Методические рекомендации по изучению предмета «Физическая культура»



бет26/92
Дата08.11.2022
өлшемі13,46 Mb.
#48449
түріМетодические рекомендации
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   92
Байланысты:
rekomend-fizkultura-5-9-klassy-obnovlenka

«Ойыннан тыс» ережесі. Допты тепкен кезде, өз командасындағы басқа ойыншы қарсыластың қақпасы алдында тұрған жағдайда және оның алдында қақпашыдан басқа қорғанатын команданың ойыншылары болмаған жағдайда осы ереже қолданылады. Дегенмен егер ойыншы алаңның өз жартысында болса, қорғанатын команданың ойыншысы допты тепсе, бұрыштан соғу кезінде немесе бүйір қапталдан допты лақтыру кезінде «ойыннан тыс» ережесі тағайындалмайды. Футболда ережелер шегінде ойыншыларды итеруге және тосқауыл қоюға (иығымен, денесімен) рұқсат етіледі.
Ойыншы ережені қасақана бұзған жағдайда айып алаңынан соғуды белгілейді. Осы ережені бұзған жағдайда айып алаңында он бір метрлік соққы – пенальти белгіленеді. Пенальтиді орындау барысында қақпашы мен допты соғатын ойыншыдан басқа ойыншылардың барлығы айып алаңы мен доғаның сыртында тұруы керек. Соққы жасалмай тұрып, қақпашы аяғын сызықтан қозғалтуға болмайды. Соғатын ойыншы допты алға бағыттауы тиіс. Сондай-ақ, допқа келесі ойыншының бірі қолын тигізбейінше, оны қайта алуына болмайды. Пенальти ойын уақыты аяқталғанда да белгіленуі мүмкін (ол үшін уақыт қосылады).
Ереже қасақана бұзылған жағдайда еркін соққы тағайындалады. Қақпаға еркін соғылған доп есептелмейді (оған өзінің немесе қарсылас командадағы кез келген ойыншының аяғы тиюі керек).
Ойын ережелері жүйелі бұзыла беретін болса, ойыншыға ескерту жасалады, ал одан әрі бұзатын болса (қимыл-ишарамен, сөзбен), ойыншы алаңнан қуылады.
Бүйір сызықтан шығып кеткен допты алаң сыртына шыққан жерден лақтырады – доп лақтыратын адамның қолынан шықпайынша, аяқты жерден алмау қажет. Допты аяқтың астына тастауға болмайды. Қақпа сызығынан шабуылшыдан шығып кеткен допты қақпадан әрі соғып ойынға қосады. Қарсыластың қақпасына ұшып келген доп қақпадан соғылғаннан кейін есептелмейді.
Егер доп қақпа сызығынан қорғанатын команда ойыншысынан алаң сыртына шығып кетсе, онда бұрыштан соғу тағайындалады. Доп сыртқа шыққан қапталдан соғылады. Соғу алдында доп алаңның бұрыш секторында қозғалыссыз жатуы тиіс. Бұрыштан соғылған доп есептеледі.
Ойын барысында голды көп салған команда жеңіске жетеді. Соғылған доптардың саны бірдей болса, ойын тең аяқталады.
Ережені бұзу – ережені бұзған ойыншы командасының қақпасына қолды алға шығару. Ысқырық беріледі.
Ереже бұзылған жоқ – допқа ие ойыншының бағытына қарай қолды алға шығару. Алақанды ашып, жоғары бұру.
Айып соққысы – ережені бұзған ойыншы командасының қақпасына қарай қолды алға шығару. Ысқырық беріледі, содан соң айып соққысын жасау керек болатын бағытқа қолды меңзейді, доп соғу нүктені көрсетеді.
Айып соққысын орындау алдында – айып соққысын ысқырық белгісі бойынша соғу. Ысқырықты бас бармақ, сұқ саусақ және ортаңғы саусақпен ұстау, қолды жоғары ұстау.


9-сурет (Футбол ойынындағы төрешінің 6 қимыл-белгілері




1. Доп қақпаға дұрыс салынбады (1-сур.).
2. Берілген соққыны тебуге рұқсат ету (2-сур.).
3. Гол салынды – допты орталыққа (3-сур.).
4. Матчтың бірінші жартысы немесе ойынның уақыты аяқталды (4-сур.).
5. Ереже бұзылған жоқ, ойынды жалғастыру (5-сур.).
6. Еркін соғу (6-сур.)

ТӨРЕШІЛЕРДІҢ ҚИМЫЛ-БЕЛГІЛЕРІ


Қолды жай шығарып орындалатын қимыл-белгілер (мәні – бағытты қолмен сілтеу).
Пенальти –11 метрлік белгілеу.
Бұрыштан соғу – бұрыш секторы.
Қақпадан орындалған соққы қорғанатын команданың қақпасы, қолды горизонтальді қалыптан сәл көтеру, алақанды ашып, тігінен бұру.
Гол есептелді – алаңның орталық нүктесі.
Гол есептелген жоқ – гол салу алдында ереже бұзылған нүкте.
Ойыннан тыс – жағдайды бекіту кезінде ойыншы тұрған нүкте.
Ауыстыру – қосалқы төрешіге қарап тұрып, бас үстінен екі қолды бір-бірінен айналдыру қимылдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет