Мергенбаева А. Т., Абишова А. У., Уразбаева Г. Ж. «Экожүйе және құқық» пәнінен


Тақырып 10. Жаһандану жағдайындағы кәсіпкерліктің рөлі



бет58/79
Дата28.11.2023
өлшемі0,51 Mb.
#130731
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   79
Байланысты:
2 лекция тезЭКОЖуйе

Тақырып 10. Жаһандану жағдайындағы кәсіпкерліктің рөлі

  1. Жаһандану жағдайындағы кәсіпкерлік және экономикалық өсу
  2. Экономикалық өсудің типтері, тиімділігі мен сапасы


  3. Экономикалық өсудің факторлары мен мақсаттары

  4. Экономикалық өсудің стадиялары туралы теориялар

  5. Қазақстан экономикасының өсу динамикасы

1.Жаһандану жағдайындағы кәсіпкерлік және экономикалық өсу

Инновациялық экономиканы қалыптастыру. Экономиканы инновациялық жолға көшіру Қазақстанның ХХІ ғасырдағы дамуының баламасыз нұсқасы болып табылады. Елдің ұлттық мүдделері осыны талап етеді, әлемдік дамудың негізгі үдерістері осыны қуаттайды. Соңғы кездері мемлекет инновациялық қызметті дамыту үшін кең ауқымды шаралар қабылдауда. Алайда, мойындау керек, инновация біздің экономикамыз үшін нөмірі бірінші басымдыққа айналды десек те, оның іске асырылуы уақыт талап еткен деңгейге көтеріле қойған жоқ. Ал шын мәнінде елдің технологиялық инновацияларға қабілеті осы заманғы қоғамның базалық сипаты болып табылады. Мұндай қабілеттілік ақыр соңында жаңа өнім дүниеге келетін зерттеулер мен талдамаларға ғана келіп саймауы керек. Ол осы заманғы өндіріспен, маркетингпен, сатып өткізумен, сондай-ақ тұтынумен байланысты нәрселердің бәрін қамтуы тиіс. Бұл тұрғыда Елбасы “Жаңа кезең – жаңа экономика” атты еңбегінде жан-жақты айтқан болатын.


Белсенді қалыпта болатын инновацияларға ұлттық қабілеттілікті қалыптастыру мен қолдау үшін бүкіл қоғам осы саладағы жетістіктерді аса маңызды ұлттық басымдық ретінде қарастыратын идеялар мен құндылықтарды жете ұғынуы қажет. Күрделі сипатқа ие және көптеген факторлар мен қоғамдық институттарға тәуелді инновациялардың табиғатын тек қана мамандар тобы емес, тұтастай алғанда қоғам да терең сезінуі керек. Инновациялық проблемалар ғалымдар, менеджерлер, бизнесмендер, саясаткерлер, заң шығарушылар белсенді түрде қатысатын тұрақты жалпыұлттық диалогтың тақырыбы болуы тиіс. Қоғамда инновациялық бағдарды қалыптастыру үрдісінде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі артуы керек.
Орта мектеп пен жоғары оқу орындарындағы білім беру үдерісі өзгеруі тиіс, мұны оларды шығармашылық жеке тұлғалармен жұмыс істеуге бейімдеу арқылы іске асыруға болады. Елдің инженерлік жүйесі ерекше назар аударуды талап етеді, өйткені инновациялар қаншалықты ғылыми қызмет болса, соншалықты инженерлік қызмет те. 
Бір сөзбен айтқанда, іс-қимылымызда инновациялық үлгіні бағдар ету Қазақстан қоғамы идеологиясының бір бөлігіне айналуы тиіс, Жапонияда – 1960-шы жылдары, ал АҚШ-та – 1980-1990-шы жылдары солай жасалынған.
Мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту. Жаһандану үдерісімен және ішкі-сыртқы рыноктарда бәсекелестіктің күрт күшеюі себепті экономикалық даму қағидаттарының өзгеруі жағдайында экономикалық үдерістерге мемлекеттік ықпал ету әдістерін қайта қараған орынды болмақ. Мемлекеттік кәсіпкерлік элементтерін, тұжырымдамасын енгізу қажет. Бұл ретте мемлекет экономиканы реттеуші рөлімен шектеліп қалмайды, оның ең басты салаларында белсенді қатысушыға айналады. Қазақстандағы қазіргі жағдай осындай тұжырымдаманың болуы маңызын күшейтеді. Өйткені әлемдік шикізат рыноктарындағы қолайлы конъюнктурадан алынатын мемлекеттік активтердің ұлттық экономиканы дамытуға анағұрлым белсенді қатысуы үшін алғышарттар бар. Қазіргі кезеңде мемлекеттік кәсіпкерліктің негізгі бағыттары мыналар бола алады:
* мемлекеттің мемлекеттік даму институттары арқылы жүргізетін инвестициялық қызметі;
* отандық бизнестің мүдделерін ілгері бастыру, озық технологияларға қол жеткізу және ұлттық экономиканы теңдестіру мақсатымен қазақстандық капиталдың шетелдерге экспансиясын жүзеге асыру;
* аса маңызды компаниялардың капиталдандырылуын ұлғайту және оларды дамудың жаңа деңгейіне шығарудың арқасында мемлекеттік капиталдың қазақстандық трансұлттық корпорацияларды қалыптастыруға тікелей қатысуы.
Холдинг үлгісіндегі ірі мемлекеттік құрылымдар құру мемлекеттің кәсіпкерлік саясатын жүзеге асырудың бір мысалы бола алады. Бүгінгі таңда еліміздің экономикалық дамуының ағымдағы кезеңінің ерекшеліктеріне байланысты түрлі салаларда әлдебір “қамқоршы” құрылымдар құруға айтарлықтай алғышарттар бар. Бұл кезеңнің бір ерекшелігі – елде технологиялық жаңғырту мақсатында пайдалануға болатын елеулі қаржы ресурстары бар (зейнетақы қорларының, екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының және басқалардың қаржысы). Алайда олар қолданыстағы нормативтік шектеулер жағдайында бұл үдеріске тікелей қатыса алмайды, мысалы, жинақтаушы зейнетақы қорларының нақты фирмаларды тікелей қаржыландыруына болмайды. Заңнама еліміздің қаржы институттарының инвестиция салу бағыттарын сенімділік пен өтімділік өлшемдеріне сай келетін белгілі бір құралдардың шағын тобымен орынды шектеп отыр.
Нақ осы жағдай, отандық қаржы жүйесінде “артық өтімділік” болып отырған кезде нақты сектор үшін, соның ішінде оның әсіресе технологиялық бөлігінде қаржы тапшылығы орын алуы қаржы институттарының қаражаты мен оларды тұтынушылар арасында делдал бола алатын технологиялық компаниялар ыңғайында мемлекеттің қатысуымен ірі компаниялар құрған жөн екендігін көрсетеді. Капиталдандырылуы жоғары мұндай құрылымдар несие ресурстарын “көтерме” қарыз алушылар немесе сенімді және өтімді бағалы қағаздар эмитенті ретінде әрекет етіп, қаржыны шоғырландырып және оны “аздаған маржамен” республика экономикасының технологиялық дамуы өлшемдеріне жауап беретін кәсіпорындар мен фирмалардың қажетіне қарай қайта бөле алар еді. Сонда жоғары технологиялық компаниялардың дамуын ынталандыру, осы мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметі есебінен бюджетті толықтыру сияқты функцияларды іске асыру мүмкін болады, сондай-ақ қазір инвестициялық қызметте пайдалы бағыттардың жетімсіздігін өткір сезініп отырған институттық инвесторлардың қаржы ресурстарын жоғары тиімділікпен орналастыру міндетін де шешуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет