14
Керемет
Сұлу –
Ә) Төмендегі сөздердің қарама –қарсы мағынасын жаз.
Жақсылық -
Адал -
Көп –
Қуану –
Б)
5 фразеологизм жаз.
В) Берілген сөздердің омонимдерін жазыңыз
Қой
Ара
Сыр
Қара
2-тапсырма. Фразеологизм, мақал-мәтелдерді орынды қолдана отырып,
«Ауылым-алтын бесгім» тақырыбына шағын әңгіме құраңыздар.
Тақырыбы: Табиғат- анаға деген құрмет
Мақсаты: Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау,
іріктеп оқу, зерттеп оқу. Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық
екпіннің мәнін түсініп қолдану.
1-тапсырма. Мәтінді
зерттеп оқып, комментарий жасаңыздар.
Табиғат – ана.
Табиғат – ананың Жер, Су, Ағаш, Ауа деген ұлдары болыпты. Олар өте
ақылды, мейірімді, қой аузынан шөп алмас балалар екен. Табиғат –
ана бір
күні ұлдарын шақырып алып:
-Адамдарға көп қызмет еткен ұлыма үлкен сый тартамын,
- деп уәде
береді. Сонда ұлдары анасының айтқанына шексіз риза болып,
адамдарға
жақсылық жасауға келіседі. Ұлдары төрт тарапқа кетіп, адамдарға қол ұшын
береді. Күндердің күнінде ұлдары еліне қайтып оралғанда Аналарының
бұрынғыдан да бетер көріктене түскеніне риза болған ұлдары:
-Апатай, Сіз қандай керемет күйге түскенсіз, мұның сыры неде? – дегенде
Табиғат – ана: Әке
асқар тау, ана мөлдір бұлақ, бала жағадағы құрақ деген.
Аяулы ұлдарым менің, мұның сыры сендердің адамзатқа
жасаған
қайырымдылықтарыңда, - деп жауап береді. Содан бері Жер, Су, Ауа, Ағаш
аналарының сұлулығын сақтап қалу үшін адамдарға адал қызмет етіп келеді
екен.
Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтуға тілі жоқ, - деген
осы екен. (102 сөз), (
А.Мырзағұлова)
Достарыңызбен бөлісу: