Методические рекомендации по использованию современных ресурсов для образовательного процесса в условиях инклюзии



Pdf көрінісі
бет40/68
Дата29.12.2023
өлшемі2,41 Mb.
#144820
түріМетодические рекомендации
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68
Байланысты:
инкл каз

Сауаттылықты қолдау 
Субтитрлердің оқу және сауаттылық үшін де кең артықшылықтары бар. 
Дыбыс, мағына және мәтін арасындағы сәйкестікті анық көрсете отырып, 
субтитрлер әріп танып жатқан балаларға көмектесе алады. Субтитрлі 
видеоларды көретін балалар видеода естілген сөздер мазмұнын анықтауға, жаңа 
сөздерді айтуға, сөздік элементтерін тануға және бейнеде не болғандығы туралы 
қорытынды жасауға қабілетті. 
Сол секілді екінші тілді үйренуге арналған субтитрлері бар видеоларды 
қарайтын білім алушылар оқу және тыңдау, сөздерді тану, декодтау дағдылары, 
сөздік қорды байыту және мотивация кезінде түсінудің жақсарғанын көрсетті. 
Аффективті компонент те болуы мүмкін. Егер видео назар аудартатын болса, бұл 
қызығушылық танытқан оқырмандарды басып шығару арқылы көбірек ақпарат 
алуға және негізгі дағдыларды үйренуге ынталандыруы мүмкін. Қазіргі жас білім 
алушылар уақытының көп бөлігін экран алдында өткізеді, неге бұл уақытты 
жасырын субтитрлерді қосу арқылы сауаттылықты жақсарту үшін 
пайдаланбасқа? 
Көптеген адамдар өздерінің видео мазмұнын экранға қарау әрдайым мүмкін 
емес жерлерде (ішінара мобильді технологияның дамуына байланысты) қараған 


112 
сайын, әмбебап дизайн ерекшелігі ретінде сипатталған медианың пайдалылығы 
айқынырақ болуы мүмкін [94]. 
UDL-дің негізгі принциптеріне оралсақ, ЮНИСЕФ ұсынған стратегияларды 
ұсынамыз, олардың көмегімен педагогтер ақпаратты жақсырақ ұсына алады. 
Төмендегі кестеде педагогтер қандай әдістерді қолдана алатындығы, олардың 
көмегімен қандай ақпарат бере алатындығы жөнінде ақпарат берілген [95]. 
6-кесте. Оқытудағы ЮНИСЕФ стратегиялары 
Қабылдау стилі /
оқудағы қиындықтар 
Педагогтің стратегиясы 
Визуалдар (оның ішінде есту 
қабілеті 
зақымдалған 
білім 
алушылар) 
Заттар 
немесе 
суреттер 
(фотосуреттер, бейнелер); ақпаратты 
түрлі 
түсті 
кодтау; 
визуалды
органайзерлер 
Аудиалдар (оның ішінде көру 
қабілеті 
зақымдалған 
білім 
алушылар) 
Дәріс немесе талқылау негізінде 
оқыту, 
құрдастарымен 
іс-шара, 
аудиокітаптар, 
мәтінді 
сөзге 
айналдыратын 
бағдарламалық 
жасақтамалар 
Оқуда 
немесе 
зейінін 
шоғырландыруда қиындықтары бар 
балалар 
Ақпараттың 
кішкентай 
бөліктері, жиі қайталаулар, мәтіндік 
материалдардың әртүрлі деңгейлері, 
мысалдар, 
оқытудың 
нақты 
тәжірибесі 
Кинестетиктер немесе белсенді 
балалар 
Практикалық оқыту, заттарды 
ұстап көру, тактильді графика, жиі 
қозғалу, жобалар негізінде оқыту 
Мәдени 
ерекшеліктері 
бар 
балалар 
Мәдени ерекшеліктеріне сәйкес 
келетін 
материалдар 
және 
әдістемелік құралдар
Сынып кабинетін жарақтандыру кезінде білім алушылардың әртүрлі жеке 
қажеттіліктерінің көрініс табуы қажет. Білім алушылардың арасында ерекше 
білім беруді қажет ететіндерінің болуын назарда ұстау қажет.
Мысалы, көру қабілеті зақымдалған білім алушыға тактильді ақпаратқа 
қолжетімділік қажет. Есту қабілеті зақымдалған білім алушыға дыбыстық 
ақпаратқа жүгінуді қажет етпейтін ақпарат қажет. Кейде зерделенетін 
материалдардың дыбысын күшейту қажет болуы мүмкін. Аутистік спектр 
бұзылыстары бар білім алушыларға оқу күні ішіндегі оқу материалдары нақты 


113 
бейнелеген картинкалары бар график қажет болуы мүмкін. Физикалық 
ерекшеліктері бар білім алушыға манипуляциялық мүмкіндіктерді қамтамасыз 
ету үшін оқу материалдарын бейімдеу қажет болуы мүмкін.
Қандай да бір сабақтарға қатысты білім алушылардың академиялық 
бастапқы білімдері ерекшеленуі мүмкін. Барлық білім алушылар көру, есту 
немесе кинестетикалық құралдардың көмегімен оқытуды қажет ететін оқу 
процесіне артықшылық береді. Кейбір білім алушылардың тілдік ерекшеліктер 
болуы мүмкін.
Педагог сабақты әзірлеген кезде барлық білім алушыларының жеке 
мүмкіндіктері мен ерекше қажеттіліктерін ескеруі тиіс. Материалды әзірлеуде 
көп нұсқалы және икемді варианттарды, оқу құралдарын таңдау сыныптағы 
барлық білім алушыларды тиімді оқыту мақсатында жүзеге асуы тиіс. 
Материалдарды әзірлеу кезінде икемді тәсілдер негізінде барлық білім 
алушылардың қажеттіліктерін ескеру оқыту жолындағы кедергілерді 
айтарлықтай азайтып, білімге және жаңа дағдыларға қолжетімділікке әрбір білім 
алушының мүмкіндіктерін кеңейте түседі.
Балаларды оқытудағы қиындықтарды түсіне білу педагогтерге ақпаратты 
білім алушы максималды түсінетіндей етіп әзірлеп, жоспарлауға мүмкіндік 
береді. 
Оқытуды қолдауға арналған оқу материалдары жоғары технологиялық 
немесе жергілікті материалдардан әзірленген болуы мүмкін.
UDL құрылымына сәйкес жалпыға қолжетімді оқу жоспарын құрудың 
екінші жетекші принципі білім алушыларға білім беру және алған білімдерін 
көрсету бойынша икемді тәсілдерді қамтиды. Білім алушылардың өз білімдерін 
көрсете білуінің маңызы зор. Себебі педагог білім алушының мазмұнды 
қаншалықты меңгергенін, білім мен дағдыларға қаншалықты ие болғанын 
бақылай алады. Ал кейбір білім алушылар процестерді меңгеруге бағытталған 
қолдау өмір бойы білім алуда стратегиялық дағдыларды дамытуда және 
прогресті басқаруда, мақсаттарды анықтауда көмектесетін болады.
Білім алушылардың материалды түсінгенінің әртүрлі түрлерін білім 
алушылармен қарым-қатынасқа түсу үшін ауызша және жазбаша сөйлеу, 
суреттер, ым немесе пәндерді манипулияциялау секілді әдістер көмегімен іске 
асыруға болады.
Білім алу және ақпаратты басқаруда білім алушыларға қолдау көрсетуді 
модельдеу, үлгілер, нақты нұсқаулықтар, жеке құралдар, қолда бар ресурстар, 
интернет-дереккөздерден алынған ресурстар арқылы қамтамасыз етуге болады.
Төмендегі кестеде білім алушылардың өз білімін көрсетуінің бірнеше 
әдістері келтірілген (6-кесте).


114 
7-кесте. Білім алушылардың өз білімдерін көрсетуінің кейбір әдістеріне 
мысалдар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет