Методические рекомендации по использованию современных ресурсов для образовательного процесса в условиях инклюзии



Pdf көрінісі
бет19/68
Дата29.12.2023
өлшемі2,41 Mb.
#144820
түріМетодические рекомендации
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68
Байланысты:
инкл каз

Мақсат
Әдістер
Ресурстар
Бағалау


90 
әртүрлі форматтарын қамтитын икемді жолдарды ұсына алады. Бұл педагог 
сабақты білім алушылар әртүрлі форматта бөз әңгімелерін баяндайтындай, бірақ 
ең соңында жазбаша ұсынатындай жоспарлай алады. Осылайша, өз білім 
алушылары үшін сабақтағы стратегиялары негізінде педагогтер оқу 
бағдарламасына қатысты мақсаттарды нақты құрылымдай алады. 
Мақсаттың нақты құрылуы маңызды. Себебі мақсат сабақтың өзге 
құрамдастарын (бағалау, әдістер, ресурстар) анықтайды. Мысалы, нақты бір 
сабақта мақсат барлық білім алушылардың «әңгіме жазуы» болса, кейбір білім 
алушылар үшін бұл кедергіге толы екендігін ескеру қажет.
Педагог жазуды жеңілдетудің әртүрлі тәсілдерін назарға ала алады. Кейбір 
білім алушыларға өз ойларын компьютерге және/немесе бағдарламалық 
жасақтамаға жазған ыңғайлырақ. Себебі олар сөздерді реттеуге немесе 
генерациялауға мүмкіндік береді. Бұл нұсқаларды сабаққа қоса отырып, педагог 
білім алушыларға мақсатқа қол жеткізуге септігін тигізе алады.
Ал егер мақсат білім алушылардың өз таңдауы бойынша әңгімені құруы 
болатын жағдайда, педагог білім алушыларға өз жұмысын дамыта түсуі үшін 
қолдау көрсете алады. Жоспарлау процесін нақты мақсаттан бастау негізінде 
педагогтер қосалқы құралдар жөнінде маңызды шешімдер шығара алады. Және 
оларды оқу қызметіне қоса алады (4-кесте).
4-кесте. CAST ұсынған оқу мақсатымен жұмыс үлгісі 
Мақсаттың үлгісі
Кедергілер 
Әрекеттер 
Ежелгі Мысыр жөнінде 
оқулықтағы 
тарауды 
оқу 
және 
жерлеу 
рәсімдері туралы 5000 
сөзден құралған есепті 
жазбаша жазу 
500 сөзден тұратын 
есепті жазғанда кейбір 
білім 
алушылар 
қиындықтарға 
тап 
болуы мүмкін. Себебі өз 
ойларын 
мұндай 
көлемде қағазға тиімді 
ұйымдастырып, түсіре 
алмауы мүмкін.
Білім алушылар Ежелгі 
Мысырдағы 
жерлеу 
рәсімдері 
жөнінде 
білгендерін 
көрсете 
білуі 
керек. 
Бірақ 
мұндайда 
оларға 
бірнеше нұсқа ұсыну 
керек (мысалы, есепті 
қолдан 
жазу, 
кино 
түсіру, 
презентация 
әзірлеу және т.б.). 
Білім алушылар бір ғана концепция мен дағдыларды үйренуі үшін әртүрлі 
құралдарды пайдалана алады. Мұндайда мақсат барлық білім алушылар үшін 
бірдей болып қала береді [82].


91 
Әдістер оқу процесінің негізінде жатыр. Бұл педагогтер сабақты өткізу,
ақпаратты жеткізу және білім алушыларды дағдылар мен мазмұнды игеру 
процесіне тарту үшін пайдаланылатын стратегиялар. Бағдарламаны жазуда, 
нақты мақсатты құрылымдауда және білім алушылардың қалай бағаланатынын 
шешуде педагогтер оқытудың әмбебап дизайнын оқыту стратегияларында 
әртүрлі тәсілдермен қолдана алады.
UDL принциптерін пайдалана отырып сабақтарды әзірлеуде педагогтерге 
оқытудағы әртүрлі қабілеттер мен артықшылықтар негізінде білім алушылардың 
дағдыларын дамыту және ақпаратты тиімді ұсыну жолдары жөнінде ойлану 
қажет. Бұл педагогтерден сыныптағы білім алушыларға ақпаратты, оқыту 
нұсқаларын ұсынуда икемді болуларын қажет етеді.
Төменде берілген кестеде педагогтер UDL принциптерін жүзеге асыру үшін 
пайдалана алатын оқытудың кейбір әдістері, сондай-ақ білім алушылардың 
әртүрлі топтарын оқытудағы шешімдер белгіленген (5-кесте).
5-кесте. CAST ұсынған оқу әдістерімен жұмыс үлгісі [84] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет