Меншік иесі: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін



Pdf көрінісі
бет13/17
Дата30.12.2016
өлшемі13,65 Mb.
#754
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

дактикалық ойындар. Дидактикалық 
ойындар  –  бала    білімін  арттырудың 
құралы.  Сабақта  ойындарды  қолда-
нудың  түрлі  жолдары  бар.  Бастауыш 
сынып  оқушылары  әлі  де  ойын  бала-
сы, сондықтан мен оларды жалықтыр-
май  әртүрлі  ойын  түрлерімен  сабақты 
қызықты  өткізуге  тырысамын.  Ойын-
дар оқушылардың шығармашылық ой-
лау  қабілеттерін  жетілдірумен  қатар, 
сөздік қорларын да молайтып, сауатты 
жазуға  да  баулиды.  Оқушылар  ойын 
ойнау  барысында  үйренген  сөздерін 
айтып  қана  қоймай,  оның  қандай 
мағынада  қолданылатынын  да  біледі. 
Ойынды  бір  жүйеде  оқу  пәндерінің 
мазмұнымен тығыз байланыста жүргі-
земін. 
Дидактикалық  ойын  балалардың 
жас  ерекшеліктеріне  және  өтілетін 
сабақтың тақырыбына, мазмұнына сай 
етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. 
Бала  ойын  іс-әрекеті  үстінде  бі-
лімді  қалай  игеріп  жатқанын,  ал  оқу 
үрдісінің  қалай  ойынға  ұласып  кет-
кенін  аңғармай  қалуы  тиіс.  Ойын  әді-
сімен  өту  жұмыстары  бірнеше  ма-
ңызды  мәселелерді  шешеді:  бірінші-
ден,  оқушылар  ойын  кезінде  бір-бірі-
мен  тілдік  қатынасқа  тез  түсіп,  бір-
бірімен  қарым-қытынасы  артып,  шы-
ғармашылық  қабілеттері  артады,  бұл 
оқушылардың 
сөйлеу 
мәдениетін 
дамытады;  екіншіден  оқулықта  беріл-
ген материалды қызығып, ынта-жігер-
мен  оқиды,  бұл  оқушыларды  білімді 
сапалы  меңгеруін  қамтамассыз  етеді; 
үшіншіден,  оқушылардың  арасында 
А. Насыргазина, 
Н.Островский атындағы 
№4 Күршім орта 
мектебінің бастауыш 
сынып мұғалімі, 
Күршім ауданы 

Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
79 
Педагогический  
ВЕСТНИК 
Педагогический 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
жарыс  пайда  болады,  оқушының  жеке  тұлғалық 
қасиеттерін қалыптастырады; төртіншіден, оқушы-
лардың  логикалық  ойлау  қабілеттері  дамиды. 
Оқушылардың белсенділігін, саналы ойлана білуін, 
қиындықты  жеңу,  шыдамдылыққа  үйрету  менің 
негізгі мақсатым. Осы орайда қазақ тілі сабағында 
оқушыларды қызықтыратындай, ойын оятатындай, 
іскерлігін дамытатындай дидактикалық ойындарды 
жиі  қолдануға  тырысамын.  Дидактикалық  ойын-
дарды төмендегіше жіктеуге болады: 
Дидактикалық  ойындар  ретінде  ребус,  сөз-
жұмбақ, үндемес, ұйқасын тап, анаграмма ойында-
рын  пайдалануға  болады.  Қазақ  тілі  сабағында 
дидактикалық    ойын  –  оқу  үрдісіндегі  оқытудың 
әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық 
категория болып табылады. Іс жүзінде оқушыларға 
сапалы білім беруге болатынын өзімнің сабақ беру 
тәжірибемнен дәлелдеп өтейін. 
Мысал: 
«Қай әріпті жоғалттым?» ойыны. 
Оқушылар  дауысты,  дауыссыз,  жуан,  жіңішке 
дыбыс түрлерін ажыратуға дағдыланады. 
«Ойлан, тап» ойыны. 
Оқушы  буындар  арқылы  сөзді  қатесіз,  анық 
айтуға дағдыланады. 
«Сөзді тап» ойыны. 
Оқушыларға  дауыссыз  дыбыстардың  өзіндік 
ерекшеліктерін  ұғындыру,  олардың  сабаққа 
қызығушылығын  ояту,  шығармашылық  қабілетін 
жетілдіру. 
4 «Жоғалған буын» ойыны. 
 
 
 
 
 
 
 
5 «Жасырын сөзді тап» ойыны. 
Берілген  әріптер  қатарынан  жасырынған 
сөздерді тап. 
Д А Қ И Ю А Р Қ Т 
П А Р И Ш А Я Н Т С 
Қ Я Л П У  Ж И Ю Ц У 
Ң Ы Л Ұ Я Л Ш А Қ Ы 
 
Ребус шешу. 
 
 
 
 
6 «Бәйге  алу»  ойыны.  Ойынды ойнамас бұрын 
сұрақтар қойылады.  
- Қандай ұлттық ойындар бар?  
- Атпен ойнайтын ойындар түрлерін ата.  
- Біздің еліміз қалай аталады?  
- Ел рәміздерін ата.  
Осындай  сұрақтардан  кейін  кеспе  қағаздар 
беріледі.  Онда  тапсырма  жазылған.  Дұрыс  әрі  тез 
тапсырманы орындаған оқушы жеңімпаз болады. 
7 «Кім тапқыр?» ойыны. Қойылған сұрақтарға 
берілген  әріптерден  басталатын  сөздермен  жауап 
беру. (Е,Б,Ә) 
- Сенің атың кім? 
- Демалыста қайда барасың? 
- Сабақ нешеде басталады? 
8  «Ұшқыр  ой»  ойыны.  Суреттерді  жасырып, 
соның  белгілерін  айту  немесе  қимылмен  көрсету 
арқылы не жасырылғанын табу. 
Әр  сабақтың  тақырыбына  сай  ойындарды  пай-
даланып  отыру  оқушылардың  ынтасы  мен  зейінін 
арттыра  отырып,  тез  жазу,  оқу,  қазақ  тілі  пәнін 
игерудегі  белсенділіктерінің  артуына  ықпал 
жасайды. 
Қолданылған әдебиеттер 
1. ҚР «Білім туралы заңы», Астана, «Ақорда» 2013. 
2. «Қазақстан-2050» стратегиясы. 
2.  Қазақ тілі: Жалпы білім беретін мектептің 2-сыныбына арналған оқулық/Г.И.Уайсрва, Р.С.Әміров, 
Ә.Е.Жұмабаева. 4-басылымы, өңделген. – Алматы: Атамұра, 2013. 

80 
 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
Б 
и  -  бала  тәрбиесінің  және  да-
муының  тамаша  тәсілі.  Ол  рухани 
әлемді  құнарландырады,  балаға  жеке  
тұлға  ретінде  ашылуға  көмектеседі. 
Қозғалыстың,  музыканың,  ойындар-
дың  өзара    байланысы  белгілі  ортада 
баланың  өз-өзін  еркін  ұстауына,  сал-
мақты,  жағымды  эмоция  жасайтын 
атмосфера  қалыптастырады.    Бимен 
айналысу баланың  сымбатты денесін, 
қозғалысында  жеңіл,  нәзік,  дұрыс 
үйлестікті қалыптастырады.  
Бұдан  өзге  бала  музыканың 
ырғағын,  екпінін,  табиғатын,  сезіне 
бастайды, бастысы - оның көркемдік-
шығармашылық  қиялы  дамиды. 
Барлығы,  сөзсіз,  оны  терең  тұлға 
ретінде  қалыптастырады,  өзін  және 
өзгені  түсінуіне    үйретеді.  Адамның 
жан  дүниесін,  көңіл-күйін  көтеретін 
бидің түр-түрі өте көп.  Кез келген  би 
қарапайым  дененің,  қолдың  және 
аяқтың  негізгі  қалыптарынан, 
буындарды қыздыру қимыл- жаттығу-
ларынан  басталады.  Бұл  би  қимыл- 
 
дарын  үйренудің  бастауы.  Би    және 
музыканың  тамаша  әлемінде  бала 
ашық-жарқын  өзінің  көңіл-күйін, 
эмоциясын  көрсете  алады.  Мұның 
барлығын  бірдей  күнделікті  өмірде 
көрсету мүмкін емес сондықтан бидің 
және  музыканың  басты  ерекшелігі 
осында.  Сондықтан би өнері әдемілік 
пен әсемдіктен өзге психотерапиялық 
нәтижелердің:  яғни  баланың    ашық 
және  жарқын  болуы,    ұялмай  еркін, 
қозғалып,  ішкі  қарама-қайшылық-
тарын жеңе білуінде деп білемін. Тіп-
ті  ең  тағы,  ұялшақ,  үндемейтін  бала-
ның  өзі  ашық  және  жатырқамайтын 
болады. 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  ЗЕЙІНІН 
ОЯТУ.  Би  билеуді  үлкен  де  кіші  де 
сүйеді.  Бастысы  -  белгілі  бір  қағида 
бойынша билеу емес адамның қозғала 
білуінде.  Би  музыка әуенімен немесе 
музыкасыз  жай    қозғалыс  емес,  ол 
біздің даралығымыздың, ішкі жан дү-
ниеміздің,  сезімімізді  қимыл  арқылы 
жеткізе  білу  болып  табылады.  Би 
Г. Уалханова, 
«Балбұлақ» өнер 
мектебінің би мұғалімі, 
Өскемен қаласы 

Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
81 
Педагогический  
ВЕСТНИК 
Педагогический 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
арқылы бала әлемге деген көзқарасын өзгертеді. Би 
шығармашылық  зейінді  оятады.  Шеберлік  пен 
тапқырлық  адамзат  табиғатына  әсіресе    балаларға 
айрықша тән. Көбіміз жылдар өте келе сол сапаны 
жоғалтып  аламыз.  Көптеген  ересектер  жақын 
достарының  ортасында  ән  айтып,  би  билеп 
беруге  ұялады.  Шынында  неге  біздің  бала-
ларымыз  ұялшақ,  тұйық  болып  өсуі  керек? 
Мұндайға  жол  беруге  болмайды!  Балалармен 
жұмыс барысында қыз баланың ата-анасымен 
әңгімелескенде:  егер  қыздарыныз  анасының 
кешкі  көйлегін  киіп  айна алдында өзін  кешкі 
балдағы  ханшайым  ретінде  елестетіп  билеп 
жүрсе оны мазақ етпеңіз. Немесе егер ұлыңыз 
ас  үйден  тамақ  сүзгішін,  шөмішті  алып  теңіз 
қарақшысы  болып  ойнап  жүрсе  оған  күлмей 
оның әуестігінің шығармашылық тапқырлығы 
деп  түсініңіздер  деп  айтқан  болар  едім. 
Мұндай  тапқырлыққа  түсінүшілікпен  қара-
ғандарыңыз  жөн  деп  айтар  едім.  Баланың 
артистік  шеберлігін  қолпаштай  отырып,  біз  өзіміз 
де  өзгереміз.  Ең  бастысы  жас  әртістердің  өзіне 
деген    сенімділігі  артып,  баланың  абстракты 
ойлауы  және  қиялға  толы  ойы  жұмыс  істей 
бастайды.  Ал  анасы  мен  әкесі  баласының 
шығармашылық жетістіктерін мақтан ете алады. Би  
жаттығуын  үйрену  кезінде    баланың  өзіне  деген 
сенімі артады. Бала өзінің ойлаған мақсатына жете 
алатындығына,  қандайда  бір  істі  соңына  дейін 
толық  орындай  алатынына  сене  бастайды. 
Мұғалімнің  ризашылығын  көру,  оқушысының  би 
үйренудегі  кезекті  қиындықты  жеңуін  көріп 
қуануын бала түсінеді - ол балаға ұнайды! Ендеше, 
ол керек, оны бағалайды! Ол - сүйікті!  
Балалар  биінің  басты  ерекшелігі  –  мазмұнды 
ойын.  Ойын  бала  өмірінде  үнемі  болады.  Ойын 
сюжеті  билерде  қиялды  дамытудың  мүмкіндігі 
болып  табылады.  Сюжетті  бидің  өзгешеліктері 
балалардың  би  шығармашылығының  тууы  мен 
дамуына  қолайлы  жағдай  жасайды.  Сюжетті 
билердің  тартымдылығы мен ерекшелігі: орындау-
шының  әртүрлі  образдарды  сомдауы,  костюмнің 
кейіпкерге  сәйкес  болуы,  кейіпкердің  мінезінің 
алуан түрлі болуы және осы кейіпкерлердің өз ара 
би  сюжетінің  дамуына  қарай  қарым-қатынасында. 
Осы  өзгешеліктер  арқылы  мен  әртүрлі  ойын 
жағдайларын  жасаймын,  балалардың  шығарма-
шылық дамуына ықпал етемін.  Кейіпкердің  мінез 
құлқының  әртүрлі  болуы  балалардың  бір  біріне  
еліктеуіне  мүмкіндік туғызады.   
Менің    сюжетті  билерде пайдаланатын  музыка-
лық туындыларым балалар үшін мазмұны жағынан 
жақын, таныс, қолжетімді, қарапайым шығармалар. 
Сюжетті  би  қойылымын  бастарда  балаларға  музы-
калық  шығарманы  тыңдатып,  келешек  би  қойы-
лымының  мазмұнын  әңгімелеу,  түсіндіруден 
бастаймын. Сюжетті балалар билерінде атрибутика
ойыншықтар,  декорациялар  би  қимылдарын  орын-
дау  шеберліктерін  арттыруға  септігін  тигізеді.  
Музыкалық-ырғақты  қозғалысты  үйретуде  бала-
лардың  физикалық  ерекшеліктерін  ескеремін. 
Жүрек  –  қан  тамырларының  әлсіз  болуы,  дене 
бітімдерінің  нәзік  болуына    байланысты    қатты 
шаршауына  жол  бермеймін.  Шаршау,  қажу  – 
ағзаның  толық  күшпен  жұмыс  істей  алмай-
тындығының  көрсеткіші.  Физикалық  жүктемені 
және демалысты біркелкі алмастыруға тырысамын.   
Мұғалім  баланың  шамадан  тыс  зорығуына, 
шаршауына жол бермеуі керек , себебі ол бала ден- 
саулығына  кері  әсерін  береді.    Би  мұғалімінде    өз 

82 
 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
оқушыларының  денсаулығы жайлы толық ақпарат 
болуы керек.  Балалармен жұмыста олардың жүйке 
жүйесінің қалпын ескеру керек.  Шамадан тыс қоз-
ғалыс  баланың  ойлау  қабілетіне,  зейіні  мен  ынта-
сына кері әсерін тигізеді. Сондықтан бала шаршап, 
көңіл күйі болмай тұрғанда құлаққа жағымды баяу 
әуендерді  тыңдатып,  терең  тыныстап  бір  уақ  дем 
алу керек.   
ТӘЛІМ-ТӘРБИЕНІҢ  ӘДІСТЕМЕСІ.  Сабақты   
жоспарлау кезінде дұрыс бағытта оқыту және тәлім
-тәрбие  беру  үрдісі  сабақ  барысының  қызықты, 
танымды  өтуінде:  кіші  сынып оқушыларының  жас 
ерекшеліктерін ескере отырып әр баланың жекелей 
тілін табуында болып табылады. Сабақты балалар-
ға  түсінікті  формада  және  оларға  қолжетімді 
материалдармен оқытамын.  
Сабақ кезеңдері 
1.  Бірінші  кезең:  музыка  және  қозғалыстармен 
танысуды  ұсынады.  Бірінші  кезеңнің  шешімі:  оқу-
шы  алғаш естіген әуенінің  мінезін,  бағытын  анық-
тап, өзіне таныс би қимылдарынан әуенге лайықты 
би қимылын таңдап алуында. Әртүрлі тапсырмалар 
беру  арқылы  балалардың  ойлау  қызметін  ынта-
ландырады,  шығармашылыққа  деген  қызығушы-
лығын  оятады  және  би  қимылын  жаттауды  жыл-
дамдатады.  
2. Екінші кезең. Ұзақ та көп еңбекті қажет ететін 
кезең. Яғни, би қимылдарын меңгеру, жаттату және 
оның  таза  орындау  дағдысының  қалыптастыру  ке-
зеңі.  Оның  негізін  балалардың  белсенді  тәжіри-
белік  қызметі  құрайды.  Ұстаз  өз  кезегінде  оқушы-
ның үлкен жетістіктерге жету мақсатынының орын-
далуына  шығармашылық  атмосфера    қалыптасты-
руы қажет. 
3.  Үшінші  кезеңі:  қайталау,  қозғалыс  дағдысын 
бекіту.  Бұл кезеңде балаларды биге үйретудегі мін-
деттің негізі болып - меңгерген тапсырманың сапа-
сын  тексеру,  меңгеру  кезіндегі  туындаған  қиын-
шылықтар және оны болдырмау жолдары,  тапсыр-
маның  орындалуы.  Сабақ  барысында  баға  қойыл-
майды,  бірақ  ауызша  олардың  жетістіктері  атап 
өтіледі. Балалардың тек соңғы нәтижесін ғане емес  
жұмыстың кезеңдік нәтижесі де бағаланады.  Айта-
лық,  «сен  өткен  аптаға  қарағанда  сол  қимылды  
жақсы  орындадың,  Азамат!»  деп  аз  жетістіктерін 
мақтап,  қолпаштап  отыру  қажет.  Би  сабағында 
жеңіл  классикалық,  балдық  билерден  өзге  халық 
билерімен  де  таныстырамыз,  үйретеміз.  Халық 
билерін  үйрену  барысында  балалар  би    арқылы  әр 
ұлттың салт-дәстүрімен  танысып, құрметтей білуді 
үйренеді.   
Біздің  «Балдаурен»  би  тобының  негізгі  шартта-
рының  бірі  -  жас  бишіге  ықыласты,  мейірімді  
қарым-қатынас білдіру. Басты мақсат - кәсіби биші 
дайындау  емес,  баланы  биге  баулу.  Мейлі,  бала 
ешқашан әртіс немесе би маманы болмаса да, ол әр 
дайым алғаш кербез қозғалысты, әсем мүсінді өнер-
дің  сиқырлы  сырын  ұмытпайды,  есінде  қалады. 
Балалардың шығармашылық қиялының оянуы, шы-
ғармашылық белсенділігі, өз бетінше музыка әуені-
нен алған әсерін әдемі қимыл арқылы жеткізе алуы, 
музыкалық  сауаттылығы  мұның  барлығы    күнде-
лікті  сабақта  орындалатын  тапсырмалардың  қоры-
тындысы.  «Балдаурен»  би  тобының  жас  бишілері-
мен  жұмыста  әр  балаға  әуенмен  би  билеуге  деген 
ынтасын,  биге  деген  қызығушылығын  ұстаз  тара-
пынан жақсы көңіл-күймен, ықыласпен баули білу.  
Орындалған  жұмыстың  сапасының  негізгі  
бағалау  өлшемі  -  балалардың  үйренген  билерінің 
келісімді, мәнерлі  болуының қорытындысы ретін-
де мерекелік шараларда, концерттерде бидің толық 
нұсқасын орындап көрсетуінде. 
Қолданылған әдебиеттер 
1.  Ахутина  Т.В.  Здоровье  сберегающие  технологии  обучения:  индивидуально-ориентированный 
подход // Школа здоровья. 2000. Т. 7. №2. С.21 – 28. 
2.  Сергиенко  Т.Е.  Работа  с  педагогами  дополнительного  образования  по  повышению  их 
компетентности в области здорового образа жизни на уроках ритмики /Т.Е. Сергиенко //Методист.  – 
2006. – №10. – С.63-68. 
4. Сивцова А.М. Ритмика – ключ к здоровью /А.М. Сивцова //Методист. – 2007. – №2. – С.65-68. 
5. Журнал «Образование в современной школе» №9 (70). 2005. С.15-17.6.  

Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
83 
Педагогический  
ВЕСТНИК 
Педагогический 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
М 
ектеп  қазіргі  өмір  деңгейіне 
сәйкес  келетін  толыққанды  білім 
беріп  қана  қоймайды,  сонымен  бірге 
оқушыларда  патриоттық,  адамгер-
шілік,  азаматтық,  эстетикалық, еңбек-
сүйгіштік,  жауапкершілік,  мақсат-
керлік,  зияткерлік,  бәсекеге  қабілет-
тілік және көптеген басқа қасиеттерді 
қалыптастырады. 
Елбасымыз 
Н.Ә. Назарбаевтың 
«Еліміздің  ертеңі  жас  ұрпақтың  қо-
лында,  ал  ұрпақтың  тағдыры  ұстаз-
дардың  қолында»  деген,  олай  болса, 
сабақтың  әр  кезеңін  әдістемелік  тұр-
ғыда дұрыс таңдап, тәрбиелік әлеуетін 
арттыруда  мұғалімге  зор  жауап-
кершілік жүктеледі. 
Оқу  үрдісінде  тәрбиелік  міндет-
терді  шешу  үшін  көп  мүмкіндіктер 
бар,  өйткені,  бала  уақытының  көп 
бөлігін  мектептегі  сабақта  өткізеді. 
Өкінішке  орай,  педагогтар  мен  ата-
аналар  арасында  сабақта  тек  білім 
ғана  берілу  керек  деген  ой  қалып-
тасқан.  Бірақ,  ықылас  болған  кезде 
білімді өздігінен де алуына болады, ал 
қарым-қатынас  жасаудың,  адамдар-
мен,  достарымен,  үлкендермен  және 
кішілермен  өзара  іс-әрекет  етудің 
әлеуметтік  тәжірибесін  игеруді,  күр-
делі  өмірлік  проблемаларды  шешуді 
тек  қана  арнайы  ұйымдастырылған 
оқу-тәрбие үрдісінде ғана үйренеді.  
«Тәрбиесіз  берілген  білім  -  адам-
заттың қас жауы» деп әл-Фараби айт-
қандай, адам білімді орынды пайдала-
на  алмаса,  оның  ешқандай  мәні  жоқ 
екені  баршаға  мәлім.  Егер  ол  басқа-
лардың  мүддесін  ескермей,  ой-өрісін 
(интеллектісін)  өз  мақсатына  жұм-
саған жағдайда тіпті қауіпті болады. 
Тұлға  адамгершілігінің  деңгейі 
төмен немесе тіпті болмаған жағдайда  
 
осындай  жағдаят  туындайды.  Соны-
мен,  мектеп  түлегі  өзінің  білімділік 
және  тәрбиелік  әлеуетін  қандай  жол-
дармен іске асыратыны, ол білімі мен 
ынтасын  құруға  немесе  қиратуға  ба-
ғытталатыны  тәрбие  міндеттерінің 
шешіміне байланысты.  Сабақтың тәр-
биелік  әлеуетін  қандай  жолдармен 
іске  асыруға  болады?  Сабақта  диалог 
болуы  үшін  мұғалім  не  істеуі  тиіс? 
Сабақтың тәрбиелік әлеуетін іске асы-
рудың үш басты бағытын көрсетеміз: 
– материал мазмұнын іріктеу; 
– сабақ құрылымын жетілдіру; 
– қарым-қатынасты ұйымдастыру. 
Мұғалім  -  оқушы  қарым-қатынасы 
өзара  сыйластық,  сенім,  саналы  жа-
уапкершілік қалыптасқанда толыққан-
ды  диалог  туады.  Бастауыш,  орта 
буында  сабақты  атақты  адамдар  өмі-
рінен қысқа әңгіме, аңыз, мақал, мате-
матикалық  жұмбақтармен  және  тағы 
да  басқа  әдіс-тәсілдермен  оқушының 
сабаққа деген қызығушылығын оятып, 
бірте-бірте сабақ тақырыбына көшу өз 
нәтижесін береді.  
Алгебра  сабағында    «Туындының 
физикалық  және  геометриялық  мағы-
насы»  тақырыбын  өту  барысында 
ЭКСПО-2017  көрмесінің  логотипін-
дегі Болашақ энергия түрлерімен бай-
ланыстыра  түстер  бойынша  3  топқа 
бөлдім.  Еліміздің  мәдениетіндегі  ұлт-
тық өзіндік ерекшеліктерін танытатын 
және  экономикалық  және  техноло-
гиялық  дамуының  деңгейін  бүкіл 
әлемге 
көрсететін 
ЭКСПО-2017  
халықаралық  көрмесінің  Қазақстанда 
өтуі,  «Болашақ  энергиясы»  туралы 
мәліметті қолдану арқылы оқушылар-
ды  қоғам  жаңалықтарынан  және  өз-
герістерінен  тыс  қалмауға,  патриот-
тық сезімін оятуға баулимын. 
Б. Тюлюкпаева, 
А.С. Пушкин атындағы 
орта мектептің 
математика пәні мұғалімі, 
Сағыр ауылы, 
Ұлан ауданы 

84 
 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 
«Біздің  дәуіріміз  –  жылдамдықтар  уақыты»  деген 
сөзін  туындының  физикалық  мағынасын  ашуда 
қолданып,  ұшып бара жатқан ракетаның суретінде 
жолдың,  жылдамдықтың,  үдеудің  мағынасын  аша-
мын.  Сабақты  Ш.А.  Амонашвилидің  әдістемесін 
қолданып, оқушылар назарын сандардың симфони-
ясына  аударамын  немесе  математикада  симфония 
бола ма? Келіңдер, ойланайық. Немесе, бір рет кесу 
үшін  неше  рет  өлшеу  қажет?  Неге  дәл  7  рет  және 
тағы сол сияқты сұрақтар қою арқылы оқушыларды 
ізденімпаздыққа тәрбиелеймін. 
Оқушылардың адамгершілік тәрбиесіне мұғалім 
тұлғасы  да  көп  ықпал  етеді.  Мұғалім  қырық  бес 
минут  бойы  сыныппен,  өз  оқушыларымен  оңаша 
болады.  Осы қырық бес минутта оқушы мұғалімді 
өз  ісіне  берілген,  құштар  жан  ретінде  көруі  тиіс. 
Сонда ғана ол балаларды өз үлгісімен баурай алып, 
барлығын  шығармашылық  ізденіске  қоса  алады. 
Әсіресе, мұғалімнің ойын дауыстап айтуы, оқушы-
лардың  ойын  жетелеуі,  мәселенің  дұрыс  шешімін 
іздестіруі,  соңғы  нәтиже  қандай  болатынын  білу 
үшін  ілгері  қарауы  жоғары  сынып  оқушылары  са-
бақтарындағы  ең  мықты  тәрбиелік  сәттер  болып 
саналады.  Бұл  оқушыларды  қызықтырады,  олар 
қандай  да  бір  сұрақтың  жауабын  бірге  іздейді, 
ұжымдық іздестіру бабын жасайтын белсенді пози-
цияда  болады.  Ой  ғана  ойлауға  үйретеді.  Сондық-
тан  мұғалім  әрбір  оқушыны  тыңдауға  уақыт  таба 
білуі  қажет,  олардың  әрқайсысына  ізденіске  қаты-
суына,  дұрыс  және  қисынды  жауап  құрастыруына 
мүмкіндік беруі тиіс. 
Балаларға  уақытты  бағалауды  үйрету  қажет. 
Сол себепті  мұғалім  барлығын  дер  кезінде  бастап, 
жұмысты  уақытпен  орындауы  тиіс;  оқушылардың 
сабаққа  ұзақ  жиналғанын күтпеуі  керек.  Сабақтың 
әр  кезеңіне:  сабаққа  даярлығы,  жаппай  сауалнама, 
өзіндік  жұмыс,  жазба  жұмыс,  жаңа  сабақты  түсін-
діруге қатынасқаны үшін баға қою қажет. Мұндай 
тәсіл зейінді, жинақылықты дамытады, өзін ұжым-
да  бағалау  мүмкіндігін  береді.  Мұғалім  жұмысы-
ның маңызды кезеңі оқушылардың назарын ғылым 
мен адамгершіліктің арақатынасына аудару. 
Сабақтың  тәрбиелік  қызметін  арттырудың  бір-
ден бір тиімді құралы –  проблемалық оқыту.  Про-
блемалық  оқытудың  тәрбиелік  мәні  балалардың 
жаңа  деректерді  «ашуына»  өздігімен  келуімен 
емес,  оларға  ойдың  ерекше  стилін  дағдыланды-
руында,  мұғалімнің  оқушы  тұлғасына  жақсы  әсер 
етуі  күшейгенде  ғана  ашылады.  Дәл  таң  қалдыру 
сияқты адам ықыласын ештеңе аудармайтыны және 
ой еңбегін ынталандырмайтыны белгілі. Материал-
ды  табиғи  реттілікпен  баяндаудың  бұзылуы,  озық 
тапсырмаларды  қолдану  проблемалық  жағдай  ту-
ғызу  үшін  үлкен  мүмкіндіктер  береді.  Бұл  орайда 
танымдық  тапсырмаларды  ұсынудың  формалары, 

Педагогика 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет