Мереке мезіреті жәрмеңКЕ


– Парламент Мәжілісінің депутаты бо-



Pdf көрінісі
бет6/19
Дата21.10.2023
өлшемі1,6 Mb.
#120376
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Парламент Мәжілісінің депутаты бо-
лып сайландыңыз. Қандай мәселелерге ат 
салыстыңыз?
– 1995 жылы Қазақстан Республика-
сы Парламент Мәжілісінің депутаты бо-
лып сайландым. Ол уақытта облыс әкімі 
Бердібек Машбекұлы болды. Оның тазалығы, 
адалдығының арқасында сайлауға 5 адам 
түсіп, олардың ішінен жеңіп шықтым. Ондағы 
тіршілік мүлде бөлек. Үлкен өмір мектебі. 
Тәжірибе алдық. Сол жақта жүріп бірнеше депу-
тат Абай атындағы жоғары оқу орнында сырт-
тай оқып, заңгерлік білім алдық. Депутаттық 
қызметімде Арал мәселесін көтердім. Техника 
ғылымдары бойынша кандидаттық диссерта-
ция қорғадым. Ал енді 4 жылда не істелді деген-
ге келсек, ол кезде демократия бар еді. Ойымыз-
ды бүкпесіз айтатынбыз. Келіп түскен заңды 
қабылдасақ, қабылдаймыз, шикілігі болса кері 
қайтарып, әр позициядан пікірімізді айтатын-
быз. Мажоритарлық жүйенің мықтылығы да 
сонда жатыр ма деймін. Кейін партиялық тізімге 
көшті. Ол жерде партияның фракция сы не айта-
ды, соны қолдау керек. Сөйтіп, депутаттардың 
күш-қуаты әлсіреп қалды деп ойлаймын. 
Айлық та, зейнетақы да уақытымен берілмей, 
ақша табылмай жатқан тұс. Өліара шақта 
Қызылорда қаласында арнайы экономикалық 
аймақ құрылды. Оның құрылуында Бердібек 
Сапарбаевтың өлшеусіз еңбегі жатты. Ол Мем-
лекет басшысына арнайы кіріп, осы мәселенің 
оң шешілуіне ықпал еткен азамат. Ондағы мақсат 
– облыстың экономикалық, әлеуметтік жағдайын 
көтеру. Бұл – бірінші. Осындай аймақ республи-
када 2 жерде болды. Солтүстікте Лисаковскіде 
және бізде. Екіншісі Арал экологиялық апат 
аймағына байланысты берілетін жеңілдіктер 
туралы заң. Осы мәселелер бойынша 4 жыл бой-
ына заңды қорғадым десем, артық айтпаған бо-
лармын. Осы заңдар 2000-жылдары қозғалмай 
тұрды. Арал заңын бірнеше мәрте жоюға ұсыныс 
берілді де. Бірақ біз қабылдамай тастадық, тек 
бір бөлігінде халыққа тегін дәрі-дәрмек беретін 
жерін ғана жойдық та, қалғанын қалдырдық. 
Бізден кейінгі депутаттарға қарным ашатыны, 
мысалы, ,Арал, Қазалыда жұмыс істегендерге 50 
па йыз, қала, басқа аудандағылардың айлығына 
30 пайыз экологиялық үстеме қосылып беріледі. 
Ал енді зейнетке шыққанда дым берілмейді. 
Бұл қалай сонда, зейнетке шыққасын ол адам 
ешкімге керегі жоқ па?! Бұрын Арал аймағында 
15 жыл тұрған адам басқа жаққа көшіп барғанда 
оған сол жеңілдіктер сақталатын. Оған арнайы 
анықтама берілетін. Қазір соның бәрі жойылған, 
бірде-біреуі жоқ.
Парламентте жүріп, елмен таныстық
халықпен етене жұмыс істедік. Одан кейін 
1999 жылы облысқа шақырылып, облыс 
әкімінің орынбасарлығына тағайындалдым. 
Облыстың экономикасы мен орта және шағын 
бизнес кәсіпкерлігінің кураторы болып қызмет 
атқардым. Шүкір жаман жұмыс істемеген 
сияқтымын. Не істедіңіз дегенде, қалада 
көпір салынды. Ең халыққа керекті деген 
жұмыстармен айналыстық. Көпір салуға 3 млрд 
теңге қаржы бөлінді. Соған қолымнан келгенше 
үлес қостым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет