Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет130/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   206
МҦХИТ ЛАСТАНУЫ, Дүниежүзілік мұхиттың ластануы – 
адамдардың әрекеті нәтижесінде мұхит (теңіз) суларындағы табиғи 
процестердің бұзылуы. Ластаушы заттардың ӛте кӛп мӛлшерде 
жиналуы салдарынан жылдан-жылға мұхиттың ӛзін-ӛзі тазарту 
мүмкіншілігінің тӛмендеуі – онда  тіршілік  ететін  организмдердің  
құрып кетуіне немесе шектен тыс кӛбеюіне алып келеді. 
Мысалы,теңіз жұлдызының (Asteroіdea) тым кӛбейіп кетуінен 
Австралия жағалауындағы Үлкен Барьерлі рифтің түбінде ―тікенді 
шеңбер‖ қалыптасуда. Сондай-ақ Дүниежүзілік мұхиттың, әсіресе 
мұнай ӛнімдерімен ластануы әлемдік мұхит пен атмосфера 
арасындағы газ алмасу процесіне кері ықпал етеді, соның 
салдарынан Жер атмосферасындағы 
газ 
қоспаларының 
концентрациясы үздіксіз артуда; жағалауға жақын және атыраулық 
аймақтарды қоса есептегендегі теңіздік ортаға заттардың немесе 
энергияның тікелей не жанамажолмен түсуі теңіз биотасының 
дамуына кедергі келтіріп, судың сапасын нашарлатады. Бұл жағдай 
тірі организмдер мен адамныңденсаулығына қауіп тӛндіреді. 


МҦХИТ 
ТҤБІ — литосфераның дүниежүзілік 
мұхит суымен 
кӛмкерілген беткі жазықтығы; жербедер ерекшеліктері түрғысынан 
ірі-ірі тӛрт бӛлікке бӛлінеді: материкке таяу саяз ӛңірлер; ауыспалы 
(материктен мұхитқа) белдем; мұхит тӛсеніші; орталық-мұхиттық 
жоталар. 
МҦХИТ ШАРАСЫ – Дүниежүзілік мұхит түбі бедерінің және 
геологиялық 
құрылымының 
басты 
элементтерінің 
бірі. 
Мұхиттың абиссаль белдемін  қамтиды, жер бетінің ең тӛменгі 
гипсометрлік деңгейін (орташа тереңдігі – 4000 м, ең терең жері – 
7000 м) алып жатыр. Мұхит шарасының аум. 185 млн. км2-ден 
астам; бұл – Дүниежүзілік мұхит түбінің 50%-ы. Мұхит шарасы 
бедерінің аса ірі элементі – мұхит шұңғымасы (орташа тереңдігі 
5000 м). Шұңғыма түбінің 80%-ы – тӛбелі, абиссаль бедерлі аймақ, 
қалған бӛлігі – құрлықтар етегіне ұласатын, тегіс және кӛлбеулене 
келген абиссаль жазықтар. Мұхит шарасының жоталық жер бедері 
негізінен күмбез тәріздес, мұхит кӛтерілімдерінен құралады. Кейбір 
су астындағы жоталардан жанартаулар тізбегі кездеседі. Тропиктік 
айдындардағы мұхит жоталарының шыңдарына теңіз маржандары 
шоғырланады да, бірте-бірте шағын аралдарға айналады. Кӛлемді 
аймақты қамтитын, беті тегістелген кӛтерілімдер мұхиттық үстірт, 
терең сулы науаларды қоршап жатқан ӛңірлер шеткі жондар деп 
аталады. Мұхит шарасы бедерінен жер қабығының мыңдаған км-ге 
созылған ірі жарылыстарын (мысалы, Тынық мұхиттың солтүстік-
шығыс шұңғымасындағы субендіктік жарылыстар жүйесі) байқауға 
болады; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет