Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
87
Педагогический
ВЕСТНИК
Педагогический
ВЕСТНИК
№1 (57) 2015
амал-әдістерді
әрқайсысын
бөлек
үйреніп
болғаннан кейін оларды тұтас қосып үйрету әрине,
жақсы нәтиже берері сөзсіз.
Бала тәрбиесіндегі қоршаған ортаның шешуші
роль атқаратыны анық. Әрине бірінші орында
отбасы мен мектеп. Ұстаздық оқушысы және оның
ата-аналарымен жақсы қатынаста болуы оған
баланың үй және тұрмыс жағдайын жақсы білуге
көмектеседі. Мұндай өзара байланыс шәкіртінің
мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал етуіне,
көзқарасы мен талғамын ұштауға, білім мен ой-
өрісін кеңейтуге, тіпті жан-жақты жетілуіне
музыка құдыретімен әсер беруге көмектеседі. Ал
мұндай жағдайға жету үшін шәкіртінің алдында
ұстаздың беделі жоғары, бала қызығатын өмірлік
әлеуметтік мәселелеріне қанық болуы керек. Тіпті
дауыс қою, отырып-тұру, мимика бет-әлбет
қимылы сияқты ұсақ-түйектердің өзі ұстаздың
беделін құрайды. Ұстаз әуелі қобызды баланың екі
тізесі аралығына қойып үйретіп, содан кейін
барып, баланың бос қолын қажетті бағытпен
сүйемелдеп қобызға жеткізіп, оны дұрыс ұстауды
үйретеді, бірте-бірте дағыландырады.
Қызығушылығын арттыру
Бәрімізге белгілі, қобызда ойнауды үйренудің
алғашқы кезеңі, негізінен алғанда, шәкірт үшін
қызығы аз, зеріктіретін процесс. Сондықтан ал-
ғашқы сабақтардан бастап қобызға баланың
қолдарын дұрыс қоюдан басқа, музыка саласын-
дағы басқа дағдыларды да таныстыра отыру керек.
Мысалы ән айту, салатын әндерін іріктіру, ноталық
сауатын ашу. Жаңа дағдыға қадам жасау шәкірттің
ынтасын оятып қызықтырып отырады. Бір мезгілде
екі шәкіртті үйрету де жақсы нәтиже береді. Бір
шәкіртке қандай да бір жаңа тәсілді көрсете
отырып, екіншісіне зер салуды, зейін салуды, зейін
қоя тыңдауды тапсырады. Кезектесіп көрсетіп
қайталауды, ойнап беруді талап етеді. Осылайша
екеуінің арасында шығармашылық сайыс көрініс
табады. Екеуі де бірін-бірі қамшылай отырып,
тапсырманы тез де, жеке-жеке меңгеруге құл-
шынады. Ұстаз өзінің қатысуымен біріне екінші-
сінің қобызды дұрыс не бұрыс ұстағанын тексе-
руді, ал байқалған олқылықты түзетуге тапсырады.
Келесі сабақта олар өздерінің міндеттерін
ауыстырады.
Ұстазды оқушымен алғаш кездесуі және
оның мәні
Ұстаз бірінші кездесуге мұқият дайындалады.
Өйткені, бұл оқушы үшін елеулі оқиға. Шәкірт
музыка мектебіне алғашқы сабаққа келгенде
қызықты да ғажайып құбылыспен жүздесетіндей
жұмбақ көңілімен табалдырықты аттайды.
Бірінші сабақтың әсері баланың жанында
ұмытылмастай терең із қалдырады, тағылымы есте
берік сақталады. Ол заңды құбылыс. Қабылдау
мүмкіндігіне қарай баланың ойында өзінің
ұстазына және оның алғашқы сабағына деген оң
немесе теріс пікірі қалуы сөзсіз. Сондықтан ұстаз
алғашқы кездесуде балаға жақсы әсер қалдыруға
ұмтылады. Ол шәкірттің тек қана игі әсер алуыңа,
сыныпта оның өзін еркін ұстауына, сабақта
белсенді де ынталы отыруына, берілген музыкалық
тақырыпты жете игреуіне көмектесуге міндетті.
Балалар жаңа жағдайда бір-біріне тез үйренеді. Бір
мезгілде сабақты екі-үш рет оқушымен жүргізуге
болады, музыка әуенімен салтанатты жүру, музыка
суйемелдеуімен ән салу, сонан соң әр баланың ол
әуенді күйсандықта теруі. Сол сияқты, есту
қабілетін
дамыту
және
нота
бойынша
сауаттандыру-жетілдіру жағы да ұмыт қалмайды.
Қол қойылымы
Ұстаз назары қолдың сыртқы сипатына емес,
бұлшық еттердің еркін қимылына көңіл бөлуі
керек. Бүкіл дене бұлшық еттерін еркін қозғалысы
шәкірттің ешбір қиындық көрмей қолдарының
дұрыс қойылуы үшін де, сондай-ақ ойын ырғағы
үшін де тиімді табиғи қалып табуына көмектеседі.
Аспапта ойнаған тұста балаға ең алдымен
қолдарының, сондай-ақ тұлғасы және аяқтарының
дұрыс бағыты аса қажет. Отырғанда тұлғасын
дұрыс ұстау физиологиялық тұрғыдан да дұрыс
екені түсінікті ғой. Ойнау барысында қолдар
үздіксіз өзгеріс үстінде болады. Шәкірт аспапта
ойнау шеберлігін меңгерген сайын өзінің қол
қойылымын, отырысын өз ыңғайына қарай жетіл-
діре береді. Ұзақ уақыт бойына қобызда шаршамай
ойнау үшін музыкант өзін еркін ұстаумен қатар,
денесін жинақы сақтауы, орындықтың жарты бө-
лігіне немесе үштің біріне жайғасып отыруы тиіс.
Оң қолдың қойылымы
Оң қол бос, бірақ белсенділік жағдайында
болуы керек. Сұқ саусақ таяқшаның сыртқы
жағынан сүйемелдей жанасады. Ортаңғы және аты
жоқ саусақ өз еріктерінше бос жатуы керек. Негізгі
төрт саусақтың орта буындары шамамен бір
деңгейде болуы тиіс. Барлық саусақтың да
формасы – кейпі сәл дөңгеленген бейнеде беріледі.
Бас бармақ та дөңгеленіп шеңбер сипатта таяқша
(ысқыш) тұтқасында шамамен ортаңғы саусаққа
қарсы, бірақ түйіспей орналасады. Балаға қолды
дұрыс қоюды жеңілдету үшін саусақтардың
90
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
№1 (57) 2015
орындайтын өзіндік жұмысы,
басқаша айтқанда, технология
пәні бойынша жүргізілген
шығармашылық жұмыс. Шы-
ғармашылық жобаның техно-
логия пәнінде алатын орны
өте зор. Шығармашылық жо-
ба арқылы оқушының ұлттық
дүниетанымы,
эстетикалық
талғамы дамиды. Оқушылар
санасында жас кезінен бастап
еңбек етуінің қажеттілігін,
маңыздылығын сіңіру, пайда-
лы іс жасауға, қандай іс болса
да, шын ниетпен және ұқып-
ты
орындауға
дағдылан-
дырады.
Оқытудың осындай идея-
ларын ұстанған сабақтарда оқушылар өз ойларын
еркін айтатын болғандықтан, оларда түрлі пікірлер
пайда болады. Олардың қандай да болмасын
мүмкін қате немесе шала ойларын шыдамдылық-
пен тыңдап, оқушыларды сенімділікке бастау
мүғалімнің басты міндеті.
Қолданбалы экономика мақсаттары:
- мамандықты сонымен қатар жеке экономика
мәселелерін таңдауда оқушылардың өз мүмкін-
діктерін ұсынады. Олар:
- оқу, хат және базалық білім;
- графиктер мен таблицаларды түсіну;
- алынған мәліметтерді
зерттеу және талдау;
- кішігірім топтарға жұмыс істеу және оларды
басқару және т.б.
Нақты тақырып төңірегінде оқушының алдында
әр кезеңде мақсатқа қол жеткізудегі ұмтылыс
нығая түспек. Шығармашылық жобаны іске асыру
барысында қол жеткен жетістіктер:
* Ата-аналардың өз балаларының іс-ірекеттерін
ұйымдастыруға
қатысуға
қызығушылығының
артуы.
* Баланы шығармашылық жұмыс істеуге
дағдыландыруға бағытталған әр іс-шараның тәр-
биелік мақсаттарға жетуі.
Қала көлемінде оқушылардың шығармашылық
жұмыстарын көрмелерге шығарылып, қазіргі кезде
мұғалімнің он үш оқушыдан тұратын үйірме тобы
бар. Мұнда оқушылар қазақтың ұлттық бұйым-
дарын, оның ішінде - қамшы өруге, әшекей сый-
сандықтар,
бесіктер,
ер-тұрманның
теріден
жасалатын бұйымдарын жасауға икемділігі бар
сонымен қатар қазіргі нарықтағы тапсырыстар
бойынша жиһаз мүліктерін жасауда.
Қолданылған әдебиеттер
1. «Қазақстан мектебіндегі технология» журналы, №4/2014. Алматы
2. «Мектептегі технология пәні» журналы №12/2014. Алматы
3. «Бейнелеу өнері, еңбекке баулу және сызу» журналы, №1/2014. Алматы