Мәтінмен жұмыс жасау арқылы білім алушылар өз білімін өмірлік


-тапсырма. Мәтін мазмұнын түсініп оқып, автор көзқарасы мен көтерілген  мәселені анықтаңыз.    Ала мысық



Pdf көрінісі
бет9/26
Дата19.05.2023
өлшемі1,21 Mb.
#94926
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
1-тапсырма. Мәтін мазмұнын түсініп оқып, автор көзқарасы мен көтерілген 
мәселені анықтаңыз. 
 
Ала мысық. 
С. Сарғасқаев 
 
Ала мысық алаңсыз еді. Көңілі жібек самал ескен жаздың 
жалпақ жайлауындай болатын. Қағанағы қарқ, сағанағы 
сарқ. Ұйқысы тыныш. Тамағы тоқ. Төсегі жұмсақ. Үсті-бас 
таза. Бұрын ас алдында өзі жуынушы еді, соңғы кезде оны 
да қойды. 
Себебі осы үйдегі оны еркелетіп ойнататын, жонын 
сипап аймалайтын, ұйықтаса бірге алып жататын Марат биыл мектепке 
барғалы күнара оны сабындап өзі жуындыратын болды. 
-Мені кішкентайымда әжем шомылдырушы еді. Енді мен жігіт болдым. Сені 
жуындыру өз қолымнан келеді. Тазалық – денсаулық. Сен таза жүр, жарай 
ма? – деп иіс сабынды көпірте езіп, үстіне жылы су құйды. 
-Мияу-мияу. Жарайды, - деп ала мысық құйрығын бұлғаңдатты. (100 сөз) 
2-тапсырма. Әлеуметтік-қоғамдық оқу- еңбек тақырыптарына 
байланысты диалог, монолог, полилогтерге мысал жаз. 
Тақырыбы: Дастархан 
Мақсаты: Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен 
аяқталуын болжау. 
Дастархан – қазақ салтында пейілдің, ықыластың, жомарттықтың, белгісін 
танытатын, үйдің ниетін көрсететін берекесі. Қазақ дәстүрі бойынша әр адам 
қолынан келгенше барын пейілмен дастарханға арнап, ықыласын сездіруге 
тырысады. Дала түлегі қазақтар қай мезгілде болса да үйіне түскен кез келген 
жолаушыны жатсынбайды. Ашық-жарқын қабақпен қабылдайды.Ықылас 
білдіріп, төрге шығарады. Содан кейін дастархан жайылады. Жолаушы 
тамақтанып, сергігеннен кейін барып, үй иесі жөн сұрап, хал- жағдайын
бағыт-бағдарын, шаруа жайын ұғады. Тіпті танымайтын адамды да 
«Қырықтың бірі- Қыдыр» деп, құт санайды. 
Халықтың осынау кеңпейілдігін салт ретінде берік сақтауы да ұрпақ үшін 
дәстүр жалғасы болып қалыптасқан. (86 cөз), (Өзін-өзі тану 7-сынып. Алматы, 
2010 «Бөбек», 137 бет) 


19 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет