Мереке мезіреті жәрмеңКЕ



Pdf көрінісі
бет14/19
Дата21.10.2023
өлшемі1,6 Mb.
#120376
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
С.АБДУЛҒАЗИЗ,
Қармақшы ауданы
 прокуратурасының аға про
-
куроры
ҚЫРЫҚ КҮН ӨТТІ ӨЗІҢСІЗ
Жанұямыздың ұйытқысы, берекесі бола 
білген, асыл да ардақты, жарқын жүзді, кеше 
ғана ортамызда ақылын айтып отырған 
аяу лы анамыз 
Нағима Байкөшкеновадан
айырылғанымызға қырық күн болды. Бізге 
жарық дүние сыйлап, өсіріп, тәрбиелеп, 
өмірдің бір кірпіші болып қалануымызға 
септігі тиген, әрқашан демеу болып, 
адаспауымызға жол сілтеген жанды жоқ деу қандай қиын. 
Көзі тірісінде ағайынға қадірлі бола білді. 
Біздер үшін орны бөлек дара шың,
Парасатты бойға құйған данасың. 
Қара жерге қалай ғана қия алам,
Маржан мінез, пәк жүректі анашым. 
Алланың ісі, пендеміз бәрін ұғамыз,
Сағынып жүрміз, жылаймыз, іштен тынамыз.
Жұмақтан болып мәңгілік алған мекенің,
Жаратқан ием қабыл болсын дұғамыз. 
Ардақтымыздың өмірден өткеніне қырық күн толуына 
орай 7 қазан күні сағат 11.00-де Қасқыр Наметша көшесі, №7 
үйде қырық күндік құдайыжолы береміз. Оған ағайын-туыс, 
құда-жекжат, дос-жаран, көрші-көлем мен сыйлас жандарды 
түгел шақырамыз. 
Сағына еске алып, қырқына шақырушы
балалары, немерелері, Үсенбаевтар әулеті
БІР ЖЫЛ БОЛДЫ БЕЙНЕҢДІ КӨРМЕГЕЛІ
Әрбір пенде өмір барда өлім барын мойын
­
дайды екенбіз. Бірақ жас пен қартқа қарамай 
мезгілсіз қайғы салатыны өкінішті-ақ. Жан 
баласына жаттығы жоқ, әрдайым сабырлы 
қалпымен көптің есінде қалған әулетіміздің 
ақылшысы, ардақты бауыр, қамқор әке бола 
білген 
Скендір Жолдасбайұлы Рахметовтың 
арамыздан мәңгілікке алыстағанына бір жыл 
толды. Ойсыраған орнына қарап жабырқаймыз. Алланың 
ісіне амал бар ма? Ол бізді әрқашан түзу жолға салып, ұдайы 
ақыл кеңесін айтып отыратын. Осы болмысымен мәңгі жады
­
мызда сақталады.
Арамыздан сен алыстап кеткелі,
Өтіп жатыр өмір деген өтпелі.
Арамызды жалғап жатыр бүгінде,
Сағыныштың салып тұрған өткелі.
Жайлы болсын мәңгі мекен тұрағың,
Сөнбесінші шамшырағың,шырағың.
Туған-туыс, бауырларың еске алып,
Бағыштайды өзіңе арнап Құранын.
Ардақтымыздың өмірден өткеніне бір жыл толуына 
орай сағына еске алып, 7 қазан күні сағат 12.00-де «Ғибрат» 
ас үйінде жылдық ас береміз. Оған әкемізді танитын барлық 
ағайын-туыс, құда-жекжат, дос-жаран, көрші-көлем, сыйлас-
тарды түгел шақырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет