Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет57/138
Дата09.11.2022
өлшемі2,62 Mb.
#48783
түріМетодические рекомендации
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   138
3. 
Бекіту, қорытынды
Барлық адамдар әртүрлі екендігі туралы түсініктерін бекіту. Идеялар 
аукционы ұсынылады: «Адамдардың әртүрлі болғаны жақсы, өйткені...» 
 
Сабақ №7: Бұл түрлі-түсті әлем 
Мақсаты: тұтас мәдени контексте өзінің этникалық бірегейлігін сезіну; 
Мәдени әртүрлілікке, толеранттыққа құрметті дамыту. 
Жабдықтар мен материалдар: бос кеңістіктің болуы, формат А4 
парақтар, бояулар, түрлі-түсті қарындаштар, қойылым үшін жануарлардың 
бетперделері. 
Сабақтың барысы: 
1.Кіріспе бөлім 
«Менің сүйікті жануарым» ширату жаттығуы 
Жүргізуші әр ниет білдірген балаға ыммен және пантомимамен (сөзсіз) 
оған қатты ұнайтын жануарды бейнелеуді сұрайды.
Топ жануардың атын табады. 
«Кімнің алақандары» ширату жаттығуы 
Қатысушылардың біреуі көзін жауып, топқа қарап, орындыққа отырады. 
Балалар кезекпен оған жақындап, оның алақанына өз алақанын салады. Кімнің 
алақаны оған қонаққа келгенін тауып алу керек.
2. Негізгі бөлім 
Жүргізуші бір оқиғаны әңгімелейді, әңгіме процесінде балалар оны 


137 
рөлдерге бөліп ойнайды. Балалардың бір бөлігі (5-6 адам) аңдарды сипаттайды, 
ал қалғандары ‒ көрермендерді, кейіннен олар аңдарға «көмектесуге» тиіс 
болады.
«Олардың қайсысы дұрыс?» 
Баяғыда әртүрлі аңдар өмір сүріпті. Бірде олар орманда, үлкен алаңқайға 
жиналыпты және қандай тағам ең дәмді екені туралы сөз таластырыпты. 
Арыстан айтыпты: 

Ең дәмдісі ‒ ет! 

Жоқ, сәбіз, - деп оның сөзін қоян бөліп жіберіпті. 

Ең дәмдісі ‒ сүт, - дейді мысық. 

Бәрінен де банан дәмді, - дейді маймыл. 

Дұрыс емес, ең тәтті тағам – ол шөп, - дейді тұяғымен жер соққан ат. 
Олар төбелесіп қалуға жақын қалды.
Талқылау. 
Жүргізуші: Балалар, аңдарға «Қандай тағам ең жақсы?» деген сұраққа 
жауап беруге көмектесейікші.
Талқылау барысында жүргізуші барлығы үшін бір «ең жақсы» тағам 
болмайды, әркімге өзіне ұнайтын тағам бар деген пікірге әкеледі.
«Шетелдік» жаттығуы
Жүргізуші: Біз жаңа ғана аңдарда қандай жағдай болғанын көрдік, енді 
дәл осы сұраққа адамдар арасында қандай жағдай туындайтынын көрейік. 
Жағдайды ойнап көрсету үшін актерлер таңдап алынады: 
Біреуі – «шетелдік», басқалары (4-5 адам) – «жергілікті тұрғындар», 
қалған балалар көрермен болып ойнайды.
«Шетелдік» (ол жейдені теріс қаратып киіп алады) басқа елге келді». 
Жергілікті тұрғындар оған күледі.
Жүргізуші: Олар ұрысып жатыр, не істеуге болады? Олардың қайсысы 
дұрыс? 
Көрермендер мен актерлер арасындағы диалогты құптаймыз, содан кейін 
балалар ұсынған жағдайдан шығу жолы ойнау арқылы көрсетіледі. 
Жүргізуші: - Неліктен адамдар шетелдіктерді жақсы көрмейді? «Түрлі-
түсті әлем» жаттығуы. 
Жүргізуші: Ал енді, егер біз ... (балалар өздері білетін кез келген 
этникалық топты таңдайды) болсақ, не болатынын елестетіп көріңдер. 
Жүргізуші: «Мен (баланың таңдауы бойынша этникалық топ аталады) … 
жақсы көремін. Мен … білемін. Мен … армандаймын деген сөйлемдерді 
аяқтауды ұсынамын. 
Жүргізуші: Сендер әлемнің түрлі-түсті екенін көрдіңдер, онда әртүрлі
көптеген адамдар тұрады, олардың әрқайсысының жақсы көретіні бар, өз 
бетінше армандайды, басқалардан сырт келбетімен ерекшеленеді. Әлем ‒ түрлі-
түсті. 
Түрлі-түсті (үш) карточкалардың көмегімен балалар үш топқа бөлінеді.
Жүргізуші: Әр топ өзінің түрлі-түсті әлемін ойлап табады: өз елінің 
атауы, туы, елтаңбасы, қалай амандасады, сүйікті тағамы, және т.б., содан кейін 


138 
өз жобаларын ұсынады.
Қағаз парақтарына балалар өз қиялын бейнелейді.
3. Бекіту, қорытынды. 

Топтар ойлап тапқан және суретін салған елдер мен адамдар немен 
ерекшеленеді? 

Оларда не ортақ? 

Адамдар арасында не көп? ерекшелік пе әлде ұқсастық па? 
Жүргізуші: Барлықтарыңа жұмысқа қатысқандарың үшін алғыс 
білдіремін, қошемет көрсетіп, барлығымыз бір-бірімізге алғыс айтайық. 
 
Сабақ № 8: Қақтығыстарды қалай шешеміз
Мақсаты: Қақтығыстық жағдайларда конструктивті өзара іс-қимыл 
жасау дағдыларын дамыту, қақтығыстық жағдайды тани, алдын ала болжай 
және алдын ала білу; қақтығыстық жағдайларда әлеуметтік-толерантты мінез-
құлық дағдыларын қалыптастыру. 
Жабдықтар мен материалдар
Сабақтың барысы: 
1. 
Кіріспе бөлім. 
«Ренжісіп, татуластық». 
Мақсаты: Басқаға қарым-қатынастан туындаған психикалық күймен 
мәнерлі қозғалыстардың байланысын көрсету. 
Екі бала алдымен ренжісіп қалған балаларды бейнелейді. Олар бір-біріне 
арқамен тұрады және бір аяқпен жерді таптап, қолдарын белге немесе арқаға 
қояды. Содан кейін татуласқанбалалар бір-біріне бұрылып қарайды, олар бір-
біріне күліп, қолдарынан ұстап, көңілді биге ұласады. Соңында құшақтасады. 
Этюд музыкамен орындалады. 
2. 
Негізгі бөлім. 
Мүлде қақтығыстарсыз өмір сүруге бола ма? ПМектепте жиі кездесетін 
қақтығыстар туралы мысалдар келтіріңдер. 
Қақтығыстардың себебі неде? Мұнда ренішті сөздер қандай рөл 
атқарады? 
«Ұнамды және ұнамсыз» жаттығуы 
Мақсаты: Балалардың олар күн сайын қолданатын жағымды және 
жағымсыз сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын, тиісінше, пайдасы мен 
зиянын түсінуі. 
Сендерге біреу жағымсыз бірдеңе айтып жатса, өздеріңді қалай 
сезінесіңдер? Мұндай жағдайларда не істейсіңдер? 
Қандай жағдайларда сендер өздерің басқаларға жағымсыз сөздер 
айтасыңдар? Осы сәтте не айтып тұрғандарың туралы ойланасыңдар ма?
Неліктен балалар бір-біріне жаман сөздер айтады? 
Ал сендерге жақсы бірдеңе айтқан кезде өздеріңді қалай сезінесіңдер? 
Оған қалай әрекет етесіңдер? 
Қандай жағдайларда сендер өзгелерге жақсы сөздер айтасыңдар? Бұл 


139 
ретте өздеріңді қалай сезінесіңдер? Қалай ойлайсыңдар: біреуге жақсы айтқан 
оңай ма әлде жаман айтқан оңай ма? Неліктен? 
«Өзара қарым-қатынас» ойыны. 
Ойын Л. Кузьминнің «Дом с колокольчиком» өлеңін талқылауға 
негізделген. 
Стоит небольшой старинный
Дом над зеленым бугром. 
У входа висит колокольчик,
украшенный серебром. 
И если ты ласково, тихо 
В него позвонишь, то поверь, 
Что в доме проснется старушка,
Седая-седая старушка, 
И сразу откроет дверь. 
Старушка приветливо скажет: 

Входи, не стесняйся, дружок.
На стол самовар поставит, 
В печи испечет пирожок.
И будет с тобою вместе
Чаек распивать дотемна,
И старую добрую сказку
Расскажет тебе она. 
Но если, но если, но если
Ты в этот уютный дом
начнешь кулаком стучаться,
Поднимая трезвон и гром,
То выйдет Баба-Яга.
И не слыхать тебе сказки,
И не видать пирога. 
Өлең оқылғаннан кейін балалар қарым-қатынас нәтижесі мінез-құлықтың 
сипатына, ниетіне байланысты деген қорытындыға келеді. Бір немесе өзге 
нәрсеге әртүрлі жолмен қол жеткізуге болады, бірақ бұл жолдар да әртүрлі 
нәтижелерге әкелуі мүмкін. Балалардан екінші жағдайда балаға мейірімді 
әженің орнына неге «Мыстан кемпір» шыққанын сұрайды. 
3. 
Бекіту, қорытынды. 
Жүргізуші сабақтың қорытындысын шығарады. 
Сабақ №9: «Мен - Әлем» ұжымдық суреті 
Мақсаты: әлеммен тиімді оң қарым-қатынас жасау дағдыларын бекіту. 
Баланың өз сезімдерін білдіру тәсілдері туралы түсініктерін кеңейту. 
Ынтымақтастық пен ұжымдық шығармашылық қабілеттерін бекіту. 
Жабдықтар мен материалдар: ватман, бояулар, фломастерлер, 
қарындаштар. 


140 
Сабақтың барысы: 
1. 
Кіріспе бөлім 
Біздің сабақтар аяқталады. Осы уақыт ішінде біз өзімізді және басқаларды 
білдік, саяхаттадық, «Мен» деген не екенін және «Менің айналамдағы әлем» 
деген не екенін түсінуге тырыстық. 
Бүгін біз не істегенімізді қорытындылаймыз. 
2. 
Негізгі бөлім. 
Еденге ватмандар төселеді (желімделеді). Балаларға айналасына тұру, 
қолдарын бір-бірінің иығына қою, көздерін жауып, басқаларын сезіну 
ұсынылады. Қалыпқа келгеннен кейін барлығы үнсіз «Мен - Әлем» 
тақырыбына ұжымдық сурет салуды бастайды. 
3. 
Бекіту, қорытынды. 
Одан кейін сурет талқыланып, қорытынды шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет