15
Тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Жаман жолдас»
Мақсаты: Оқылым мен тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер
мен сөз тіркестерін, синонимдік
қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін
жазу.
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы.
Ыбырай Алтынсарин «Жаман жолдас» әңгімесі.
Екi дос кiсi жолдастасып келе жатып,
бiр аюға
ұшырапты. Бұл екi кiсiнiң бiреуi әлсiз, ауру екен, екiншiсi
мықты, жас жiгiт, аюды
көрген соң бұл жiгiт ауру
жолдасын тастап, өзi бiр үлкен ағаштың басына шығып
кеттi дейдi. Ауру байғұс
ағашқа шығуға дәрменi жоқ,
жерге құлады да созылып, өлген кiсi болды да жатты:
есiтуi бар едi, аю өлген кiсiге тимейдi деп. Аю бұл жатқан
кiсiнiң қасына келiп иiскелеп тұрды да,
дыбысы бiлiнбеген
соң тастап жөнiне кеттi. Мұнан соң манағы жолдасы
ағаштан түсiп, аурудан сұрапты:
– Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кеттi? Ауру айтты дейдi:
–
Аю
құлағыма ақыл сыбырлады, екiншi рет тар жерде
жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма дедi, – дейдi. (100
сөз)
Төмендегі кестені мәтіннен түсінгенің бойынша толтыр.
Сау дос қандай?
Аюды көргенде
не істеді?
Ауру дос
қандай?
2-тапсырма. Мәтіннен тірек
сөздер мен сөз тіркестерін, синонимдік
қатармен ауыстыра отырып,
Басыңа қиыншылық түскенде, сені жалғыз
тастап кеткен жолдасың жаман екен деді, (мәтіннен) бұл сөзді қалай
түсінесің? Сөздерді сөз тіркесімен ауыстырып жинақы мәтін жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: