Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет133/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   206
МҦХИТТЫҚ ҚАЗАНШҦҢҚЫРЛАР - мұхит табаны шегіндегі су 
асты жоталармен, белестермен және қыраттармен шектелген 
ауқымды ойпандар. Олар ӛзара терең ӛткелдермен жалғасып 
жатады. Орташа терендігі 5 мың м. шамасында. Қазаншұңқырлар 
табаны 100-500 м биіктікте ауытқитын тӛбелі-жазықты бедерімен 
сипатталады. Опырылма қазаншұңқыр - әктастардағы немесе басқа 
тау жыныстарындағы жер асты қуыстары тӛбесінің опырылуы 
немесе шӛгуі салдарынан жарылымдар бойындағы телімдердің 
тӛмен түсуінен пайда болған депрессия. 
МЫРЗАШӚЛ– Сырдарияның жоғарғы бойының сол жағын алып 
жатқан құмды шӛл. Солтүстік жағы Оңтүстік Қазақстан облысы 
жеріне кіреді. Қызылқұмға ұласатын қазақстандық Мырзашӛлдің 
абсолюттік биіктігі 150–250 м келген құм тӛбелі, белесті жазық. 
Климаты қуаң континенттік. Қысы жылы, жазы ыстық және ұзақ 
болады; ауаның орташа темп-расы қаңтарда –2,1С, шілдеде 27,9С. 
Жауын-шашын мӛлшері 200–240 мм. Жер асты суының қоры мол 
(қ. Қызылқұм артезиан алабы). Негізінен сұр топырақты келеді


сортаңдау жерлері де кездеседі. Кӛктемде эфемерлік шӛптесін 
ӛсімдік қалың ӛседі, кейін бұлар қурап кетеді де, жазда жусан
жантақ тектес ӛсімдіктер сақталады.  Ақбӛкен, қасқыр, түлкі,
қарсақ, құмқоян, бауырымен жорғалаушылардың түрлері; 
құстардан қырғауыл, үйрек, бӛдене, дуадақ, тағы басқа кездеседі. 
Мырзашӛл ӛңірін игеру 20 ғасырдың 20-жылдары Түркістан ӛңірін 
суландыру және суармалы егіншіліктің аумағын едәуір ұлғайту 
мақсатында жүргізілген ирригациялық жұмыстардан басталды. 2-
дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары Мырзашӛл ӛңірінде 
Шардара бӛгені, Қызылқұм суару жүйесі сияқты жасанды 
айдындар іске қосылды және бұлардың негізінде Мырзашӛл суару-
суландыру жүйесі қалыптастырылды. Мырзашӛлдегі Мақтаарал
Шардара аудандары республикадағы мақта ӛсіруші басты 
алқаптардың бірі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет