме еді, өртеп?!
Көшімнің дауысы қаттырақ шығып еді. Құтжол
әлденеден секем алып, қозғалақтап кетті.
- Құтжол, кілт қайда, кілт қайда деймін? — Ол
тағы бос әуреге түсіп, барлық қалтасын қарап
шықгы. Манадан дәмелі болып отырған Құтжол
иесіне бұрынғыдан да жақындаңқырап, қүйрығын
бұлғаңцатып, тілімен Көшімнің танауын жалап оған
төне түсіп еді. Ыза болған Көшім келістіріп тұрып
итінің басына бір тепті. Каннен- қаперсіз тұрған Құтжол
қаңқ етіп, ыршып түсті де, иесінің опасыздығын енді
түсінгендей ырылдап үйшігіне кіріп кетті.
- Құтжол-ол, Құт-жол!!!
- Ыр-ыр-р!..
Ол кім екен? Сол Ғұмекең!
Әулиекөлде кіл ағаш түбінде өскен,
Әрине шақтары аздау шырын жескен,
Татар боп тамсадағы кіндік қаны
Қазақ боп ғибратты ғұмыр кешкен.
Ол кім екен? Сол Ғұмекең.
Шығарманың шығарып шыңға бәрін,
Шынында батпаған – ау мұңға қалың,
Бір елі Бейімбеттен қалмаймын деп
Бірде әйтеуір тауыпты Күнжамалын.
Ол кім екен? Сол Ғұмекең.
Келеңсізді өшіргіштей кіл өшірген,
Жат қылықпен жағаласқан күресі үлкен,
Қыз тудырудан ат тонын ала қашып
Еңселі екі бірдей ұл өсірген.
Ол кім екен? Сол Ғұмекең.
Көркем сөз көтеретін тауы болған,
Көлбеңдеп азапты жұмыс, ауыр алдан,
Адамнан тақырыпты таппай алғаш
Қоразды қорадағы тауып алған.
Ол кім екен? Сол Ғұмекең.
Дүбірлі дүниені саз ба дер ем,
Жүзінен көктем көрем, жаз да көрем,
Жұрт жиырмада жырласа махаббатты
Жетпісте ару жайлы жазған өлең.
Ол кім екен? Сол Ғұмекең.
Бапталған сәйгүлікше сөзі желер,
Кеткені – ай кеңістікті кезіп өнер,
Жүгірген кездері жоқ марапатқа
Жүгіріп атақ, даңқтың өзі келер.
Ол кім екен?Сол Ғұмекең.
Бұзылма табиғи сөз, табиғи әні,
Бұрылар әдеппенен әр үйге әлі,
Мешітке апта сайын бармаса да
Миында мызғымаған бар иманы.
Ол кім екен? Сол Ғұмекең.
Қартаю, жантаю және алыс тіптен,
Қияға қызығардай намыс тіккен,
Шал біткен шілде айында көйлек кисе
Шауып жүр костюм киіп, галстукпен.
Ол кім екен? Сол Ғұмекең.
Бәйгеге тай кезінен таласты әмән,
Қай кезде сөз жауыны толастаған,
Қаламмен емес, қанымен жазатұғын
Адам мен Абай жолынан адаспаған.
Ол кім екен? Сол Ғұмекең.
Нағашыбай Мұқатов
21
C
M
Y
K
Жақсы жаңалық
12-ші қыркүйек қаламызға, мұсылман жамағатына
үлкен қуаныш әкелді. Неге десеңіз? Қазақстанда
адам сиымдылығы жағынан үшінші орын алатын
Айтмағанбет Спан қажы атындағы мешіт халық
игілігіне берілді. Дәл сол күні қасиетті, ұлық мейрам
құрбан айт барша мұсылман жұртшылыққа жақсы
көңіл-күй сыйлады. Таң атысымен айт намазы оқылып,
қаламыздағы ислам дінін ұстанушы, иманды жаста-
рымыз бен аға-апаларымыз, ата-әжелеріміз және де
жақын маңайдағы ауыл-аймақтан келген қонақтар
намазға тұрған болатын. Мешіттің сәулеті көздің
жауын алардай әсем, іші әркелкі ою-өрнектермен,
түрлі-түсті бояулармен, жарық аспалы шамдармен
безендірілген.
Обылысымыздағы
қаражаты жеткен аза-
маттар Затоболда және Федоров тас жолы бойында
салынған мал сою орталықтарында құрбандық ша-
лып, үштен бір бөлігін көптен ет дәмін аузына алмаған,
көп балалы отбасыларға, әр-түрлі деңгейдегі мұқтаж
жандарға таратып, батасын алды.
Құрбан айт 3 күнге созылып, айт дастархандары
жайылды. Оған дәлел: университетімізге қарасты
№1 және №2 студенттер үйінде тағам әзірленіп, сол
жатаханаларда тұратын студенттер мен ұстаздар
және қалалық мешіттерден имамдар шақырылып,
дәмнен ауыз тиіп, рухани уағыз-әңгімелер айтылып,
құран оқылды.
Бүгінде қаламызда болсын немесе елімізде болсын
дінге бет бұрушы жастардың көбеюі көңіл көншітеді.
Мектеп оқушысынан бастап зейнеттегі қарияларға
шейін мешіт имамдарына барып, білім алып, намазға
жығылуда. Аллаға құлшылық етуде. Алайда, ис-
лам дінін жамылған өзге ағымдар ұйымдастырған
терактілерден дене түршігеді. Тіпті кей ата-аналар
балаларының намаз оқуларына тиым салғанын
естіп те, көріп те жүрміз. Мұндай жағдайлардың
қоғамымызда орын алуы халқымыздың діни
сауатсыздығын көрсетеді. Көбіне көп бозбала мен
бойжеткендер намазды коледжге немесе ЖОО-на
түскеннен кейін бастап жатады. Оған дейін, болса
ұялы телефондардағы түрлі әлеуметтік желілерден
аудио уағыздармен, болмаса ойдан құрастырылған
болмайтын әңгімелермен ғана сусындаған жастар
ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін айыра алмай, кім
алғаш уағыз жасаса - соның артынан еріп, өзге
ағымдарға өтіп кететінін байқаймыз. Сол себептен
жастайынан мешіт, медіресе молдасынан ақида,
фиқһ ілімдерін үйренген жан қорықпай-ақ хақ ислам
дінінде нық жүре
алады.
Жалпы ислам
әлемінде ғалымдардың дұрыс деп тапқан 4 маз-
хабы (мектебі) бар. Олар: Имам Әбу Ханифа,
Имам Шафиғи, Имам Мәлики және Имам Ханба-
ли. Бұл төртеуі бір бағытқа апаратын үлкен төрт
жолақты магистраль секілді, қайсы бірінің етегінен
ұстасаңыз да Алланы танып білуге жетелейді.
Әлем Мұсылмандарының 70%-ы имам Әбу Ханифа
мәзхабын ұстанады. Қазақстан да соның ішіне кіреді.
Елімізде жоғарыда атап өткендей мешіт,
медіреселер мен діни оқу орындары көптеп салын-
са, ата-аналар балаларын жастайынан ғалымдар
дұрыс деп тапқан діни білім беретін мектептерге
жіберсе, қоғамда діннен қорқу және алаңдаушылық
сап тиылар ма еді?
Құрбан айт мейрамына орайластырылып ашылған
облыстық мешітіміз халық игілігіне ұзақ жылдар
қызмет көрсетеріне сеніміміз зор.
Оразхан ЗЕЙНОЛЛА
Жаңа мешіт ашылды
22
C
M
Y
K
Білгенге маржан
Қостанай қаласындағы Ақ мешіт облыс
орталығында жаңа мешіттің пайдалануға берілуіне
және жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жа-
былды. Халыққа игілікті қызмет көрсетіп келген, Ма-
рал ишанның есімі берілген мешіттің мұсылмандарға
қайта оралу тарихына тоқталғымыз келеді.
Ақ мешіт ғимараты Совет билігі тұсында басқа
мақсаттарға пайдаланылып келді.Онда әуелі қалалық
кинотеатр, кейінірек облыстық филармонияның Кон-
церт залы болды.
1989 жылы облыстық «Қазақ тілі» қоғамы
құрылғаннан бастап мешіт ғимаратын халыққа
қайтару туралы әңгіме қозғала бастады. Ынталы
топтың құрамында Қостанай ауданында тұрған
халық ақыны Өтеміс Қалабаев, Қостанай қаласының
тұрғындары Смит Жармағамбетов, Ғабиден Тәжібаев,
Жүніс Мұсабаев, Рудный қаласының тұрғыны Омар
Төртбаев, «Шаңырақ» корпорациясының президенті
Уәлихан Айтмұхамбетов, кәсіпкер Серік Нұрханов,
ақын Ақылбек Шаяхмет, тележурналист Мұхтар
Қажымұратұлы, жергілікті молда Абдулхамит Өтенов,
көптеген қазақ және татар азаматтары болды.»Дала
қоңырауы» газетінде мешітті қайтару турады бірнеше
мақала жарық көрді.
1991 жылы 13 мамырда мешіт ғимаратында – сол
кездегі Концерт залында Түркия азаматы, Стамбул
университеті мен діни медіресенің шәкірті Миллетхан
Зенгинмен кездесу өтіп, оған Алматыдағы «Тәуба»
имандылық ұйымының өкілі, адам құқын қорғау
жөніндегі халықаралық үйлестіру кеңесінің мүшесі
Мұратбек Есенғазин,сонымен бірге Стамбулда діни
дәрістер тыңдаған жерлесіміз Сапаржан Темірбаев
қатысты. Осы жолы екінші рет мешіт ғимаратында
құран аяттары оқылды.
Алғаш рет Құран аяттары 1986 жылы қаза
болған Желтоқсан құрбандарына 1987 жылы өткен
Еске алу кешінде дәл осы залда оқылған болатын.
Оны да «Қазақ тілі» қоғамының облыстық ұйымы
ұйымдастырған еді.
1991 жылы Қостанай облыстық атқару комитетінің
Кіші залында тіл жанашырлары мен діндарлар жина-
лып, өз ұсыныстарын білдіргеннен кейін облыстық
кеңестің төрағасы Н.Князев пен қалалық комитеттің
төрағасы В.Корнев мешітті қайтару туралы ұсынысты
қолдайтынын айтты.Осы жылы мешіт ғимараты
мұсылмандарға қайтарылды. Оның реми түрде
ашылуына сол кездегі Қазақстан мүфтиі Рәтбек
қажы Нысанбайұлы қатысты.Осы жылы «Қазақ тілі»
қоғамы облыстық ұйымы мен Ақ мешіт бірлесіп облы-
ста тұңғыш рет «Дидар» кафесінде ауызашар өткізді.
1993 жылы мешіттің салынғанына 100 жыл толуы
аталып өтті. Оған сол кездегі облыс әкімі Кенжебек
Үкин және Ақ мешіттің хатиб-имамы Асқар Мұсаұлы
қатысты. 1993 жылы осы мерейтой қарсаңында
«Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымы басқармасы
мен Ақ мешіттің алқасы өзара бірлесіп, «Тірілтейік
тілімізді, Дәріптейік дінімізді» деген тақырыпта теле-
марафон өткізді. Марафонда он миллион теңгеден
астам қаржы жиналып, мешіт қажетіне жұмсалды.
Ақ мешіттің тарихы
23
C
M
Y
K
Достарыңызбен бөлісу: |