Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет132/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   206
МҦХИТТАНУ , океанология – Дүниежүзілік мұхиттағы табиғи 
процестерді зерттейтін ғылым. Мұхиттану Дүниежүзілік мұхитты 
гидросфераның бір бӛлігі ретінде әрі физиялық, химиялық
геологиялық, биологиялық т.б. процестер бір-бірімен ӛзара күрделі 
байланыста 
ӛтіп 
жататын
атмосферамен,
литосферамен, 
 құрылықтық  ағын сулармен әрекеттесетін біртұтас планетааралық 
табиғи нысан ретінде қарастырады. Мұхиттанудың басты мәселесі 
– мұхит табиғаты заңдылықтарының біртұтастығын анықтау. Оны 
танудың методол. негізі – мұхит суындағы, сондай-ақ сулар мен 
оларға шектесіп жатқан орта арасындағы трансформацияны,
энергия және зат алмасуды зерттейді. Мұхиттану судың тереңдігін, 
температурасын, тұздылығын, ағысын, толқынын, түсін және 
мӛлдірлігін, мұхит суы құрамындағы химиялық заттар мен олардың 
қосылыстарының мӛлшерін, әр түрлі биологиялық және басқа да 
кӛрсеткіштерді ӛлшеудің нақты мәліметтеріне, физиканың, 
 математиканың, 
 химияның, 
 биологияның  
теориялық 


тұжырымдарына сүйенеді, жүйелі талдау әдісін қолданады, 
 электронды-есептеу техникасын пайдаланады. Мұхиттанудың 
маңызды қолданбалы мәселесі –  халық шаруашылығының теңіздік 
салаларын ғылымның соңғы жетістіктерімен қамтамасыз ету
мұхиттың 
астында 
және 
үстінде 
жүзетін 
кемелердің 
қауіпсіздігіне кепілдік 
беру, 
судың 
және 
мұхит 
түбінің 
биологиялық шикізат қорларын пайдалану, ауа райын болжауды 
жетілдірудің әдістері, т.б. Мұхиттану бірнеше бағытты біріктіретін 
кешенді ғылым, оның әрқайсысы мұхит табиғатының белгілі бір 
құбылыстарын зерттейді. Мұхит пен теңіз суларындағы физикалық 
процестерді 
мұхит 
пен 
атмосфераның 
ӛзара 
әсерлесу 
заңдылықтарын қарастырады. Химиялық мұхиттану (мұхит 
химиясы) Дүниежүзілік мұхит суының химиялық қасиетін, 
құрамын, физикалық-химиялық процестерін зерттейді. Мұхит 
геологиясы (теңіз геологиясы) Дүниежүзілік мұхит түбі мен 
қойнауындағы ӛтетін геологиялық, геофизикалық, геохимиялық 
процестерді және сонымен байланысты мұхит пен теңіздегі кен 
байлықтарының пайда болуының заңдылықтарын, мұхит пен 
теңіздің жағалық белдемінің геологиясы мен геоморфологиясын 
зерттейді. биологиялық Мұхиттану (мұхит биологиясы) мұхит пен 
теңіздің 
жануарлар 
мен ӛсімдіктер дүниесін, 
онда 
ӛтетін 
биологиялық  процестерді қарастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет