Мереке мезіреті жәрмеңКЕ


– Қармақшы ауданына әкім болып



Pdf көрінісі
бет7/19
Дата21.10.2023
өлшемі1,6 Mb.
#120376
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
1-bet merged compressed-21-2

Қармақшы ауданына әкім болып 
келдіңіз?
– Кезінде Қармақшы, Жалағаш аудандары 
еншісі бөлінбеген ел тұғым. Басында бір аудан 
болған. Орталығы – Қармақшы еді. Сол себепті 
халқы жақсы араласып отырған. Осы себепті 
де барған кезімде әкемнің атына ұят келмесін, 
мүмкіндігінше дұрыстап жұмыс істейін деген 
мақсат қойдым алдыма. Барғаннан кейін об-
лыс әкімінің орынбасары кезімнен білемін, 
«ПетроҚазақстан» мекемесі сол жақтан 
терминал салғысы келіп жүрген. Олардың 
басшылығына шығып, ауданға шақырдық. 
Жер бөліп, терминал салуға шешім шығарып 
бердім. Менің кезімде сол терминал салынды, 
оның бер жағында инвесторлар тауып, вагон 
жуатын станса аштық. Олардың бәрі сол кез-
де жұмыс істеп тұрды. Аудандағы қызметіме 
кіріскенімде туберкулезге қарсы күрес ауру-
ханасына барып шықтым. Аэропортта ескі 
мекенжайда орналасқан екен. Бұл аурумен 
ауыратын адамдарға дұрыс ғимарат, жай ке-
рек екені түсінікті. Сөйтіп, дарияның бергі 
бетінен жаңадан туберкулезге қарсы күрес 
ауруханасын салуға көп күш салдым. Ауыз 
су мәселесінде де атқарған жұмыстарымыз 
болды. Ауыл шаруашылығы саласында, 
күріш өндіруден басқа аудандар арасында 
да алдыңғы қатарда тұрдық. 49-51 центнер 
аралығына дейін өнім беріп жүрдік. Маған сол 
салада Қылышбек Әбішев деген азамат көп 
көмек берді. Өте білімді, сауатты агроном еді. 
Шаруашылықтарды ірілендіруге де құлшына 
кірістік. Тұрмағамбет, Ақжар, Ақтөбе ауылда-
рында шаруашылықтар майдаланып кеткен 
екен. Осы ауылдардағы шаруашылықтарды 
ірілендіріп, кейін халық соның тиімділігін 
көрді. Тұрмағамбет ауылында серіктестікке 
Мұратбек Құланбаев деген азаматты төраға 
етіп қойдым. Тұрғындар қандай риза бол-
ды ол кісінің жұмысына. Аудан орталығын 
абаттандыруға мән бердім. Себебі, қалада 
істеген тәжірибем жеткілікті. Орталық алаңды 
абаттандырарда алдымен бұзу жұмыстары 
жүрді. Сонда екі ақсақал келіп, «Ай, айналай-
ын, мынаны бұзып не істеп жатсың?» деді. 
«Бұл жақсы болса абырой болады, жаман бол-
са ұят болады» деді тағы салмақты сөйлеп. 
Бізде өз тарапымыздан «жақсы болады» деп 
жауап бердік. Құрылыс жұмысына архитектор, 
Қармақшының тумасы Еркін Ибраимов деген 
азамат көмектесті. Барлық сызбасы мен жо-
спарын қағазға түсіріп берді. Орталық алаңды 
ашқанда халық қалай қуанды десеңізші. Елдің 
жүзінен жарқыраған қуаныш көрдім. Орталық 
көшелерге жөндеу жүргізіп, жарық берген кез-
де, олардың түнде қыдырғаны әлі менің есімде. 
Осының барлығын қиын кезде, қаражат тап-
шыда жасадық. Мен барғанда бюджет 280 млн 
теңгедей болған. 2004 жылдың мамырында 
кеттім, сонда сол жылдың бюджетін 1,5 млрд-
қа жеткіздім. Ол қаражат – ол кез үшін үлкен 
ақша. Ауыл-аймақтан денсаулық сақтау нысан-
дары салынды. Мектеп бой көтерді. Халықтың 
күшімен, ықыласымен Марал бабамыздың 
атында мешіт салынды. Жалпы Қармақшының 
топырағына қасиет қонған. Осы жылы 
ауданның құрылғанына 95 жыл толып отыр 
екен. Бір жағында Қорқыт ата болса, екінші 
жағында Марал баба жатыр. Құмға қарай Ер 
Сейтпенбет бабаның жамбасы тисе, Балықшы 
бабаның да бейіті аудан аумағында. Қарап 
отырсаңыз, ауданның тұрған жері тегін емес. 
Халқының ұйытқысы бұзылмаған, қалпы таза, 
адал келеді. Осы топырақтан қазақылықты, 
мұсылманшылықты, 
бір-бірін 
сыйлауды 
үйреніп қайттым десем, артық болмас. Елге 
мен қызмет істесем, ел де мені тәрбиеледі. 
Аудан әкімі лауазымынан соң облыстық ор-
ман және аңшылық шаруашылығы аумақтық 
басқармасының басшысы болдым. Содан зей-
нетке шықтым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет