Мереке мезіреті жәрмеңКЕ


– Студенттік уақыт адам өмірінің



Pdf көрінісі
бет5/19
Дата21.10.2023
өлшемі1,6 Mb.
#120376
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
1-bet merged compressed-21-2

Студенттік уақыт адам өмірінің 
қызықты бір кезеңі ғой?
– Ол рас, студенттік кезде де қарап 
жүрмедік. Қоғамдық жұмыстарға араластық. 
Ыңғайымды байқады ма, факультеттің дека-
ны Баян Рақышев мені жатақханаға студент-
тер кеңесінің төрағасы етіп сайлады. Тәртіп, 
тазалық, уақытылы жатақханада болу секілді 
мәселелермен айналыстық. Бір қызығы – сол 
жерде «Дос-Мұқасан» ансамблі құрылды. До-
сым Сүлеев, Мұрат Құсайынов, Шәріп Омаров, 
Мейірбек Молдабеков, Сағидолла Қасенов 
деген азаматтар бәріміз бірге оқыдық. «Са-
мал» атты клубын құрып, сол «Дос-Мұқасан» 
ансамблінің дүниеге келуіне себепші болдық. 
– Жоғары оқу орнын бітірген жас жігітсіз. 
Өмір жолы қалай жалғасты?
– Иә, институт бітірген соң Қызылордаға 
келіп, ол кезде политехникум, қазіргі агрокол-
леджге мұғалім болып орналастым. Алланың 
сәтімен жолымда кіл жақсы адамдар кездесті. 
Политехникумға келгенімде директор Алек-
сей Цойдан көп қолдау көрдім. Алдаберген 
Көшкенбайұлы деген де кісі болды. Осында 
5 жыл жұмыс істедім. Екі жарым жылдан соң 
мені техникумның комсомол комитетінің 
хатшылығына сайлады. Оның 1500 мүшесі 
болды. Айлық төленетін. Облыстың сту-
денттер отрядын басқардым. 2-3 жыл обком 
комсомолдың тапсырмасын орындадық. Бірде 
обкомға қызметке шақырды. 1976 жылы 
обкомның бір бөліміне нұсқаушысы болып
жұмыс ауыстырдым. Онда біраз жыл еңбек 
еттім. Үлкен азаматтармен таныстым. Көп нәрсе 
үйрендім. Пара деген болмайтын. Мысалға, 
қай жұмысқа барсам да пара берген емеспін. 
Қабілетің болса, қызметте көтерілетінсің. 1987 
жылы Қызылорда қалалық атқару комитетіне 
төрағаның 
орынбасарлығына 
жіберді. 
Тәуелсіздік алып, нарыққа көшкеннен соң 
қоғамға қиындау болғаны белгілі. Бірінші бо-
лып жекешелендіруді халыққа үйреттік. Коо-
перативтер ашылды. Үлкен кісілер жағы біледі, 
жетіспеушіліктер орын алды. Сол кездегі Еркін 
Әуелбековтің көмегімен көптеген шаруа тын-
дырылды. Әкімдікте қала әкімінің орынбаса-
ры, бірінші орынбасары болып 9 жыл жұмыс 
істедім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет