Методические рекомендации по использованию современных ресурсов для образовательного процесса в условиях инклюзии



Pdf көрінісі
бет16/68
Дата29.12.2023
өлшемі2,41 Mb.
#144820
түріМетодические рекомендации
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68
Байланысты:
инкл каз

Оқыту мен оқудың нәтижесі қандай болмақ? 
UDL-ді қабылдау білім беру ұйымдарына білім алушылардың кең тобын 
тартуға көмектеседі. Педагогтер үшін барлық білім алушылардың табысты білім 
алуы тиімді. Әсіресе, бұл білім алушылардың басым бөлігімен табысқа жету 
мүмкіндігі куәландырылған жағдайда тиімді. Мүгедектіктің немесе 
қажеттіліктердің қандай да бір түрлеріне бағдарланған бағдарламалар мұндай 
білім алушыларды қалған сыныптан бөлектетеді. UDL болса, оқытудың көптеген 
тәсілдері бар тәсілді ұсынады. Ол білім алушылардың көбіне пайдалы әрі оларды 
бірегей қолдауды қажет етуіне тәуелді етпейді.
Оқытудың әмбебап дизайны қандай да бір жаңа қадамдар мен 
инвестицияларды талап еткенімен, кейбір білім алушылардың мектепте 
сегрегацияға ұшырауы, оқуды тастап кетуі, апатияға түсуі секілді мәселелерді 
шешуде тиімді тәсіл болып табылады [78].
UDL-ды стандарттар негізінде сабақ әзірлеуде пайдалану
UDL ұсынымдарын пайдалана отырып, педагогтер қолдаудың икемді 
нұсқалары мен құралдарын интеграциялай алады. Олар стандарттарға 
негізделген сабақтар сыныптарда білім алушылардың кең тобына қолжетімді 
болуына кепілдік береді. Сабақты жоспарлау барысында педагогтер UDL-ды 
пайдалану нәтижесінде академиялық стандартқа сәйкес келетін нақты 
мақсаттарды анықтай алады, әртүрлі білім алушылардың қажеттіліктеріне қарай 
әртүрлі икемді әдістер, бағалар және материалдарды әзірлей алады. Жалпы білім 
беретін және арнайы білім беру педагогтері бұл процесті сабақтардың 
инклюзивті жоспарын әзірлеуде пайдалана алады. Бұл жоспарлар тек мүмкіндігі 
шектеулі балаларды ғана емес, барша балаларды қамтиды.
Ерекше қажеттіліктері бар білім алушылар барлық сыныпта бар. Әртүрлілік 
әдетте білім алушылардың қабілеттері деп қарастырылғанымен, қажеттіліктер 
қандай да бір категориямен шектелмейді. Білім алушылардың қажеттіліктері 
әртүрлі формада көрініс табады және мектептегі алған біліміне әсер ететін жеке, 
тұлғалық қасиеттерден тұрады.
Мысалы, білім алушылар ақпаратты түрліше қабылдайды және әртүрлі 
қарқында жұмыс істейді. Олардың отбасылық шығу тегі де әртүрлі болуы мүмкін 
және олар сыныпқа әртүрлі білім мен тәжірибе қосады. Балалар тапсырмаларды 
орындаудың өзіндік стилімен ерекшеленеді (мысалы, кейбір балаларға жазған 


84 
жеңіл, кейбір балаларға ол керісінше қиынға соғады). Сондай-ақ балалар 
сыныпта қарым-қатынасқа түсу стилімен (кейбір балалар тұйық болса, кейбір 
балалар керісінше сөзшең келеді), ақпаратты ұйымдастыру және өңдеу 
жолдарымен ерекшеленеді.
Шетелдік ғалымдар (Мейер, Роуз және Гордон, 2014) атап өткендей
«тұлғалық қабілеттер мен қасиеттер үнемі өзгерісте болады және адамның 
ішінде емес, оның өзін қоршаған ортасымен қарым-қатынасында өмір сүреді. 
Үнемі күрделі, өзгермелі динамикалық баланста болады». Кез келген сыныпта 
білім алушының өзгеруі факторлардың күрделі құрылымын түзеді. Мұны 
педагог барлық білім алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратындай 
оқыту процесін ұйымдастыруда ескеруі тиіс. Әрбір сыныпқа, білім 
алушылардың әртүрлі қажеттіліктерін ескере отырып, академиялық 
стандарттарға сәйкес келетін сабақтарды дайындау – әрбір педагогтің міндеті.
Білім алушылардың қажеттіліктері әртүрлі болады деген сөз педагогтің 
әрбір білім алушыға UDL негізінде бірегей сабақ құруы қажет дегенді 
білдірмейді. Білім алушылардың қажеттіліктері жүйелі және белгілі 
болғандықтан, педагогтер білім алушылар ерекшеленетін тұстарды назарда 
ұстап, сыныптағы балалар қатарын қолдайтын икемді нұсқаларды ұсына алады. 
Педагогтер сабаққа білім алушылардың әртүрлі қажеттіліктерін ескеретін 
қолдауды қамтамасыз ететін икемді тәсілдерді қосу негізінде проблеманың 
алдын ала алады.
Сабақты жоспарлау барысында педагог барлық білім алушыларға, оның 
ішінде ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға қолжетімділікті 
кеңейте алады. Бұл тәсіл педагогке сабақтарды әзірлеудің жүйелі тәсілін 
әзірлеуге дағдыландырады. Оған сәйкес педагог білім алушыға стандартқа 
негізделген білімді игере алатындай икемді маршрут пен қолдауды 
ұйымдастырады.
Негізінен UDL құрылымы үш негізгі қағидатқа негізделген (1-сурет).
1-сурет. Оқытудың әмбебап дизайнының негізгі қағидаттары
білім алушыларға 
оқу материалын 
ұсынудың әртүрлі 
формалары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет