164
Қорытынды
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жаңғыртудың гуманистік
бағыты бар, онда жалпы білім беру ұйымдарында
ерекше білім беруді қажет
ететін балаларға білім беру ерекше орын алады. Біздің республикамыздың
мемлекеттік білім беру саясатының көптеген стратегиялық құжаттарында
инклюзивті білім беруді дамыту мәселелеріне көп көңіл бөлінеді.
Инклюзивті білім беруді тиімді іске асыру үшін
барлық балалардың
қабілеттері мен мүмкіндіктеріне қарамастан білім беру қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін икемді білім беру ортасын құру қажет. Қазіргі заманғы
педагогтер, білім беру ұйымдарын психологиялық-педагогикалық
қолдау
қызметінің мамандары, ата-аналар білім алушылардың жеке қажеттіліктеріне
бейімделуге, олардың толыққанды дамуы мен өзін-өзі дамуына жағдай жасауға,
бір-бірімен өзара іс-қимыл жасай білуге дайын болуы тиіс. Осыған байланысты
педагогтерде инклюзивті
білім беру ортасын құру, оның ішінде оны
ұйымдастыру үшін әртүрлі оқу-әдістемелік ресурстарды қолдану мәселелерінде
психологиялық-педагогикалық құзыреттілікті дамыту қажеттілігі туындайды.
Инклюзивті білім беру саласындағы маңызды міндет инклюзия
мақсаттарына сәйкес келетін білім беру ұйымының
мәдениетін қалыптастыру
болып табылады. Бұл кез келген білім беру ұйымының білім беру кеңістігіне
қойылатын талаптарды белгілейді: ұйым әртүрлі мүмкіндіктері бар балалардың
білім беру қатынастарына енгізуге дайын болуы керек.
Инклюзия мұндай баланы білім беру ұйымына «механикалық» қосуды ғана
білдірмейді. Бұл ұйымда кедергісіз орта құру психологиялық-педагогикалық
қолдау мамандарының осындай баланы қажетті
қолдауын қамтамасыз ету
арқылы баланы қабылдау атмосферасынан бастап, баланы бейімдеу және оқыту
үшін қажетті техникалық және архитектуралық өзгерістер енгізуге дейін ерекше
білім беруді қажет ететін баланы бейімдеу үшін қажетті әртүрлі жағдайлардың
кең спектрін құруды қамтиды.
Инклюзия ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды жалпы білім беретін
мектеп жағдайына бейімдеуге емес, осы жағдайлардың өзі білім алушылардың
барлық санаттарының қажеттіліктеріне бейімделуі үшін мектептердегі оқу
жағдайларын өзгертуге бағытталған. Әрине, бұл үшін білім алу үшін
қолжетімділік пен тең мүмкіндіктер жеткіліксіз,
білім алушылардың ерекше
қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес заманауи білім беру
ресурстарын қолдана отырып, қажетті құралдармен жайлы білім беру ортасын
құру қажет.
Әдістемелік ұсынымдар педагогтерге,
мектеп әкімшілігінің, әдістемелік
кабинеттердің өкілдеріне, білім басқармалары мен бөлімдерінің мамандарына әр
баланың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз етуде, «баршаға білім беру»
қағидатын іске асыруда көмек көрсетуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: