Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет56/138
Дата09.11.2022
өлшемі2,62 Mb.
#48783
түріМетодические рекомендации
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   138
• 
ойынға қоспайсыңдар, 
• 
ойынға қосасыңдар және көмектесесіңдер, 
• 
оны қолдап отырасыңдар». 
Қорытынды: 
«Біз барлығымыз әртүрліміз, мүмкіндіктеріміз де әртүрлі, бірақ әркім 
өзінше жақсы. Келісімде өмір сүру, бір командада жұмыс істеу үшін бір-
бірімізді түсіну және құрметтеу, бір-бірімізге көмектесу керек». Педагог бір-
бірінің қолын алуды және күлімсіреуді ұсынады. 
Сабақ № 6: Барлық адамдар әртүрлі
Мақсаты: адамдар типтерінің, мінез-құлық реакцияларының және 
бірлесіп өмір сүру мүмкіндіктерінің әртүрлілігін көрсету. Адамдардың 
арасындағы айырмашылықтармен санасу қабілеттерін қалыптастыру. 
Адамдардың мінез-құлқындағы айырмашылықтарға төзімді қарым-қатынасты 
дамыту. «Өзгеге» құндылықты қарым-қатынасты сіңіру. 
Материалдар мен жабдықтар: «Ұсқынсыз үйрек», «Цветик- 
семицветик» ертегілерінен үзінде. 
Сабақтың барысы: 
1. 
Кіріспе бөлім 
Педагог допты айналдыра бере отырып, балалардың бір-бірімен 
амандасуын сұрайды. Бұл ретте олар өздеріне тән қасиеттерді атайды. 
Санамаланған қасиеттер тақтаға жазылады. Жаттығу аяқталғаннан кейін 
педагог адамдар бір-бірінен сыртқы келбетімен ғана емес, ішкі жан-дүниесімен 
де, қасиеттерімен де ерекшеленетіні туралы қорытынды жасауға шақырады. 
2. 
Негізгі бөлім 
Талқылау: 

Біз Г.Х. Андерсеннің «Ұсқынсыз үйрек» ертегісін оқыдық. Сендер 
басты кейіпкер туралы не айта аласыңдар? 

Қане, құстар ауласы мен оның тұрғындары туралы есімізге түсірейік. 
Құстар ауласында жақсылар және жамандар деп бөлу болды ма немесе 
ұсқынсыз үйрек жай ғана бөтен болды ма? 

Неліктен үйректі ұсқынсыз деп атады? 

Егер ол құстар ауласында емес, аққулар отбасында туса, айналадағылар 
оған қалай қарайтын еді? 

Құстар ауласы тұрғындарының мінез-құлқы адамдардың мінез-құлқына 
ұқсай ма? 

Балалар, айналадағы адамдарға ұқсамайтын адамды көргенде, сендер 
қандай сезімде боласыңдар? 

Сыртқы келбетіне қарап, адам туралы жаман пікір білдіруге бола ма? 

Егер сендер өздеріңе ұқсамайтын адамды кездестірсеңдер және ол 
адамның сырт келбеті сендерге ұнамаса – бұл сендердің алдарыңда жаман адам 
тұр дегенді білдірмейді, ал егер сендер өз қарым-қатынастарыңмен оны 
ренжітіп алсаңдар, одан кешірім сұрау ешқашан кеш емес. Балаларға 
«Ұсқынсыз үйрек» ертегісінен үзінді көрсету ұсынылады. 


136 
Нұсқаулық. «Сендер Андерсеннің «Ұсқынсыз үйрек» ертегісін 
оқыдыңдар ма? Қанекей, соны ойнайық. Кім «ұсқынсыз үйрек» болғысы 
келеді? Ал кім құстар ауласынадғы басқа құстарды ойнағысы келеді? 
Жүргізуші балалардың әрқайсысына рөл алуға және оны дыбыстауға 
көмектеседі. Егер құстарды дыбыстауға «ұсқынсыз үйректің» өзі де қатысса, 
жақсы болар еді. Жүргізуші «үйректен», құстардың арасында мұғалім, ата-
аналар, үйректің аға-інілері мен әпке-сіңлілері бар ма екенін сұрай алады. 
Барлық балалар рөл алғаннан кейін «құстардың» әрқайсысы кезекпен, содан 
кейін барлығы бірге хормен ауладан «үйректі» қуады. Содан кейін жүргізуші 
«құстарға» ұйықта деген белгі береді, тек бір ғана «үйрек» қалады, ол 
ақырындап өзінің жүрісін, бет әлпетін (жүргізушінің көмегімен) өзгертеді де, 
«аққуға» айналады. «Үйректің»: «Мен – аққумын» деген сөзінен кейін барлық 
«құстар» оянады, кезекпен оның жанына ұшып келеді, тұмсықтарымен оны 
сипап: «Қандай әдемі және мықты аққу!» дейді. 
«Ұсқынсыз үйрек» болғысы келетін әр бала осы рөлде болып 
көрмейінше, ойынды араға бірнеше күн салып, әлденеше рет қайталауға 
болады. 
«Цветик-семицветик» ойыны. 
Бұл ойын үшін жеті жапырақты гүлдер қажет болады. Әрбір бала 
жапырақты жұлып алып, басқа әлеуметтік, этникалық, мәдени топтар (көшіп-
қонушы балалар, науқас балалар, әлеуметтік жетімдер және т.б.) балаларының 
атына өзінің жылы лебіздерін білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет