Методические рекомендации для педагогов начальных классов по обучению основам безопасного



Pdf көрінісі
бет14/15
Дата02.12.2023
өлшемі1,17 Mb.
#132500
түріМетодические рекомендации
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Мақсаты
: жолда жүру ережелерін сақтауды насихаттау, жолдағы мінез-
құлық мәдениетін қалыптастыру. 
Міндеттері: 
- ойын әрекеті барысында балалардың жолда жүру ережесі бойынша бұрын 
алынған білімдерін бекіту; 
- білім алушылардың жолда жүру ережесін күнделікті өмірде қолдана білу 
дағдыларын дамыту; 
- бастауыш сынып білім алушыларының бойында жолда және көшеде өзін 
ұстау мәдениетін тәрбиелеу. 
Күтілетін нəтижелер 
Реттеуші 
Танымдық 
Коммуникативтік 
Тұлғалық 


35 
- мәселені өз бетінше 
көрсетеді 
және, 
тұжырымдайды, 
тапсырманың 
мақсатын 
анықтайды; 
- мәселені шешудің 
нұсқаларын 
ұсынады; 

түпкi нәтиженi 
сезінеді; 
- мақсатқа жетудің 
ұсынылған 
жолдарынан 
ыңғайлысын 
таңдайды, сондай-ақ 
оларды 
өздігінен 
іздейді 
- оқу мақсатын шешу 
үшін 
қажетті 
ақпаратты 
ойынан 
шығарады;

ақпаратты 
тексереді; 

анықтамалық 
материалды 
пайдаланып 
қосымша 
ақпарат 
табады 
- мысалдар келтіре 
отырып 
өз 
көзқарасын 
дәлелдейді, 
дәлел 
келтіреді;
- өз пікіріне сын 
тұрғысынан 
қарайды; 

өз 
пікірінің 
қателігін (егер солай 
болса) 
абыроймен 
мойындап, 
түзете 
алады; 
- топта жұмыс істей 
алады 

білім 
алушы 
тұлғасының 
адамгершілік, 
еңбексүйгіштік, 
эстетикалық 
қасиеттерінің 
қалыптасуына және 
дамуына көмектесу; 

әдептілік, 
сыпайылық, 
тәртіптілік, 
жинақылық, 
жауапкершілік, 
ұқыптылық, 
еңбекқорлық, 
достарының 
сәтсіздікке 
ұшырауына 
алаңдаушылық, 
жетістіктеріне қуану 
қасиеттерін 
қалыптастыру 
Ойынға қажетті құралдар: 
- 2-тапсырмаға. Жұмбақ белгілері (пазлдар) бар 3 конверт (ескерту, тыйым 
салу және ақпараттық-бағыттаушы); 
- 3-тапсырмаға. Команда мүшелерінің санына қарай бірдей кітаптар, 
картон қағаздан жасалған рульдер, бағдаршам сигналдары бар (қызыл, сары, 
жасыл) текшекарталар; 
- 4-тапсырмаға. Презентация немесе ребустар бар текшекарталар. 
Квест ойынды өту бойынша нұсқаулық: 
Сынып 6 топқа бөлінеді. Капитандар бағдар көрсетілген парақтар алады (1-
қосымша). Әр кезеңдегі тапсырмаларды орындау үшін 3-4 минут уақыт беріледі. 
Орындалған тапсырмалардың саны мен сапасы бағаланады. 
Ойын алты кезеңнен тұрады: 
- Жұмбақтар қиылысы. 
- Белгісіз белгілер көшесі. 
- Жол. 
- «Белгілерді білеміз бе?» ойыны. 
- Қауіпсіздік аралы. 
Квест ойынның өтетін уақыты – бір сабақ. 
Ең көп ұпай саны – 45. 
Жүргізуші: Балалар, бүгін біз жолда жүру ережелері бойынша квест ойын 
өткіземіз. Күн сайын біздің жолдарда автокөліктер көбейіп жатыр.
Қозғалыстың 
жоғары жылдамдығы мен қарқындылығы жүргізушілер мен жаяу 
жүргіншілерден өте мұқият болуды талап етеді. Жүргізушілер мен жаяу 


36 
жүргіншілердің тәртіп, сақтық және жол қозғалысы ережелерін сақтауы – 
көшедегі қауіпсіз қозғалыстың негізі болып табылады.
Қазір біз командалардың қайсысы жол ережелерін жақсы білетінін 
тексеріп көреміз. 
Бәріңе сәттілік тілейміз! 
1-кезең. «Жұмбақтар қиылысы». (10 ұпай). 
1) Көліктің қаншасын үстінен өткізген, 
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол) 
2) Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та, 
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам). 
3) Арқаным бар тым ұзын
Ала алмайсың бір үзім. 
Табыңдаршы, балалар, 
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол). 
4) Үш көзді батыр, жолды аңдып жатыр. (Бағдаршам). 
5) Үш көзінде жалын-от, 
Ал бірақ та жаны жоқ. 
Кезектесіп ашылар, 
Кезектесіп жұмылар. (Бағдаршам). 
6) Бір көзі «кідір» дейді 
Бір көзі «жүгір» дейді 
Бір көзі «абайла» дейді. 
«Қарап ал маңайға» дейді. (Бағдаршам). 
7) Арқасында ауыл жүр, 
Ала тайым шауып жүр. (Автобус). 
8) Оңға да бұрады, 
Солға да бұрады. 
Тәртіп сақтап әрқашан, 
Жолды нұсқап тұрады. (Бағдаршам). 
9) Ала таяқ ұстаған
Жол тәртібін нұсқаған. (Жол полициясы) 
10) Екі аяқты желаяқ, 
Артсаң болды сен аяқ, 
Жетем деген жеріңе 
Жеткізеді оңай-ақ. (Велосипед). 


37 
2-кезең. «Белгісіз белгілер көшесі». 
(9 ұпай)
Мақсаты: жол белгілерін оқи білу және олардың қандай негізгі 3 топқа 
бөлінетінін еске түсіру. 
- Бұл көшеде біз жол белгілері туралы сөйлесеміз. 
Жүргізуші тақтаға «Жол белгілері» деген тақтайша іледі.
- Балалар, барлық жол белгілері қандай негізгі 3 топқа бөлінеді? 
(Жүргізуші бұл сөздерді тақтаға іледі). 
- бұл жол белгілерін еске түсірейік. 
Ескерту белгілері – үшбұрышты, ал үшбұрыштың периметрі қызыл. Бұл 
топтың белгілері бір-бірінен үшбұрыштың ішіндегі суреттерімен ерекшеленеді. 
Ескерту белгiлерi жүргiзушiлерді қауiптi жол учаскесiне жақындағандықтары 
және қозғалыс жағдайына сәйкес шаралар қабылдау туралы ескертеді. 
Тыйым салу белгілері. – қызыл шеңбердің ішіне салынған суреттер мен 
сандар осы нақты белгінің неге тыйым салатынын дәл және үзілді-кесілді 
көрсетеді. 
Ақпараттық-көрсеткіш белгілері – олардың негізгі түсі көк, ал формасы 
шаршы немесе тікбұрыш түрінде болады. Бұл белгілер жаяу жүргіншілер өткелі 
мен автотұрақ орнының қайда екенін, қалаған елді мекенге бағытты және оған 
дейінгі қашықтықты көрсетеді. Олардың жалпы саны – 12 
Пазл түрінде берілген белгіні жинау және оның мағынасын түсіндіру. 
3-кезең. «Жол».
«Жүк көлігінің жүргізушісі» ойыны (баратын жерге жол 
ережесін дұрыс сақтап жетсе – 5 ұпай, ал егер қателік жіберіп жетпей қалса – 2 
ұпай).
Сипаттамасы: Ойыншылар бір жолға сап түзейді. Әр ойыншы – жүк 
көлігін жүргізуші. Ойыншылардың басында – кiтап - жүк, қолдарында – руль. 
Қатысушылардың алдында әр түрлі қашықтықта қолдарында бағдаршамның 
қызыл және жасыл түстері бейнеленген текше карталар бар. Олар бұл 
сигналдарды кезекпен «жандырып» тұрады. Әр ойыншының міндеті – жүкті 
түсірмей және Жол жүрісі ережелерін бұзбай соңғы нүктеге дейін «жету» (егер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет