88
диапроекторды әр күні негізгі идеялардың жинағын бейнелеу үшін пайдалана
аласыз. Бұл ресурс білім алушылар өз түсінгенін қолдау үшін таңдай алатын
жұмыс кеңістігі болып қалуы мүмкін.
Өзіңізден сұраңыз
:
- білім алушылар құралдарды, материалдарды және ресурстарды пайдалана
алатын оқу ортасы кеңістігін қалай құра аламын?
- бұл ресурстарды оқыту процесінде пайдалану бойынша білім
алушылармен қалай ойластырамын?
3. Цифрлық ресурстар мен материалдарды біріктіріңіз
Цифрлық ресурстар дәстүрлі баспа материалдарында жоқ икемділікті
ұсынады. Цифрлық мәтін кейбір білім алушылар үшін маңызды, бірақ барлық
білім алушылар қажет болмауы мүмкін функцияларды қамтуы ықтимал.
Мысалы:
- мәтінді сөзге айналдыру құралдары көмегімен дауыстап айту мүмкіндігі;
- контентті бейнелеу икемділігі (түс, контраст, өлшем);
- шынайы уақыт режимінде ескертпелерді құру, сөздіктер, қолдаудың
кіріктірілген құралдары;
- ашық және жабық титрлер;
- видео үшін аудио сипаттамалар;
- суреттерді сипаттау.
Өзіңізден сұраңыз
:
Достарыңызбен бөлісу: