Мереке мезіреті жәрмеңКЕ



Pdf көрінісі
бет2/19
Дата21.10.2023
өлшемі1,6 Mb.
#120376
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
Ұстаз алдын көрмеген жан жоқ шығар, сірә. Өскелең ұрпаққа 
білім беруді өзіне кәсіп қана емес, өмірлік мән қылған ардақты да 
қадірлі мұғалімдер өңірімізде жетерлік. Мұғалім болу – әркімнің 
қолынан келеді. Ал нағыз ұстаз болу үшін көп еңбек пен тер төгу 
қажет. Мереке мезіретіндегі бүгінгі мақаламыз 27 жылдан аса са­
налы ғұмырын ұстаздық жолға арнаған кент орталығындағы №121 
мектептің мұғалімі Қарлығаш Мырхиева туралы болмақ. 
Шәкіртке
қамқор Қарлығаш
Қырман басы қызу еңбек
Қазір ауданға қарасты ауылдағы 
шаруашылықтарда қызу еңбек. Шар уа ­
лар егін ору қарбаласының бел ортасында 
жүр. Көктен берген, жерден өнген өнімді 
төкпей­шашпай жинап алудың қамындағы 
жұртшылық әрбір қолайлы күнді тиімді 
пайдалануға тырысып бағуда. Әне­міне 
дегенше күз мезгілінің екінші айы да жетті. 
Қазір шаруаларға керегі ауа райының 
қолайлы болуы. Жауын жаумай тұрып, 
күрішті уақытында қамбаға құю.
Тілімдей жерден жылдық азық жинауға 
кіріскен диқан қауымы күндіз-түні атыздың ба
­
сында. «Диқан жерім дейді, жері үшін ерінбейді» 
дегендей, ала жаздай маңдай тердің несібесін 
қырманға тасып әлек. Әр атыздың ішінде төбесі 
ғана көрініп, жер сүзгілеген комбайндардың 
жүрісі дамылсыз. Тіркемесіне күрішті толты
­
рып тиеген трактор техникалары да түтінін 
будақтата қырман мен алқаптың арасын жалғап 
жүр. Дәл қазіргі сәтте қай шаруашылыққа 
барсаңыз да осы көрініске куә боласыз.
Биыл аудан бойынша көктемде жалпы егіс 
көлемі 26288 гектар алаңға егіс орналасты
­
рылса, оның ішінде күріш көлемі 13770 гектар. 
Қазір күріш жинау науқаны бойынша бүгінгі 
күні 7810 гектар күріш орылып, 5935 гектар 
күріш бастырылып отыр. Нәтижесінде 33270,5 
тонна Сыр салысы қамбаға құйылып, орта өнім 
әр гектарына 56,1 центнерден алынуда. Ал егін 
жинау жұмыстарына барлығы 156 трактор, 75 
комбайн, 82 жатка, 62 жүк көлігі және 96 трак
­
тор тіркемесі қатысып отыр.
Дәнді дақылдардан 1050 гектар жаздық 
бидай мен 150 гектар арпа толықтай жина
­
лып, 374,5 тонна бидай 75 тонна арпа қамбаға 
құйылды. Майлы дақылдар бойынша 1028 гек
­
тар мақсары толықтай орылып, одан 575,5 тон
­
на өнім алынып, орта өнім гектарына 5,6 цент
­
нерге айналған.
Жақында аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы 
шаруашылықтардың күзгі жиын-терім жұмыс-
тарын білмекке Ақтөбе, Жаңажол, Ақ жар ауылы
­
на барды. Сапар барысында «Оңталап», «Ақтөбе 
и К», «Жаңажол», «Ақжар» шаруашылығын ара
­
лап, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен 
танысты.
Ақтөбе ауылындағы Әбдіхамит Аралбаев
басқаратын «Оңталап» шаруа қожалығы 
барлығы 961 гектар күріштің бүгінгі күні 
580 гектарын орған. Күріштің әр гектарынан 
55,0 центнер өнім алуда. Шаруашылықтың 
егін жинау жұмыстарына 70 адам жұмыспен 
қамтылған. Биыл шаруашылық қырманын 
жаңа қоймалармен толықтырған. Ал «Ақтөбе 
и К» шаруашылығындағы күріш ақтау зауы
­
тында да жұмыс қарқынды. Тау-тау болып жи-
налған күріш ала жаздай еңбектің нәтижесін 
көрсетіп тұр. Аудан басшысы әр шаруашылыққа 
барғанында сары алтынның сапасын салысты
­
рып көрді.
Аудан әкімі Ақтөбедегі сапарында «Қар-
мақшы құс» ЖШС құс фабрикасына тоқтап, жұ-
мысын бақылады. Құрылысы толық аяқталған 
нысанның бүгінде іші жаңа құрылғылармен 
жабдықталған. Түркия елінен инкубациялық 
жұмыртқалар әкелініп, орналастырылған. Жел-
тоқсан айында құс фабрикасы алғашқы өнімін 
шығарады деп жоспарлап отыр. Алдағы уа-
қытта сандық-автоматтандырылған жүйемен 
жұмыс жасайтын цехтар толықтай іске қосылса, 
100 адамды жұмыспен қамтуға дайынбыз дейді, 
шаруашылық директоры Нұрлан Іздібаев.
Дүр Оңғар ауылындағы «Жаңажол» серік-
тестігі биыл күріштің «Лидер» және «Сыр 
сұлуы» сортына басымдық беріп, 3100 гектарға 
еккен. Қазіргі күні 2000 гектар күріш орылып, 
65 пайыздан жоғары орындап отыр. Аудан 
басшысы Жандос Еркінбекұлы шаруашылық 
төрағасына өнім сапасын төмендетіп алмау-
ды, жас инвесторларға сан жылғы еңбек 
тәжірибеңізді бөлісіп отырсаңыз деген тілегін 
жеткізді.
Ал «Ақжар» шаруа қожалығының егін жи
­
нау жұмысы да қызу үстінде. Алқапта 3 ком
­
байн, 2 жатка, 6 жүк көлігі тіркемесімен ты
­
нымсыз жүр. Қожалық басшысы Нұрлан 
Қомшабаев 750 гектар күріштің бүгінде 550 
гектары бастырылғанын айтты. Аудан әкімі 
шаруашылық басшыларымен кездесуде биылғы 
күрішті төкпей-шашпай абыроймен жинап алу
­
ды нықтап тапсырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет