84
жеңіл, кейбір балаларға ол керісінше қиынға соғады).
Сондай-ақ балалар
сыныпта қарым-қатынасқа түсу стилімен (кейбір балалар тұйық болса, кейбір
балалар керісінше сөзшең келеді), ақпаратты ұйымдастыру және өңдеу
жолдарымен ерекшеленеді.
Шетелдік ғалымдар (Мейер, Роуз және Гордон, 2014)
атап өткендей,
«тұлғалық қабілеттер мен қасиеттер үнемі өзгерісте болады және адамның
ішінде емес, оның өзін қоршаған ортасымен қарым-қатынасында өмір сүреді.
Үнемі күрделі, өзгермелі динамикалық баланста болады». Кез келген сыныпта
білім алушының өзгеруі факторлардың күрделі құрылымын түзеді. Мұны
педагог барлық білім алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратындай
оқыту процесін ұйымдастыруда ескеруі тиіс. Әрбір сыныпқа, білім
алушылардың әртүрлі
қажеттіліктерін ескере отырып, академиялық
стандарттарға сәйкес келетін сабақтарды дайындау – әрбір педагогтің міндеті.
Білім алушылардың қажеттіліктері әртүрлі болады деген сөз педагогтің
әрбір білім алушыға UDL негізінде бірегей сабақ құруы қажет дегенді
білдірмейді. Білім алушылардың қажеттіліктері жүйелі және белгілі
болғандықтан, педагогтер білім алушылар ерекшеленетін
тұстарды назарда
ұстап, сыныптағы балалар қатарын қолдайтын икемді нұсқаларды ұсына алады.
Педагогтер сабаққа білім алушылардың әртүрлі қажеттіліктерін ескеретін
қолдауды қамтамасыз ететін икемді тәсілдерді қосу негізінде проблеманың
алдын ала алады.
Сабақты жоспарлау барысында педагог барлық білім алушыларға, оның
ішінде ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға қолжетімділікті
кеңейте алады. Бұл тәсіл педагогке сабақтарды әзірлеудің жүйелі
тәсілін
әзірлеуге дағдыландырады. Оған сәйкес педагог білім алушыға стандартқа
негізделген білімді игере алатындай икемді маршрут пен қолдауды
ұйымдастырады.
Негізінен UDL құрылымы үш негізгі қағидатқа негізделген (1-сурет).
1-сурет. Оқытудың әмбебап дизайнының негізгі қағидаттары
білім алушыларға
оқу материалын
ұсынудың әртүрлі
формалары
Достарыңызбен бөлісу: