Qarmaqshy tańy
Qarmaqshy tańy
Karm
Karm__tany@mail.ru
tany@mail.ru
2
2
Айна
СӘТІ ТҮСКЕН СҰҚБАТ
№78 (10240)
№78 (10240)
3 қазан 2023 жыл
3 қазан 2023 жыл
сейсенбі
сейсенбі
«ҚАРМАҚШЫ –
ҚАСИЕТ
ҚОНҒАН МЕКЕН»
– Шахизат Хамитұлы, биыл 75 жасқа
толады
екенсіз.
Алдымен
мерейлі
жасыңызбен құттықтап қояйық. Адам
бірден үлкендікке жетпейді. Әркімнің
жүріп өткен жолы, қарым-қабілеті, тәлім-
тәрбиесі болады. Мейлінше, осы нәрселер
адамның қалыптасуында шешуші рөл
атқармақ. Сіздің өскен ортаңыз, шыққан
тегіңіз жайлы
білсек. Әңгімені осы сауалдан
тарқатсақ?
– Мен 1948 жылы дүниеге келіппін. Әке-
шешем Хамит Төребаев пен Назипа Өтегенова
Жалағаш ауданына қарасты Таң ауылының
тумалары. Кішкентайдан отбасында жалғыз
бала болып өстім. Қармақшымен бізді не бай-
ланыстырады? Әкем 1937-1938 жылдары
педагогикалық
училищені бітіріп, Қармақшы
ауданына, оның ішінде елге барып қазіргі Дүр
Оңғар ауылында мектеп директоры болған. Ол
кездегі мектепті елестетер болсақ, 2 бөлмелі
қоржын там ғой.
Өзі айтып отыратын, күн
салқында ағаш бұтап, көмір жағатын едік
деп. 1942 жылы сол Қармақшының әскери
комиссариатынан соғысқа аттанып кетеді.
Одан аман-есен
оралған соң ауылда жұмыс
істеген, Өзбекстан барған. Онда да қарап
жүрмей, өзбек жеріндегі қазақ балаларының
білім алуына септігін тигізген. Қазақ мектебін
ашып, өзі соған басшылық жасайды. Сөйтіп,
қазақ балаларын оқытқан. Біздің отбасы 1956
жылы Қызылордаға келдік. Қаладағы Оси-
пенко, одан кейін 1 мамыр атындағы мектеп-
те білім алдым. 1965 жылы мектепті үздікке
бітіріп, үлкен өмір жолына шықтым.
Қазіргі
жастарға сабақ болсын, айта кетейін. Біздің
жас кезімізде де әртүрлі топ жететін. «Шан-
хай», «Автобаза», «Шымбай», тағы басқасы.
Сонда мектепке сырттан дене шынықтыру
пәнінің
мұғалімдері келіп, бокстан үйірме
ашты. Сол үйірмеге 30-40 баладай қатыстық.
Арасынан қалалық, облыстық, республикалық
деңгейдегі жеңімпаз-жүл де герлер өсіп шықты.
Сол спорттық үйірмеге қатысқанымыздың
арқасында ешқандай бұзақы топқа қосылмай,
бұзақылық жасамай, сабағымызды оқып
және бізге де ешкім тиіспей, оқуымызды
бітірдік.
Спортпен
айналысқанның
болашағымызға көп көмегі тиді. 1966 жылы
орта мектепті бітіргеннен
кейін Алматыдағы
политехникалық институтына оқуға түстім.
«Автоматика және есептеу машиналары» деп
аталатын факультетке қабылдандым. Конкурс
жоғары болды. Бір орынға бірнеше абитури-
ент таластық. Оқу орнын 1971 жылы аяқтап
шықтым.
Достарыңызбен бөлісу: