БАРОМЕТР-АНЕРОИД - Э. Торричелли тәжірибесіндегі сынапты
түтікке вертикаль шкала орнатса, қарапайым сынапты барометр
пайда болады. Сынапты барометрдегі сынап бағанының биіктігі 1
метрге жуық әрі оны тік етіп орнату немесе іліп кою керек.
Сондықтан ондай барометрді алып жүру қиын әрі ыңғайсыз және
қауіпті де, ӛйткені сынаптың буы - улы. Әсіресе кемеде, ұшақта,
барометр ӛте қажет болған басқа да жағдайларда оны қолдану тіпті
мүмкін емес. Сондай кездерде атмосфералық қысымды ӛлшеу үшін
барометр-анероидтар (грекше анероид - сұйықсыз) кеңінен
колданылады. Барометр-анероид беті толқын тәрізді қатпарланған
дӛңгелек жұқа металл қорапшадан (1) тұрады (1-сурет). Оның
ішіндегі ауа сорып шығарылған. Атмосфералық қысымның
әрекетінен қорапша қабысып қалмауы үшін оны серіппе (2) арқылы
керіп қояды. Атмосфералық қысым ӛзгергенде қорапшаның кӛлемі
де ӛзгереді. Соның салдарынан серіппе созылады немесе сығылады.
Мысалы, атмосфералық қысым артқанда қақпақ тӛмен қарай
майысады да, серіппе керіліп ұзарады. Ал қысым кемігенде қақпақ
қайтадан орнына келеді де, серіппе, керісінше, жиырылады. Беріліс
тетігі (3) серіппенің осы қозғалысын құралдың шкаласы бойымен
жылжып отыратын кӛрсеткішке (4) береді. Шкала (5) миллиметр
сынап бағанымен (мм сын.бағ.), кейде килопаскальмен (103 Па)
градуирленеді.
Атмосфералық
қысым
атмосфералық
құбылыстармен байланысты болғандықтан, барометр шкаласына
қарап ауа райын да болжауға болады.
БАРХАН (түркі сӛзі) — шағын шӛлді аймақта желдің әсерінен
пайда болатын құм тӛбе. Мұндай тӛбелер жарты ай немесе орақ
пішіндес болып келеді. Оның биіктігі бірнеше метр болады.
Барханда ӛсімдік ӛспейді, сондықтан да жел әрекетіне бейім.
Достарыңызбен бөлісу: