Методические рекомендации по использованию современных ресурсов для образовательного процесса в условиях инклюзии



Pdf көрінісі
бет66/68
Дата29.12.2023
өлшемі2,41 Mb.
#144820
түріМетодические рекомендации
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


172 
Қосымша 
«Білім 
беру 
объектілеріне 
қойылатын 
санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 
тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы 
URL: 
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100023890#z547
  
5-тарау. Оқыту және өндірістік практика жағдайларына қойылатын 
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 
80. Ойын және спорт алаңдарының жабдықтарын қоса алғанда, жиһаз бен 
жабдық білім алушылар мен тәрбиеленушілердің бойына және жасына сәйкес 
келеді. Спорт, ойын жабдығы жарамды күйде ұсталады. 
81. Оқу жиhазын іріктеп алуды білім алушылардың бойына сәйкес 
жүргізеді. Оқу жиһазының өлшемдері осы Санитариялық қағидаларға 5-
қосымшада көрсетілген. 
82. Объектілерде оқу кабинеттері, зертханалар жұмыс үстелдерімен, 
арқалығы бар орындықтармен жабдықталады. 
Мынадай білім алушылар мен тәрбиеленушілер: 
есту, көру қабілеті бұзылған білім алушылар мен тәрбиеленушілер тақтаға 
жақын, алдыңғы қатардағы үстелдерге; 
жиі суық тиіп ауыратын білім алушылар мен тәрбиеленушілер сыртқы 
қабырғадан алыс отырғызылады. 
83. Оқу үй-жайларындағы жиһаз сол жақ бүйірден табиғи жарықтандыру 
қамтамасыз етіле отырып, орнатылады. Негізгі жарық ағынының білім алушылар 
мен тәрбиеленушілердің алдынан және арт жағынан түсуіне жол берілмейді. 
84. Физикалық және химиялық реагенттерді пайдалана отырып, 
зертханалық жұмыстарды жүргізу үшін физика мен химия кабинетіндегі 
демонстрациялық және оқу зертханалық үстелдерге электр энергиясын жүргізу, 
химия кабинетінде (орталықтандырылған сумен жабдықтау болғанда) су және 
кәріз жүргізу көзделеді. 
Химия кабинетінде сыртқа тарту шкафы жабдықталады. 
85. Тәжірибелер жүргізу үшін пайдаланылатын химиялық реагенттер
қышқылдар мен сілтілер таңбаланады, жауапты адамның бақылауымен арнайы 
бөлінген сейфте сақталады. 
86. Оқу шеберханаларында мамандандырылған верстактарда және 
үстелдерде жұмыс істеу кезінде өздерінің мақсатына сәйкес арқалығы жоқ 
көтеріліп-бұрылатын отырғыштар қолданылады. 
87. Шеберханалар шуы аз жабдықпен жарақталады, шу мен діріл деңгейлері 
нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес келеді. 
88. Спорт залдарының жанындағы киім шешетін орындар киімге арналған 
шкафтармен немесе ілгіштермен және орындықтармен жабдықталады. 


173 
89. Спорттық төсеніштер мен снарядтардың жабыны (қаптамасы) ылғалды 
тәсілмен өңдеуге және дезинфекциялауға жол беретіндей бүтін болады. 
90. Секіруге арналған шұңқырларды үгінділер қосылған таза құммен (тас, 
бұтақтар, жапырақтары жоқ) толтырады, секіру алдында іші қопсытылады және 
тегістеледі. Шұңқырлардың ағаш ернеулері жердің бетімен бір деңгейде болуы 
тиіс, олар брезентпен немесе резеңкемен қапталады. 
Жүгіру жолдарының бетінің қатты, жақсы құрғатылатын жабыны болуы
нығыз, шаңданбайтын, атмосфералық жауын-шашынға төзімді жоғарғы қабаты 
болуы тиіс. 


174 
«Білім беру объектілеріне 
қойылатын санитариялық- 
эпидемиологиялық талаптар» 
санитариялық қағидаларына 
5-қосымша
Оқу жиһазының өлшемдерi 
№ Жиhаздың 
нөмiрлерi 
Оқушылар 
бойының тобы 
(миллиметрмен) 
Білім 
алушыға қараған 
үстел жиегiнiң 
еденнен биiктiгi 
Орындықтың 
алдыңғы жиегiнiң 
еденнен биiктiгi 







1000 – 1150 
460 
260 


1150 – 1300 
520 
300 


1300 – 1450 
580 
340 


1450– 1600 
640 
380 


1600 – 1750 
700 
420 


1750-ден жоғары 
760 
460 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет