Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019


•  Сендер қалай ойлайсыңдар, біздің басқаларға жақсы қарауымыз  олардың іс-әрекетін өзгерте ала ма?  •



Pdf көрінісі
бет54/138
Дата09.11.2022
өлшемі2,62 Mb.
#48783
түріМетодические рекомендации
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   138
• 
Сендер қалай ойлайсыңдар, біздің басқаларға жақсы қарауымыз 
олардың іс-әрекетін өзгерте ала ма? 
• 
Сендердің біреуге көмек көрсеткен кездерің болды ма? 
Этикетті тапсырма 
Педагог балаларға мынадай тапсырманы шешуді ұсынады: «Қазір сендер 
үйін жинағысы келмеген, өзіне дұрыс қарамаған Федораға көмектестіңдер. Ал 
егер сендердің жандарыңда жүріп-тұруы қиын бала тұрса, сендер не істер 
едіңдер?». 
Сабақтың қорытындысы. 
Адамға қай уақытта қолдау көрсету керек және басқалардан көмекті 
қалай қабылдау керек деген проблеманы талқылау. 
Сабақтың соңында педагог қорытынды шығарады. 
«Біз бәріміз әртүрліміз, бірақ әркім өзінше жақсы. Өзіңе қалай қараса 
екен деп ойласаң, өзгелерге де солай қарау керек. Сенің көмегің басқа адамға 
керек екенін сезінуді үйрен». 
Балаларға бір-біріне күлімсіреп қарап, қол алысу және ойын үшін алғыс 
білдіру ұсынылады. 
 
Сабақ №4: Мен достықты таңдаймын 
Мақсаты: жолдастық пен достық туралы түсініктерді дамыту және 
оларды қолдай білу, тұлғааралық қарым-қатынастарды бекіту, бір-біріне деген 
сезімталдықты қалыптастыру. 
Сабақтың барысы: 
1. 
Кіріспе бөлім 
«Достар арасындағы қарым-қатынас қандай болу керек» тақырыбына 
кіріспе әңгіме. 
• 
Өз досыңа қалай қарауың керек? 
• 
Досыңның саған деген қарым-қатынасы қандай болса екен деп 
ойлайсың? 
• 
Сендердің достықтарың беки түскенін қалайсың ба? 
• 
Достық қарым-қатынастарды бекіту үшін, сенің ойыңша, не істеу керек? 
«Менің қалауымды тап» ойыны 
Мақсаты: бір-бірін түсіне білуді қалыптастыру 
Ым мен дене қозғалысы арқылы өз достарыңның қалауын түсінуге 
тырысыңдар. Балалар екі командаға бөлінеді. Кезекпен, команда мүшелерінің 
біреуі басқа командадан өзіне дос таңдап алады және ымдау және дене 
қозғалысы арқылы өзінің қалауын білдіреді. Таңдап алған досы оның қалауын 
табуға тиіс. Егер ол алға қойылған міндетті шеше алмаса, онда оған команда 
көмекке келеді. Содан кейін командалар рөлдерімен алмасады.
2. 
Негізгі бөлім. 
«Достық» этюді 


132 
Мақсаты: нақты іс-әрекетте аяушылық көрсету.
В. Томилинаның «Солидарность» өлеңі: 
Мысық пен зырылдауық үшін 
Інім тағы бұрышта, - деп 
жылайды Лена қыз: 
Қатты аяймын інімді. 
Дауысқа сап жылады, 
Содан барып тыйылды 
Үндемеді бір мезет 
Жылауын да доғарды... 
Інісінің жанына 
Тұра қалды бұрышқа. 
Балалар сұрақтарға жауап береді: Қыз нені уайымдап тұр? Неліктен ол 
уайымдайды? Оның себебі қандай? Тек қана кішкентайлар емес, сонымен бірге 
құрбылас достар да көңіл бөлгенді, қамқорлық көрсеткенді қажет ететіні 
айтылады. Оның аяушылығы нақты бір іс-әрекетте байқалады: егер кенеттен 
құласа, онда оған тұруға көмектесу керек; егер ол ауырсынса, жұбатыңдар. 
Балалар жұппен этюдтарды ойнайды. 
«Досыңды тап» ойыны 
Мақсаты: Балаларға сезінуді және уайымдауды, достық қарым-қатынас 
орнатуды үйрету. 
Балалар топтарға бөлінеді. Бір топ қатысушыларының көздері байланады, 
бөлменің ішінде жүруге мүмкіндік беріледі, содан кейін бірін-бірі тауып, кім 
екенін айту ұсынылады. Қолдарының көмегімен шашын, киімін, қолдарын 
сипап, білуге болады. Досын тапқаннан кейін ойыншылар рөлдерімен ауысады.
 
«Менің достарым» 
Мақсаты: Балалардың топ ішіндегі өзара қарым-қатынасын анықтау, 
өзінің ерекшеліктері мен досының ерекшеліктерін түсіне білу. 
Жүргізуші бір-бірінің суретін салуды ұсынады. Балалар өз достарының 
суретін адамдар түрінде де, жануарлар, құстар, гүлдер, ағаштар түрінде де сала 
алады. Тапсырманы орындағаннан кейін балалар суреттерді талқылайды және 
сұрақтарға жауап береді: мұнда кім бейнеленген? Неге осылай салынған? 
 
«Мені тап» жаттығуы 
Ойынға қатысушылар шеңберге жасап және бір-бірінің қолдарынан ұстап 
тұрады. Шеңбердің ортасында екі ойыншы. Біреуінің көзі жабылған. 
Жүргізушінің командасы бойынша көзі байланған ойыншы екінші ойыншыны 
ұстап алуға тырысады. Қалғандарының барлығы оған дұрыс жолын айтуға 
тырысады, оған: «оңға, солға, тура, артқа, ыстық, суық» командаларын береді. 
Екінші ойыншы ұсталғаннан кейін екінші жұп шығады. 
3. 
Бекіту, қорытынды 
Сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды әңгіме: 
• 
Достардың арасындағы қарым-қатынас қалай құрылуы керектігі 
туралы бүгін сендер не білдіңдер? 


133 
• 
Айтшы, бұрын сенің досың не құрбың болды ма? Сендердің 
араларыңдағы қарым-қатынас қандай еді? 
Этикетті тапсырма 
Елестетіп көр, сенің досың не құрбың, көршің, таныстарың, сендердің 
құрдастарың балдақпен жүреді немесе мүгедектер арбасына танылған - оларда 
жүріп-тұрумен байланысты қиындықтар бар. Олардың сендерден ешқандай 
айырмашылығы жоқ, одан басқа, оларға жүріп-тұру өте қиын, олар да осындай 
іс-шараға қатысқысы келеді. Мұндай жағдайда сендер не істейсіңдер? 
Жүргізуші. Ал енді қорытынды жасайық: 
«Біз бәріміз әртүрліміз, бірақ әркім өзінше ерекше. Басқалар өзіңе қалай 
қарасын десең, өзгелерге солай қара, басқаларды түсінуді және қабылдауды 
үйрен, сонда досты беки түседі». Педагог бір-біріне күлімсіреуді және 
қолдарын алуды ұсынады.
Достық қағидалары. Барлық кездесулердің қорытындысы ретінде балалар 
достықтың кейбір тәсілдері мен қағидалары туралы айтады, олар «Достық 
қағидаларына» ресімделеді, ол балалардың қарым-қатынасы кикілжіңсіз және 
даусыз болуына ықпал етеді.
• 
Жолдасыңа көмектес, егер қолыңнан бір нәрсе келсе, онда оны да 
үйрет. Егер жолдасың қиындыққа ұшыраса, қолыңнан келгенше көмектес. 
• 
Жолдасыңмен бөліс, ең жақсысын досыңа бергің келетіндей болып 
ойна. 
• 
Ол жаман нәрсе жасаса, жолдасыңды тоқтат. 
• 
Жолдасыңның жетістіктеріне қуана біл.
• 
Басқа балалардың көмегін, кеңесін жақсы қабылдай біл.
Сабақ № 5: Біз осы әлемдеміз 
Мақсаты: басқаны өзің сияқты түсінуді үйрен, «командада» жұмыс істеу 
қажеттілігін қалыптастыру. 
Материалдар мен жабдықтар: мектеп өмірінен суреттер фрагменттері 
бар карточкалар, олардан тұтас картиналар құрастырылады, конструкторлар, 
негізгі кезеңге арналған тарату материалы. 
Сабақтың барысы: 
1. 
Кіріспе бөлім 
«Біз қандаймыз?» тақырыбына кіріспе әңгіме.
Өзің туралы және кім, не жасай алатыны туралы айтып бер: ән айту, сурет 
салу, билеу, музыкалық аспапта ойнау, футбол, шахмат, дойбы ойнау, жүгіру 
және т.б.. 
2. 
Негізгі бөлім 
«Картинка жина» ойыны 
Сендердің мектеп өмірлеріңнен алынған фотосуреттер фрагменттерінен 
осы сюжеттердің толық суретін жинаңдар. 
Балалар қалауы бойынша 3-4 адамнан топтарға бөлінеді және мектеп 
өмірінен алынған фотосуреттер фрагменттерін алады. Олардан сол немесе өзге 


134 
сюжеттің толық картинасын құрастыру керек. Содан кейін фотографиядағы 
оқиға туралы айтып беру. Ұйымшылдықпен және тез жұмыс істеген және 
әңгімесі толығырақ болған команда жеңеді. 
Ойланып көріңдер, ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін не істеу керек? 
 
«Кім нені бәрінен жақсы жасайды?» 
Қазір сендер кез келген жұмыстың табысты болуы топтың 
ұйымшылдықпен жұмыс істеуіне байланысты екеніне көз жеткізесіңдер. Ал 
сендердің жұмыстарың сондай болу үшін ең алдымен не қажет екенін таңдап, 
астын сызыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет