Методические рекомендации по использованию современных ресурсов для образовательного процесса в условиях инклюзии



Pdf көрінісі
бет50/68
Дата29.12.2023
өлшемі2,41 Mb.
#144820
түріМетодические рекомендации
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   68
Байланысты:
инкл каз

 
Кейс-метод 
 
Психикалық дамуы тежелген, есту қабілеті нашар және көру қабілеті нашар 
білім алушылар үшін кейстерді жеңілдетуге және әртүрлі материалдарды 
қамтуға болады: мультфильмдердің үзінділері, әдеби шығармалар, картиналар, 
тұрмыстық жағдайлар. 
Олардың кейбірін қарастырайық. 
№ 1 кейс. Ганс Христиан Андерсен. «Түймеқыз» (фрагмент) 
- Қандай керемет гүл! – деді әйел әдемі түрлі түсті жапырақшаларды сүйіп. 
Бірдеңе шырт етіп, гүл лезде гүлдеді. Бұл қызғалдақ болды, бірақ гүлдің 
ортасында жасыл орындықта кішкентай қыз отырды. Ол өте нәзік, кішкентай, 
бойы түймедей болды және оған «Түймеқыз» деген лақап ат берілді. Түпнұсқа 
туындыда Түймеқыз Thumbelina деп аталады. Бұл жердегі дюйм сөзін Батыс 
Еуропа елдерінде өлшем бірлігі ретінде (2,54 см) пайдаланған. Бұл бас бармақ 
ұзындығы. Біздің елімізде де халықтық өлшем атаулары бар. Кезінде өлшем 
бірліктері болмағанда осы атаулар қолданылған.
Тапсырма. Қазіргі уақытта халықтық өлшем атауларынан неге бас тартқан? 
№ 2 кейс 
Көптеген балалар үшін теориялық материалды логикалық әңгіме ретінде 
меңгеру және түсіну мүмкін емес. Білім алушылар «суретті» көрмесе, қиналады. 
Әрекеттер бейнесін құру үшін белгілі әдеби туындылар және оларға 
иллюстрацияларды кейс түрінде пайдалануға болады. 
Мысалы «Жұмыс» тақырыбын үйренуде И.А. Крыловтың «Аққу, шортан 
һәм шаян» мысалын пайдалануға болады (10-сурет).


132 
10-сурет. Мысалға иллюстрациялар 
Тапсырма. Қаншама күш жұмсалғанымен, жүк неге орнынан қозғалмады? 
Аққу, шортан, шаянның ортақ жұмысы неге тең?
«Биология» пәні педагогтеріне арналған ұсынымдар 
Дамытушы тапсырмалар 
Үлгінің көмегімен тапсырма орындау
. Бұл сызбаларды толтыру, суретте 
объект бөліктерін белгілеу бойынша тапсырмалар болуы мүмкін. Мұндайда оқу 
материалын бірінші кезекте оқулық көмегімен білім алушылармен талдау керек. 
Содан кейін ғана дәптерге тапсырмаларды орындау керек.
Білім алушылардың ұсақ моторикасын дамытуға бағытталған 
тапсырмалар. 
Білім алушылардың пластилин модельдермен жұмысы 
моториканы дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар мұндай жұмыс 
шыдамдылыққа, зейіннің шоғырлануына, еңбексүйгіштікке тәрбиелейді, 
қабылдауды дамытады, білім алушылардың жазбаша жұмысқа, жалпы биология 
сабағына қызығушылығын арттырады.
Түзете-дамытушы тапсырмалардың түрлері:
1. Түрлі түсті аппликация
2. Штрихтау 
3. Суретті бейнеден көшіру 
4. Суретте неше жәндік бейнеленген? Жәндіктерді атаңыз.
 
11-сурет. Контуры бойынша жәндіктерді таны 


133 
12-сурет. Мағыналық байланысты тап 
Назарды, кеңістіктік қабылдауды, бейнелі ойлауды түзетуге және дамытуға 
бағытталған ойын жаттығулары: 
1. «Мағыналық байланысты тап» (12-сурет). 
2. «Байланыссыз сөздер» – білім алушыларға әріптер тізбегінен өздеріне 
таныс сөздерді жазып алып, оларды не біріктіретінін анықтау ұсынылады. 
а) ауызқуысытіссілекейтіл; 
б) жұтқыншақөңешасқазан; 
3. Артығын табыңыз. 
Рис. 3.10. Один лишний 
4. «Топтарға бөліңіз». Тірі организмдерді топтарға бөл: қоян, алабұға, қайың, 
шыбынжұт, қырыққұлақ, аю, бұлан, жеуге болатын саңырауқұлақ, қарағай, 
шортан. Білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар 
кестемен толықтырылуы мүмкін (10-кесте).
10-кесте. Топтарға бөліңіз 
Өсімдік 
Саңырауқұлақ 
Балық 
Жануар 
Жеке оқыту технологиясы 
«ТАҢДАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР» жаттығуы 
Ватманға ойын алаңының суреті салынады. Ол қалталары бар 9-12 
квадраттан тұрады. Әрбір квадраттың өз атауы бар. Қалталарға әртүрлі 
деңгейдегі күрделілігі бар карточкалар салынады. Карточкалардың бірінші 
қатары күрделіліктің жеңіл деңгейіне, екіншісі орташа деңгейге, үшіншісі жоғары 


134 
деңгейге сәйкес келеді. Таңдалған өріске сәйкес білім алушы белгілі бір балл 
санын жинай алады. А1, Б1, В1 – 1 балл; А2, Б2, В2 – 2 балл; А3, Б3, В3 – 3 балл. 
Бұл жаттығу биология курсының кез келген тақырыбына қолдануға келеді.
 
Кейс-технологиялар 
№ 1 кейс. Тірі организмдердің көп түрлілігі жөнінде қазіргі түсініктерді 
зерделеу үшін білім алушыларға келесі жағдайды ұсынуға болады: «Айгүл 
Асанқызы үнемі ұқыптылығымен ерекшеленетін. Сол қасиетінің арқасында 
подъездегі ең ұқыпты үй шаруасындағы әйел титулына ие болған болатын. 
Күндердің бір күнінде ол жуынатын бөлменің кафелінде жағымсыз жұғынды 
байқады.
- Бұл не?! – деп Айгүл Асанқызы баспалдақ алаңындағы көршісінен шошып 
сұрады.
Көрші мұның саңырауқұлақ болуы мүмкін екендігін айтты».
Мәтінге қатысты сұрақтар: 
Бұл саңырауқұлақ болуы мүмкін бе? 
Басқа тірі организмдер ше? (мысалы, өсімдіктер). 
№ 2 кейс. «Ағаштар мен саңырауқұлақтардың достығы жөнінде» ертегісі 
Жас көктеректі орманда бір күні қатты, ашық түсті саңырауқұлақ пайда 
болды. Ол өте әдемі болды: қызық телпегі болды. Уақыт өте келе саңырауқұлақ 
өсіп, орман тұрғындарынан көптеген жағымды комплименттер жинай бастады. 
Ақырында дандайсып кеткені соншама, көршілерімен – жас көктеректермен 
амандасуды қойды. Саңырауқұлаққа олар ұсқынсыз әрі көңілсіз көрінді. Ол өзінің 
мұндай көршілермен тұратынына ұялатынын айтты. Қарапайым жас көктеректер 
мұндай рақымсыздыққа төзбей, кеудемсоқ саңырауқұлақты орнына қоймақ 
болды. Оған тамақ беруді қойды. Нәтижесінде саңырауқұлақ жүнжіп, ауырып, 
сұлулығынан ешнәрсе қалмады. Өз күшін жинап, жас көктеректерден кешірім 
сұрады. Өзінің өсуіне көмектескен жандарды ендігіде ренжітпейтініне сөз берді. 
Содан кейін олар бір-біріне көмектесіп, татулықта өмір сүруде.
Тапсырма: 
Бұл ертегіде қандай биологиялық құбылыс сипатталған? Симбиоз, микориза, 
саңырауқұлақ жіпшесі сөздерін пайдалану негізінде бұл ертегінің мазмұнын 
айтып беріңіз.
№3 кейс. 6-сыныптың Биология сабағында «Дәрілік өсімдіктер» тақырыбы 
бойынша кейс өлең түрінде беріле алады (11-кесте).
Емдейді жалбыз невралгияны, 
Ал қызылша гипертонияны.
Құлпынай тұзды азайтады, 
Ал шалфей тіс ауруын басады, 
Нефритке қарсы қарбызды, 
Артритке қарсы қызылжидекті жеңіз. 
Көбірек күш болу үшін, 
Андызды ұмытпаңыз, 


135 
Мүкжидек циститті, 
Шалғам жөтел және бронхитті емдейді, 
Бас ауырғанда шеңгел ем, 
Ал таңқурай қосылған шай тұмауға ем. 
Бауыр шетенмен, 
Жүрек жалбыз және бүргенмен емделеді.
Шайқурайды ұмытпаңыз,
Онымен шай жиі ішіңіз. 
Итмұрын тұнбасын да ішіңіз, –
Сергек, жап-жас болып жүре беріңіз! 
11-кесте. Өлең жолдарын пайдалану негізінде кестені толтырыңыз 
Ауру
Дәрілік өсімдік 
Барлық ауруларды дәрілік өсімдіктермен емдеп шығаруға болады ма? 
Тізімдегі өсімдіктерден ағзаға жалпы қуаттандырушы әсер ететін 
өсімдіктерді атаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет